57
2.1.2. Негіз жіптерді тізіпорау
Тізіпораудың мәні – тұрақты және біркелкі керілген параллель
орналасқан негізгі жіптердің тізіпорау білігіне, барабанға немесе
шарғыларға бір мезгілде оралуы.
Тізіпораудың мақсаты – тоқыма тізбеорауышының қалыптасуына
арналған аралықты собықтың қалыптасуында.
Технологиялық көзқараспен қарағанда тізіпорау процессі, қайта
орау процесімен салыстырғанда қажетті процесс болып табылады. Бұл –
тізіпорау процесінде, біркелкі керілген бірнеше жүздеген жіптер тізіпорау
білігіне немесе тоқу тізбеорауышына оралумен түсіндіріледі.
Тізіпорауға келесі талаптар қойылады:
- қайта оралатын барлық жіптердің керілуі, тізіпорау білігінің
қалыптасуы кезінде бірдей және тұрақты болуы қажет;
- тізіпорау жылдамдығы үлкен өнімділікті қамтамасыз ететіндей
жоғары болуы қажет;
- тізіпорау собығының формасы цилиндрлі болуы керек;
- негізгі жіптің ұзындығы жеке тізіпоралатын негіз жіптерінің
барлық бөлшектерінде бірдей және тұрақты болуы қажет;
- тізіпорау процесінде иірімжіптің және жіптің физика-механикалық
қасиеттері төмендеу керек.
Тоқымашылық өндірісінде иірімжіптің түріне және өндірісте
қабылданған технологияға байланысты тізіпораудың үш әдісін қолданады:
партионды, таспалы және секциялы.
Достарыңызбен бөлісу: