123
XV ғасырдың 50 – 60-жылдары қазақ хал қы-
ның қалыптасуы аяқталды. 1465–1466 жыл-
дары Қазақ хан дығы құрылды.
Оқулық
мәтінін пайдалана отырып, «қазақ»
атауы жайлы өз пікіріңді айт.
Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
Қазақ хандығына кімдер қауіп төндірді?
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» ту-
ралы әңгімеле.
Қиын-қыстау
кезде елін, жұртын жаудан
қорғаған хандар, батырлар мен билер туралы
әңгімеле.
Жан-жақтан анталаған жаулардан қор-
ғану үшін қазақтар Ресейдің қоластына
өтуге шешім қабылдады.
1731 жылы кіші жүз Ресей им периясының
бодандығын қабылдады.
1734 жылы орта жүздің бір бөлігі Ресейдің
қоластына өтті.
Олар неліктен мұндай шешім
қабылдады?
Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз
ықпалын күшейте түсті. Қазақтарды жайы-
лымдық жерлерінен құмды, шөлейт аудан-
дарға ығыс
тырды. Қазақтар бұл қысымға
қалай қарсы тұрды?
Ашу-ызасы шегіне жеткен қазақтардың отар-
лық саясатқа қарсы азаттық қозғалыста ры бас-
талды.
Сырым Датұлы,
Махамбет Өтемісұлы мен
Исатай Тайманұлының, Кенесары Қасымұлы
көтерілістерінің себебін айт.
Қазақ халқының ағартушылары Шоқан Уә-
лиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнан-
байұлының қандай еңбектерін білесің?