4.3. Талшықты жайғақтарды қалыптастыру әдістері және қолданылу облысы Беймата материаладарын алу үшін талшықты жайғақ негіз болып
табылады.
Талшықты жайғақты алудың бірнеше әдістері бар.
Талшықты жайғақтарда талшықтардың орналасу сипаттамасы
бойынша жайғақтардың екі негізгі түрін ажыратады: талшықтардың
бағытты және бағытсыз орналасуы.
Талшықты жайғақтар қалыптасуының 4 әдісі бар: механикалық –
яғни, талшықтары бағытпен орналасатын жайғақтарды қалыптастыру
үшін,
аэродинамикалық,
гидродинамикалық және
электростатикалық – талшықтары бағытсыз орналасатын жайғақтарды
қалыптастыру үшін қолданылады.
Жайғақтағы талшықтардың бағытты орналасуында талшықтың
негізгі массасы (50% және одан жоғары) белгілі бір бағытта ерекшелікпен
орналасатын жайғақтың құрылымы түсіндіріледі.
Жайғақтағы талшықтардың бағытсыз орналасуында талшықтардың
негізгі массасы белгісіз бағытпен орналасатын жайғақтың құрылысы
түсіндіріледі. Талшықты жайғақты дайынау әдісі және талшықтардың
бағыты бойынша оларды жеті түрге бөледі:
а) талшықтары бойлық бағытпен орналасқан жайғақтар;
б) талшықтары көлденең бағытпен орналасқан жайғақтар;
в) талшықтары бойлап-көлденең орналасқан жайғақтар;
г) талшықтары диагональ бағытпен орналасқан жайғақтар;
д) талшықтары диагональ-қиылысқан бағытпен орналасқан
жайғақтар;
е) талшықтары бойлық-диагональ-қиылысқан бағытта орналасқан
жайғақтар;
ж) талшықтары бағытсыз орналасқан жайғақтар.