127
Бламир-аппаратта ұзындығы 20 м жайғақ өндіріледі. Сондықтан оны
беймата жаймаларын дайындаудың үзіліссіз әдісінде қолданылады.
Сонымен қатар, бламир-аппарат өндіріс ауданын көп қажет етеді. Бұл
көптеген фабрикаларда екі кардты машиналарды бір-біріне қарама-қарсы
қойып, олардан шыққан тарамдарды бір құрылғыда талшықты жайғақта
қалыптастыруды ойластырды.
Мұндай жағдайда бламир-аппаратты қолдану тиімді. Бұл талшықты
жайғақты шығару жылдамдығын екі есеге арттырады.
Құрал-жабдықтардың былай орналасуы өндіріс ауданын үнемдейді
және қызмет көрсету шығындарын төмендетеді.
Талшықтары
көлденең
бағытта
орналасқан
жайғақтарды
механикалық әдіспен беймата материалдарын дайындау үшін қолданады.
Талшықтары бойлық-көлденең бағытта орналасқан талшықтарды
алу әдісін аралас әдіс деп атайды және онда алғашқы екі әдіс те болады.
Осы әдіспен алынатын талшықты жайғақтар мынандай жолмен
алынады. Бірнеше тарау машиналарынан өндірілген талшықтары бойлық
бағыттағы тарамға, талшықтары көлденең бағытта орналаксқан талшық
қабаты төселеді. Осы мақсатпен тарау машиналарын аралас орналастыру
жүзеге асырылады. Талшықтары бойлық бағытта орналасқан талшықты
жайғақтарды алу үшін, тізбектелініп орналасқан бірнеше машиналардың
біреуін немесе бірнешеуін жүк тасушыға перпендикуляр орнатады.
Аралас әдіспен алынған талшықты жайғақтар беймата
материалдарын желімді, тоқып-тігу, инемен тесу және киіз әдістерімен
өндірген кезде қолданады.
Талшықтары бойлық-көлденең бағытта орналасқан талшықты
жайғақтарды алудың артықшылықтарына мыналар жатады:
1) бойлық және көлденең бағытта жайғақтардың үлкен және тегіс
төзімділігі;
2) алғашқы екі әдіспен алынған жайғақтарға қарағанда
созылғыштығы және тұрақтылығы жоғары болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: