3.11. Цилиндрдің қозғалыс механизмі және шеңберлі шұлықты автоматының жұмысын басқару механизмі. Автоматтың өнімділігі Цилиндрдің біржақты айналу қозғалысы кезіндегі оның
жылдамдығы, реверсивтік қозғалысы кезіндегі жылдамдықпен
салыстырғанда жоғарылауы мүмкін. Машинаның жетегінде, И>1 берлісті
қатынастары бар 12,11,6,4 цилиндрлі тісті дөңгелектерден тұратын (39-
сурет) бұрыштық жылдамдықты өзгертуге арналған тісті беріліс болады.
39-сурет. Цилиндрдің қозғалыс механизмі Машинаның негізгі білігінде 1 үш шкив орнатылған: бос жүрісті 9,
баяу жүрісті 8 және жылдам жүрісті 7. Баяу жүрісті шкив 8 және дөңгелек
12, негізгі білікке 1 еркін отырғызылған жалпы төлкеге 5 бекітілген.
Дөңгелек 12, негізгі білікке қозғалыс беретін ауыспалы муфтамен 13
ілінісуі мүмкін. Машинаның жылдам жүрісі, аспалы муфтаның редукторы
арқылы шкивтің 7 және дөңгелектің 11 айналу берілісімен жүзеге
асырылады. Муфта 13 дөңгелекпен 12 байланысқан және цилиндрге
қозғалыс береді. Төменгі бұрыштық жылдамдықпен цилиндрдің
қозғалысы, шкивтегі 8 белдемшенің қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.
Муфта, тісті дөңгелекпен 12 байланысты болып қалады. Цилиндрдің
айналу жиілігі, шкивтің айналу жиілігіне тең болады. Қазіргі заман
талабына сәйкес, машиналардағы цилиндрдің айналу жиілігі, үш
жылдамдығы бар электрқозғағышты ауыстырып қосумен өзгертіледі.