134
арасындағы
саңылаудан
өтіп,
машинаның
ілмекқалыптастыру
бөлшектеріне келіп түседі.
Жіңішке металл таяқшалары түріндегі қозғалмайтын тор көз ВП-180
машинасындағы қозғалмайтын платиналардың қызметін атқарады, яғни
инеден талшықтың шығуы кезінде оны ұстап қалады және жаңа ілмектің
қалыптасуына және тартылуына шарт жасайды.
Ілмекқалыптастыру процесіндегі қозғалатын платиналар 4
қайтымды-үдемелі қозғалыстарын жасайды, яғни инемен жайғақты түйреу
кезінде алға қарай жылжиды және тоқу аймағын босата жұмыстан
шығады.
Осындай жолмен қозғалмайтын тор көзбен 3 қозғалатын
платиналардың 4 жинақы жұмысы, инелермен түйреу кезіндегі және кері
бағыттағы инелердің қозғалысы кезінде талшықты жайғақты ұстап
қалады. Көзшелі инелерге 6 тізбеорауыштардан 5 берілетін, тігуге
арналған жіптер бөлгіш тарақшалардан және шыны шыбықтардан
тұратын жіпбақылағыш құрылғысының 8 және оқтаудың 7 арасынан
өтеді.
Көзшелі инелерге 6 берілетін талшықты жайғақты түйрей және жіпті
тартып ала отырып, қозғалмалы инелер 9 оларды талшықтың қалыңдығы
арқылы алып шығады. Инелердің 9 қозғалысы инешектің 10 көмегімен
жүзеге асырылады, ал плиткасы 11 бар қозғалтқыштар – сызғыштың 12
көмегімен жүзеге асырылады. Тігілген беймата материал 13 машинаның
орайтын құрылғысына шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: