ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
171
тәжірибені ӛз елінің мақсатына жарату. «Болашак» шәкіртақысы 1993 жылы ҚР
президенті Нурсултан Назарбаевтың бастамасымен талантты жастардың шет
елдердің ең жақсы жоғары оқу орындарында білім алуын қамтамасыз ету
мақсатында құрылған. 10 жыл аралығында (1994–2004) 800 дей шәкіртақы
тағайындалып, одан кейінгі (2005-2012) жылдар аралығында оның саны үш
есеге ӛскен [2].
Іскерлік қарым-қатынас немесе байланыс қазіргі таңда, жаңа заманда
қоғамның барлық салаларында кездесіп отыр. Қоғамның коммерциялық,
іскерлік салаларында ӛнеркәсіптің барлық түрлері мен формаларында сондай-
ақ жеке іскерлер мен кәсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар кірісе бастады. Іскерлік
байланыс саласындағы құзырлық кез-келген білім, ғылым, ӛнер, ӛнеркәсіп,
сауда сияқты салаларда сәттілікке жету немесе жетпеуге байланысты болып
отыр.
Адамдармен дұрыс қатынас жасай алу іскерлік салада, қызметттік және
кәсіпкерлік іс-әрекетте сәттілікке жетудің ең маңызды факторларының бірі
болып отыр.
Байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғамдық субъектердің, әлеуметтік
топтардың, халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, тәжірибе, іс-
әрекет қабілеттері мен нәтиже алмасуы жүретін ӛзара қатынас жасау үрдісі.
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-әрекет мақсатында
немесе негізінде пайда болатын, қандайда бір ӛнім немесе іскерлік
қажеттілікпен байланысты. Байланыстың басқа түрлері сияқты іскерлік
коммуникацияның тарихи сипаты бар, ол қоғамның түрлі жүйесінде түрлі
формада байқалады. Оның айырмашылығы іскерлік коммуникация басқа
мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады.
Іскерлік қарым-қатынастың тәсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер
адамдарға қажеті зор болмақ. Мұндай қабілет келешекте келісімшартқа
отырғанда немесе пайдалы іс жасағанда маңызды роль атқаруы мүмкін.
Сондықтан қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынастың маңызы артып оны жан-
жақты зерттеу қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі болып тур. Іскерлік
қарым-қатынас жасаудың ең тиімді түрлерінің бірі қазіргі таңда халықаралық
алмасу бағдарламалары болып отыр [3; с. 38].
Халықаралық алмасу бағдарламаларының білім, халықаралық қатынастар,
жеке тұлғалық, мәдениаралық, мәдениет, іскерлік және экономика салаларында
бірқатар артықшылықтары бар:
Халықаралық алмасу бағдарламаларының артықшылықтары:
Достарыңызбен бөлісу: