Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Бұқаралық  партиялар  –  үнемі  жақтап  дауыс  беретін  сайлаушылары,  мүшелері, 

белсенділері  көп  партиялар.  Олардың  ресми  мүшелері  болмайды.  Партиялық  билет 

алып,  мүшелік  жарна  төлемейді.  Мысалы,  АҚШ-тың  республикалық  жəне 

демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористер партиясы т.б. 



Бұрмалаушылық  –  өз  мақсатына  жету  үшін  шындықты  бұрмалау,  жасандылық, 

жалғандылық. 



Бюрократизм – істің мəніне немқұрайды, формальды қарау, істі көпке созу. 

Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым 

салу немесе заңның күшін тоқтату. 



Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум 

доверия)  немесе  сенім  білдірмеу  (вотум  недоверия)  мақсатында  сайлау  арқылы 

қабылданған  шешім.  Мысалы,  парламент  үкіметке  сенім  білдірмесе,  ол,  əдетте, 

жұмыстан кетуге мəжбүр болады. 



Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты 

əдейі  қыру  емесе  қудалау.  Мысалы,  екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  фашистік 

Германия  еврейлер  мен  цыгандарға  қарсы  осындай  саясат  жүргізеді.  Қазіргі  кезде  ол 

халықаралық қылмыс болып саналды. 



Геосаясат  –  сыртқы  саясатты  географиялық  факторларға  (аумағына,  ауа  райына, 

қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы 

Ф. Ратцель, Х. Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, əлеуметтік жағдайы мен 

даму барысы географиялық  ортаға байланысты дейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет