§32. Қазақстан және ресей 1. Қазақстан мен ресей қарым-қатынас- тары. Жоңғар шапқын шылығы мен Орта Азия
хандықтарынан зардап шеккен қазақтар Қазақ
хандығын нығайту үшін Ресеймен өзара достық
қатынас орнатуға тырысты. Ресей сыртқы
саясатында қазақ жерін «Азияның барлық
елдеріне жеткізетін қақпа мен кілт» деп сана-
ды. Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда жол-
дары Ресейді Азиямен, Еуропамен байланыс-
тыратын еді. Ресей қазақ жерлерін басып алу
мақсатында әскери бекіністер мен құрылыстар
сала бас тады.
XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның
өлімінен кейін елдің бірлігі әлсіреді. Оның ұлы
Қайып хан елдің басын құрай алмай, Қазақ
хандығы бірнеше бөліктерге бөлініп кетті.
Қазақ мемлекеті үшін әсі ресе жоңғарлар аса
қауіпті еді. Қазақ
тар үне
мі жоңғар шапқын-
шы
лығына ұшырап отыр
ды. Қауіп-қатер тек
жоңғар тара пынан ғана емес, сондай-ақ қал мақ-
тар, баш құрттар, казак-орыстар да қазақ тарға
ұдайы шабуыл жасап тұрды. Орта азия лық хан-
дықтар да қазақ тардың қиын жағ да йын пайда-
ланып қалуға тырысты. Ел сыртқы жаулармен
болған ауыр соғыстан әбден титықтаған еді.
Қазақтар осындай күр делі де қиын жағдайдан
шығудың жолдарын іздестірді.