§30. Жеті жарғы 1. тәуке хан (1680–1718 жж. ел билеген) –
оны халық «әз-Тәуке», «адамзаттың данасы» деп атаған. Тәуке ханның билігі тұсында Қазақ
хандығы
ның бірлік-берекесі күшейе түседі.
Тәуке хан уақытша болса да жүздер арасындағы
тартысты тоқтатып, елде тыныштық орната
білді. Ол ел дің тыныс-тіршілігін жақсы білетін,
өмір тәжіри бесі мол, білімді, шешен, көреген
тұлға еді.
Тәуке хан қазақ-жоңғар қатынастарын жақ сы
меңгерген, ол Бұхар ханымен тиімді келіссөз-
дер жүргізді. Сонымен қатар Ресей мен Қазақ
хандығы арасында елшіліктер алмасып, сауда
байланыстарын нығайтты. Тәуке хан сұлтандар
билігін шектеуге тырысты. Үш жүзді билер
кеңесі арқылы басқаруға ұмтылды.
Тәуке хан тұсында үш жүздің атақты билері:
Төле, Қазыбек, Әйтекенің қатысуымен «Жеті
жарғы» заңдар жинағы дайындалды. Билер
хандықты басқару, заң шығару, сот ісіне ара-
ласты. Билер кеңесінің шешімі міндетті түрде
орындалып отырды.