Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Тізіпораудың  секциялы  әдісінің  мән



Pdf көрінісі
бет51/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

Тізіпораудың  секциялы  әдісінің  мәні  –  негізгі  жіптердің  жалпы 
саны  бөлшектерге  бөлінеді  және  оның  әр  бөлшегі  жеке  шарғыларға 
оралады.  Оралған  таспасы  бар  катушканы  секция  деп  атайды. 
Тізіпораудың  бұл  әдісі,  өніміділігі  төмен  болғандықтан  тоқымашылық 
өндірісінде  көп  қолданылмайды,  ол  көбінесе  трикотаж  өнеркәсібінің 
негіздеп  тоқу  өндірісіне  негізгі  жіптерді  дайындау  кезінде  көп 
қолданылады. 
Өнеркәсіптегі  тізіпорау  әдісіне  байланысты  партионды,  секциялы 
және  таспалы  тізіпорау  машиналары  қолданылады.  Әр  жеке  тізіпорау 
машинасының  келесі  жұмысшы  бөлшектері  және механизмдері    болады: 
иіршіктерді  және  катушкаларды  орналастыруға  арналған  тізіпорау 
рамкасы  (шпулярник);  орау  механизмі;  тізіпорау  ені  бойынша  жіптерді 
тегіс  бөлуге  арналған  қатар;  тізіпорау  ұзындығын  белгілейтін  есептегіш 
механизмі,  жіптің  үзілуі  кезінде  машинаны  автоматты  түрде  тоқтату 
механизмі,  жетек,  қосу  механизмі  және  машинаны  тоқтату  механизмі. 
Сонымен  қатар,  тізіпорау  машиналары,  жасалған  собықты  түсіруге 
арналған  механизмдермен,  түйінбайлағыштармен,  шаң  және  үлпек  сору 
құрылғыларымен жабдықталынады. Бұл еңбектің және құрал-жабдықтың 
өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет