Молекулалық биология және медициналық


  сурет.    Дизентериялық  амебаның  даму  циклы



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата28.04.2022
өлшемі0,99 Mb.
#32630
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
паразитологя инф.дидак. блок каз

2  

сурет.    Дизентериялық  амебаның  даму  циклы. 

          

 

Ішек  амебасы  (Entamoebia  coli).  Патогенезі,  морфологиясы  дизентериялық  амебаға 

ұқсас.  Ол  да  вегетативті  формалармен  циста  түзеді,  бірақ  протеолитикалық  ферменттерді 

бөлмейді  және  ішек  қабырғасына  енбейді.  Оның  протоплазмасында  жұғылған  эритроциттер 

байқалмайды.  Цистада  әдетте  8  ядро  болады,  бірақ  кейде  ядролар  саны  ауытқуы  мүмкін. 

Entamoebia coli циста өлшемдері 13-25 мкм болады. 

 

Ауыз амебасы (Entamoebia gingivales). Адамда табылған бірінші паразиттік амеба. Бұл 

амеба жиі, кариозды тістер мен тістің ақ жабынында кездеседі. Денесінің өлшемдері 6-60 мкм 

арасында. Бактериялар және лейкоциттермен қоректенеді. Патогенді әсері анық емес. 



Алдын  алу  шаралары.  Жеке  алдын  алу  -тамақтанудың  алдында  және  дәрет  алғаннан 

кейін қол жуу, тамақ пен суды термиялық өңдеуден өткізу, жеміс-жидектерді жақсылап жуу, 

тамақ  және  суды  шаң  тозаңнан  және  шыбыннан  қорғау.    Қоғамдық    алдын    алу  -  қоғамдық 

орындарда:  су көздерінің, дүкендердің, жалпы пайдалану орындарының санитарлық жағдайын 

бақылау,  шыбындарға  қарсы  күрес,  гигиеналық  ілімді  дамыту,  қоғамдық  тамақтандыру 

қызметкерлерінің циста тасымалдаушыларын тексеру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет