125
Кесенеге келушілер сүйекпен апталып, ою-
ланған есіктен орталық үлкен бөлмеге кіреді.
Оның көлемі 18,5 х 18,5 м. Бөлменің ортасы-
на адам бойымен шамалас үлкен қола қазан
қойылған. Діни мейрамдарда қазанға тамақ
пісіріліп, адамдарға тегін таратылған.
Қазан
Түркістаннан 25 шақырым жердегі Қарнақ
деп аталатын мекенде құйылыпты.
Кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Қабірдің
үстіндегі құлпытас ашық жасыл нефриттен
жа салған. Бұл бөлме қарапайым, қабырға бұ-
рыш
тары жартылай дөңгелек бағаналармен
көмкерілген. Ақ қабырғалардың
төменгі бөлігі
өрнектермен безендірілген.
Кесенеде мешіт, медресе және кітапхана да
болған. Ақ сарай және Кіші сарай деп аталатын
бөлмелерде қазақтың атақты адамдары мен хан-
дар жерленген.
Сол кездегі шеберлер ескерткішті безендіру
үшін қолданбалы өнердің барлық түрін қол-
данған.
Ағашқа өрнек салып, сүйекпен аптаған.
Көгілдір, көк, ақ сырлы шыны тастармен қап-
таған. Кесененің күмбезі құран аяттарымен
өрнектелген.
Достарыңызбен бөлісу: