148
Қазіргі кезде ені 2400 мм беймата материалын өндіре алатын
Малимо-2400 машинасы шығарылды және бұл машина көбінесе
техникалық белгілеудегі беймата жаймаларын шығаруға арналған.
Малимо-2400 машинасының Малимо-160 машинасынан
айырмашылығы - арқау және тігін жіптердің берілуі екі секциялы
тізбеорауыш арқылы жүзеге асырылады.
Малимо машинасында ширатылған және ширатылмаған
иірімжіптерді, өңделмеген және боялған, мақтадан, жүннен,
химиялық талшықтардан және олардың қоспасынан алынатын
жіптерді қайта өңдеуге болады.
Қолданылатын жіптердің сызықтық тығыздығы Малимо
машинасының класымен анықталынады.
Достарыңызбен бөлісу: