3. исатай мен махамбет көтерілісі. Ресей
отаршылдары қазақтың құнарлы жерін тар-
тып алуды жалғастыра берді. Патша саясатын
жүргізген Жәңгір ханның әділетсіздігі, алым-
салық көлемінің ұлғаюы, халықтың жағдайы
нашарлауы 1836–1838 жылдары Исатай Тай-
манұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ха-
лық-азаттық көтерілісіне алып келді.
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – осы
көтерілістің көсемі, қолбасшысы, халық ба-
тыры. Ол Жәңгір ханның әділетсіз билігіне,
сұлтандар сатқындығына қарсы күресті. Озбыр
биліктен жапа шеккен бұқара халық қолына
қару алып, Исатайдың соңына ереді. Исатай
1938 ж. шайқас үстінде жау қоршауында қалып,
ерлікпен қаза тапты.