Лямблия (Lamblia intestinalis). Бұл талшықты қарапайымдылар. Оны Харьков
университетінің профессоры Д. Лямбль 1859 жылы ашқан. Алғашқы рет жасанды қоректі
ортада лямблияларының культурасын А.Е. Карапетян 1960 жылы алған. Бұл оларды
электронды микроскоп арқылы зерттеп, биологиялық ерекшеліктерімен, емдеу әдістерінің
нәтижелерін анықтауға көмек береді.
Орналасуы. Лямблиялар ащы ішекте, ең бастысы ұлтабарда орналасады.
Географиялық таралуы - барлық жерде.
Морфологиялық ерекшеліктері. Өлшемдері 10-18 мкм. Денесі алмұрт тәріздес, оң және
сол бөліктерге бөлінген (3 сурет, Г). Барлық органиодтар мен ядролары жұпты. Ядроларының
арасында екі тіректі жіпшелер жатады. Денесінің ортасында жарты ай пішінді парабазальды
ядросы бар. Вентральды жағында сорғыш дискі бар, онымен иесінің шырышты қабатына
жабысады. Төрт жұп талшықтары бар. Қоректенуі осмостық. Лямблиялар циста түзе алады,
олар нәжіспен сыртқа шығып, қоршаған ортаға тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |