Кеңес мәдениеті
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен
өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік
өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып
жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа
қауым», « тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы»,
сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын
басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына
балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың
бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды
бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық
болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы
ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма
болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика,
дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық
форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс
тілінде жазған
Ш. Айтматов
пен
О. Сүлейменовты
қалайша ұлттық мәдениеттен
аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка,
театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген
большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-
тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу
ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде
қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар,
үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық
тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес
Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды
орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден
астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет
мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау
жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума
мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа
ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге
алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті».
(Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы
маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат
дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман
халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр»,
«Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға
тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны
феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген
саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік
мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік
озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып
қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс —
буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі —
Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет»,
«империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика,
тілтану т.б. қойылды.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде
«кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін
қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен
суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған,
тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі
ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден
аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер
де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек
еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі
бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына,
мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару
жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді.
Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде
Қорытынды
көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасөз,
газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба»,
«сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның
мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы
кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна
жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз
өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың
ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында
біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов,
Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар,
социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз
шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер
суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге
бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде
көрермендерге ұсынылған «
Қыз Жібек»
, «
Айман — Шолпан»
, «
Қозы Көрпеш — Баян
сұлу»
, «
Ер Тарғын»
, «
Қалқаман — Мамыр»
сияқты опера, көркем фильм, балеттерді
атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету
мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда
республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-
мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда
тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді.
Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан
көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен
күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін
тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын,
кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып,
дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын
жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен
Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін
шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет.
Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық
топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман
Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті
қалыптастыруға мүмкіндік алды.
[2]
Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті
Тағы қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: |