Алматинского университета энергетики и связи



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата29.04.2022
өлшемі0,92 Mb.
#32832
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
4-

 

 

 

2.3. NoSQL деректер қоры 


Вестник Алматинского университета энергетики и связи № 3 (54) 2021

 

38 


 

NoSQL - бұл стандартты реляциялық үлгіден өзгеше тәсілдерді ұсынатын деректер қорының 

түрлері  тобы.  NoSQL  «SQL  емес»  немесе  «тек  SQL  емес»  деп  аталады,  яғни  кей  жағдайларда  SQL 

типтес сұранысқа рұқсат етіледі . 

NoSQL  дерекқоры  немесе  реляциялық  емес  деректер  қоры  құрылымдалмаған  немесе 

жартылай  құрылымдалған  деректерді  сақтау  мен  өңдеу  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  NoSQL 

деректер қорының танымалдығы түрлі веб-қосымшалардың көбейіп, күрделене түсуіне байланысты. 

2.3.1. «key-value» дереқоры 

Ақпаратты сақтау үшін «key-value» (кілт-мән) дерекқорында сіз сақтағыңыз келетін кілт пен 

деректер объектісін  бересіз. Мысалы, JSON  нысаны,  сурет  немесе  мәтін. Деректерді сұрау  үшін сіз 

кілтті жіберіп blob-объектіні аласыз (5-сурет).  

 

 

5-сурет. «key-value» дерекқорының құрылымы 



 

 

Ерекшеліктері: 



 

сақтау қоймалары жылдам әрі арзан қол жетімділікті қамтамасыз етеді



 

негізінен  конфигурация деректерін  және  сөздіктермен  немесе  хэштермен берілген  мәліметтердің 



күйі туралы ақпаратты сақтайды

 



деректер  арасындағы  байланыстың  қатаң  схемасы  жоқ,  сондықтан  мұндай  деректер  қорында  әр 

түрлі типтегі мәліметтер бір уақытта сақталады

 

әзірлеуші кілт атауының схемасын анықтауға және мәннің сәйкес түрге / форматқа сәйкес болуына 



жауап береді. 

Мысалдар: 

  Redis 


  memcached 

  etcd 


 

2.3.2. Құжаттық деректер қоры 

Құжаттық деректер қоры (сонымен қатар құжатталған деректер қоры немесе құжаттар қоры) 

кілттер  мен  мәндер  қоймаларына  кірудің  және  іздеудің  базалық  семантикасын  қолданады.  Мұндай 

деректер  қоры  деректерді  бірегейлендіру  үшін  кілтті  қолданады.  key-value  дерекқорлары  мен 

құжаттар  қорының  айырмашылығы  мынада:  Blob-объектілерді  сақтаудың  орнына,  құжаттар  қоры 

деректерді JSON, BSON немесе XML сияқты құрылымды форматтарда сақтайды (6-сурет). 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет