Вестник Алматинского университета энергетики и связи № 3 (54) 2021
37
мәліметтерге қол жеткізу үшін құрылымдық сұраныс тілі (SQL) қолданылады;
көптеген қосымшалар үшін сенімді таңдау;
құрылымдалған ақпаратқа жылдам және тиімді қол жеткізу.
Мысалдар:
MySQL
MariaDB
PostgreSQL
SQLite
2.2.2. OLTP дерекқоры
OLTP дерекқоры - бұл бірнеше пайдаланушылар орындайтын бизнес-транзакцияларды
жасауға арналған мәліметтер базасы (4-сурет).
Артықшылықтары:
Транзакциялық тәсіл нәтижесіндегі мәліметтердің жоғары сенімділігі мен негізділігі;
Транзакция толық немесе сәтті аяқталады, немесе аяқталмайды және жүйе бұрынғы күйіне
оралады. Операцияның кез-келген нәтижесі үшін деректердің тұтастығы бұзылмайды.
Кемшілігі - OLTP жүйелері шағын дискретті транзакциялар үшін оңтайландырылған. Ал
аналитикалық қосымшаларға (OLAP) тән кейбір кешенді ақпаратқа (мысалы, белгілі бір өнім
үлгісінің сату көлемінің тоқсандық динамикасы) сұраныстар кестелік қосылыстар мен кестелерді
толық көру операциясын күрделендіреді. Мұндай сұраныстың бірі көп уақыт пен компьютерлік
ресурстарды қажет етеді, бұл ағымдағы операцияларды өңдеуді баяулатады.
4-сурет. OLTP дерекқорының құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |