3.10. Шұлық-ұйық бұйымдар өндірісі. Бірцилиндрлі шеңберлі шұлықты автоматтар. Тоқу тығыздығын реттеу
Шұлық-ұйық бұйымдарын тоқуға арналған шеңберлі тоқу
машиналарын үш негізгі топқа бөлуге болады: 1) әйелдердің жіңішке
шұлықтарын және колготкилерін тоқуға арналған; 2) ұйықтар және
гольфилер тоқуға арналған; 3) балалардың колготкилерін тоқуға арналған.
108
Әйе
лдердің ұйықтарын және шұлықтарын тоқуға жоғарғы класты
(32-34) бірцилиндрлі шеңберлі шұлықты автоматтар қолданылады. Соңғы
кездері тоқу жылдамдығын, яғни инелі цилиндрдің айналу жиілігі 850-
1000 мин
-1
дейін жеткізіліп отыр. Машиналарда әртүрлі суреттері бар
бұйымдарды тоқуға мүмкіндік беретін сурет механизмдері орнатылған.
Машина бұйымды тартудың пневматикалық жүйесімен жабдықталған.
Ұйықтардың барлық түрлері (ер адамдардың, әйелдердің және
балалардың) көбінее, бірцилиндрлі шеңберлі тоқу автоматтарында
тоқылады. Ұйықты бірцилиндрлі машиналардың екі немесе үш
ілмекқалыптастыру жүйелері болады. Инелі цилиндрдің айналу жиілігі
220-400 мин
-1
.
Жоғары сапалы ұйық бұйымдарын және балалардың колготкилерін
тоқуға көбінесе 6-18 классты екі цилиндрлі шеңберлі тоқу машиналары
қолданылады. Инелі цилиндрлердің айналу жиілігі салыстырмалы түрде
жоғары емес және 165-тен 300 мин
1
арасында болады. Ілмекқалыптастыру
жүйелерінің саны үшеуден аспайды. Қазіргі кезде инелерді электронды
таңдауы бар және белгілі бағдарлама бойынша машинаның жұмысын
басқаруға арналған электронды құрылғылары бар екі цилиндрлі шеңберлі
тоқу машиналары шықты. Машиналардың түрлері өте көп, олар өз
елімізде де, шет мемлекеттерде де шығарылады.
Бірцилиндрлі шеңберлі шұлық автоматтарына келетін болсақ,
олардың ілмекқалыптастыру бөлшектеріне: тілшелі инелер, платиналар
және әр ілмекқалыптастыру жүйесінде 5-ке дейін жеткізілген саны бар
жіпжүргізгіштер жатады. Бірцилиндрлі автомат инелерінің ерекшелігіне
инелердің майысуына мүмкіндік беретін арнайы шұңқырының болуы
болып жатады. Иненің иілуінің нәтижесінде ине және цилиндр саңылауы
қабырғаларының арасында белгілі бір шамадағы үйкеліс пайда болады.
Өзінің сыртына салыстырмалы түрде қозғалатын платиналардың
бағыттағыш саңылаулары болады. Инелі құлып (36-сурет) сыналарымен
ине өкшесіне әсер ете отырып, цилиндр саңылауларында орналасқан
инелерге қозғалыс береді. Әр ине ілмекқалыптастыру жүйесінің алдында
горизонталь бағыт бойынша қозғалады. Мұндай жағдайда ескі ілмек
иненің ашық тілшесінде болады. Бұл жағдай толық емес бекіту
операциясының жағдайына сәйкес келеді. 2 және 4 сыналарды иілмелі деп
атайды, бірақ иненің оңнан солға қарай қозғалуы кезінде 4-ші сына
бекітетін немесе қорытындылайтын сына болып табылады. Бірақ мынаны
есте сақтаған жөн: иненің қайтымды қозғалысында бұл сына иілдіру және
қалыптастыру операциясын орындау үшін инелерді төмен түсіреді.
Иненің қозғалысы тарамдалған бағытта платинаның қозғалысымен
байланысты болып келеді.