1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын
сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп
адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу
мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт,
ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары,
туристерді орналастыру орындары;
2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;
3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты
ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды
қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу
мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және
өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш
қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;
5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке
адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де
қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету
практикасы;
6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру
не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе
өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық
қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет
мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса,
сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам
қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу
мақсатында оның өміріне қастандық жасау;
7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де
техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын
кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту
және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге
қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;
8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы
операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар,
азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына,
сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;
9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы
айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген
учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес
аумақтар;
10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының:
терроризм профилактикасы;
террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;
шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару
және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс
істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан зардап
шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм
актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу жолымен
терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметі;
11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган – терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді
өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның
іс-әрекетінің террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген
ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік немесе экстремистік іс-әрекетті
жүзеге асыру не террористік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз
әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынған адамның оларға
ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беруі немесе жинауы, мүлікке құқықты немесе мүліктік
сипаттағы пайданы беруі, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік
және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызмет
көрсетуі;
13) терроризм профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге
асыратын, терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау,
зерделеу, жою жөніндегі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік,
насихаттық және өзге де шаралар кешені;
14) террорист – террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;
15) террористік топ – террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында біріккен екі және
одан да көп адамнан тұратын топ;
16) террористік тұрғыдан осал объектілер – ерекше маңызды мемлекеттік, стратегиялық
объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік
объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер, олардың
және оларға қойылатын тиісті
тізбелерін
талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
17) террористік ұйым – террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын не өзінің іс-әрекетінде
терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын, оған қатысты террористік ұйым деп тану туралы сот
шешімі қабылданған және заңды күшіне енген ұйым;
18) террористiк iс-әрекет – төмендегі әрекеттердің кез келгенін жасау:
терроризм актiсiн ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, қаржыландыру және iске асыру;
терроризм актiсiн жасауға айдап салу;
терроризм актiсiн жасау мақсатында заңсыз әскерилендiрiлген құралымды, қылмыстық
қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), ұйымдасқан топты ұйымдастыру, сол сияқты осындай құрылымдарға
қатысу;
террористердi азғырып тарту, қаруландыру, үйрету және пайдалану;
терроризм актiсiн ұйымдастыруға, жоспарлауға, дайындауға және жасауға ақпараттық тұрғыдан
немесе өзгедей жәрдемдесу;
терроризм идеясын насихаттау, террористiк iс-әрекеттi жүзеге асыруға шақыратын не осындай
iс-әрекеттi жүзеге асыру қажеттiгiн негiздейтiн немесе ақтайтын материалдарды немесе ақпаратты
тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана
отырып тарату;
көрсетілген әрекеттер террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік ұйымды
қамтамасыз ету үшін пайдаланатынын ұғына отырып, террористерге, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекеті террористік деп танылған ұйымдарға қаржылық,
құқықтық көмек көрсету немесе өзге де жәрдемдесу.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08
N 63-V
(алғашқы ресми жариялағанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының
негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де
Конституциясына
тұрады.
нормативтік құқықтық
актілерінен
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
осы Заңда көзделгеннен
шартта
өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08
№ 266-IV
Заңымен.
3-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен
мақсаты
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08
, 2013.01.08
(алғашқы
№ 266-IV
N 63-V
ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау,
террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын,
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
2) заңдылықты сақтау;
2-1) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;
3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру;
4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;
5) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, арнайы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді пайдалану;
6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға жедел
басшылық жасауда дара басқару;
7) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы;
8) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және
қатысушыларының құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына
негізделеді.
2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды
және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.08
№ 266-IV
, 2013.01.08
N 63-V
(алғашқы
ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |