Известия казумоимя имени Абылай хана серия «филолог…»



Pdf көрінісі
бет165/173
Дата09.05.2022
өлшемі3,43 Mb.
#33204
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   173
Байланысты:
салғастырмалы тіл білімі

«жаман» 
қарама-қайшылығы 
тән. 
Экспрессивтілік 
қарқындылықпен 
(интенситвтілік)  ӛлшенеді,  себебі  оның  релевантты  қарама-қайшылығы 
«күштірек»  /  «ҽлсіздеу»  болып  табылады.  Сондықтан,  экспрессивтілік  пен 
эмоционалдылық  ұғымдарын  қарастырғанда  бұл  категориялардың  ортақ 
белгілермен  бірлескенін  ескеру  керек:  біріншіден,  сӛйлеушінің  айтылымға 
деген  субъективті  қатынасының  болуы;  екіншіден,  адресатқа  әсер  етуде 
прагматикалық қызмет атқаруы. Дегенмен, семантикалық және прагматикалық 
әлеуеттеріне,  атқаратын  қызметтеріне  қарай,  бұл  категориялар  бірдей  емес, 
яғни,  оларды  ажырату  бұл  категориялардың  мәнін,  мазмұнын  толық  түсіну 
қажеттілігінен туындайды.  
Тілдегі  экспрессивті  және  эмоционалды  элементтерді  айыра  білу 
қажеттілігі  олардың  арасындағы  ӛзара  тығыз  байланыстылыққа  қарамастан 


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
196 
функциялық 
міндеттерінің 
әр 
түрлі 
мақсаттарды 
таңбалау 
үшін 
қолданылатындығына  байланысты  туған.  Тілдегі  эмоционалдылық  мен 
экспрессивтілік  категорияларының  арасына  тепе  теңдік  ұғымын  қою  кӛптеген 
қайшылықтарға әкеліп соғатынын аталған салада еңбек ететін мамандар айтып 
ӛткен. Яғни, эмоционалдылық пен экспрессивтілік әртүрлі құбылыстар.  
«Тілдегі  эмоцияның  кӛрінісі  әрқашан  экспрессивті  болады,  ал  экспрессия 
үнемі эмоционалды бола бермейді, экспрессивті лексиканың затқа, құбылысқа 
деген қарым қатынасын танытатын, сондай ақ, сӛздің заттық логикалық мәнінің 
әр  түрлі  эмоциялық  қосымша  реңдерін  кӛрсететін  бӛлігі  ғана  эмоционалды 
болып  табылады»  деген  кӛптеген  ғалымдардың  пікірі  айтылған  ойды 
нақтылайды. 
Тіл  білімі  дәстүрінде  эмоционалдылық  экспрессивтілік,  образдық, 
интенсивтілік  т.  б.  құбылыстарымен  салыстырғанда,  бағалауыштық 
категориясымен  тығыз  байланыста  қарастырылады.  Адам  айналадағы  заттар 
мен  құбылыстарды  танып-қабылдағанда,  санада  сол  заттың  ӛзі  тудырған 
эмоция  пайда  болуы  немесе  сол  заттар  мен  құбылыстарға  деген  баға 
қалыптасуы  мүмкін.  Ӛйткені  қайсыбір  эмоция  болмасын  бағалау 
категориясымен ӛлшенеді. Лингвистикада эмоционалдылық пен бағалауыштық 
категорияларының  арақатынысы  туралы  пікірлер  де  бірізділік  таппай  жатады. 
Бағалауыштық  пен  эмоционалдылық  ұғымдары  арасындағы  байланыс  сӛз 
мағынасының  негізгі  аспектісі  ретінде  лингвистикалық  ізденістерде 
пікірталастыққа ие болуда 
Эмоциялар  психикалық  құбылыс  болғандықтан,  бұл  сұраққа  жауап 
іздегенде  лингвистер  психологиялық  ізденістердің  нәтижелерін  ескермеуі 
мүмкін  емес.  Психология  ғылымында  бағалауыштық  пен  эмоционалдылық 
арасындағы  байланыс  туралы  тұжырым  кӛпшілікпен  мақұлданған,  кез  келген 
эмоция бағалауға ие деген пікірді тіл ғалымдары қабылдайды.  
Бірқатар  ғылыми  еңбектерде  эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  ӛзара 
байланысты,  бір-бірінен  ажырамайтын  тұтастық  ретінде  қарастырылады 
(Н.А.Лукьянова,  А.А.Мерцелли,  З.Е.Фомина.).  Мәселен,  Н.А.Лукьянованың 
концепциясында  орын  алады:  сӛздің  бағамен  қатынасын  білдіретін 
бағалауыштық  пен  адамның  сезімдері  мен  эмоцисымен  байланысты 
эмоционалдылық  мағынаның  әртүрлі  компоненттері  болып  табылмайды,  олар 
біртұтас  ұғым.  Жағымды  баға  тек  жағымды  эмоциялар  мақұлдау,  мақтау, 
мейірім, зор сүйініш, масаттану және т.б. беріледі. Жағымсыз баға мақұлдамау, 
қабылдамау,  айыптау,  ӛкініш,  ыза,  түршігу  сияқты  жағымсыз  эмоциялар 
арқылы  беріледі.  Баға  сәйкес  эмоцияны  ӛзіне  сіңдіретіндей,  баға  мен 
эмоцияның  параметрлері  сәйккес  келеді:  «жағымды  –  жақсы»,  «жағымсыз  – 
жаман» [5, 45 б.]. Бұл ой бірқатар ғалымдардың ұстанымдарымен үйлеседі: баға 
мен 
эмоция 
мағынаның 
әртүрлі 
компоненттері 
емес, 
олар 
экстралингвистикалық  деңгейде  бірыңғай  құбылыстар.  Лингвистикалық 
деңгейде  мағынаның  эмоционалды  бағалауыштық  компоненті  сӛйлеуші 


ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ» 
197 
субъектінің  қандай  да  бір  объектінің  құндылығы  туралы  лингвистикалық 
бірліктің семантикасында кӛрініс табатын ой пікірін білдіреді. 
Керсінше,  кейбір  ғалымдар  эмоционалдылық  пен  бағалауыштық 
ұғымдарын ажыратып, сӛйлемнің мазмұнында эмоция мен бағаның қатар келуі 
міндетті емес, ӛйткені олар әр түрлі мәндегі құбылыстар деп бағалайды. 
Мәселен,  Т.И.  Кулигина  бұл  ұғымдарды  әртүрлі  құбылыстар  ретінде 
қарастырады: «Бағаның мағынасында сӛйлеушінің құндылықты бағалауыштық 
қатынасы  байқалады,  ал  эмоционалдық  мағынада  сӛйлеушінің  қоршаған  орта 
мен  ӛзіне  деген  қатынасына  әсерленуінің  психологиялық  үрдісі  бейнеленеді» 
[6, 35 б.]. Бұл ой «Мағынаның коннотативті компонентін құрайтын эмоция мен 
баға  тілдік  бірліктің  мағынасында  бірге  орын  алуы  міндетті  емес,  олардың 
арасында  интердепенденциялық  қатынас  жоқ»  деп  тұжырымдайтын 
И.А.Стерниннің кӛз қарасында жалғасын табады.  
Сондай-ақ  бағалауыштық  эмоционалдылыққа  қарағанда  кең  ұғым  деп 
сараланады.  Эмоционалдылық  бағалаусыз  бағамдануы  мүмкін  емес,  ал 
бағаның эмоционалды болуы шарт емес, бағаның эмоционалды реңкке енуі 
міндетті  емес.  Мәселен,  «қызықты  кітап»,  «сақ  құлақ»  деген  сӛз 
тіркестерінде  ешқандай  эмоционалды  реңк  жоқ...  ал,  эмоция  әрқашан  ішкі 
кӛріністі баға түрінде болжайды.  
Біз  бағаның  әрі  эмоционалды,  әрі  рационалды  болатынын  ескере 
отырып,  Г.Ф.Аглетдинованың  «Эмоционалдылық  пен  бағалауыштықтың 
арасындағы  ӛзара  тығыз  байланысқа  қарамастан,  тілдік  бірліктердің 
эмоционалды  және  бағалауыштық  мағына  аумағы  толық  емес  ішінара 
сәйкес  келіп  жатады.  Сӛзсіз,  баға  кей  жағдайда  сезімдер  мен  түйсікке  ие 
болуы  мүмкін,  бірақ,  баға  ақыл  тұрғысынан  да  беріледі,  оның  негіздемесі 
қандайда бір үлгі, мұрат не қалып (стандарт) болуы ықтимал» деген пікіріне 
қосыламыз [7, 79 б.]. 
Эмоционалдылық  та,  бағалауыштық  та  бізді  сӛйлеушінің  объективті 
шындыққа, сӛйлесімнің мазмұны мен адресатқа деген субъективті қатынасы 
туралы  хабардар  етеді.  Сондай  ақ,  баға  мен  эмоция  да  жағымды  не 
жағымсыз  болуы  мүмкін.  Дегенмен,  сӛйлесімді  бағаның  «-»,  «+»  белгілері 
мен эмоцияның «жағымды», «жағымсыз» сипаттары әр уақытта сәйкес келе 
бермейді. 
Осы 
орайда, 
эмоционалдылық 
пен 
бағалауыштықтың 
айырмашылығы  байқалады.  Сӛйлесімнің  эмоционалдылық  компоненті 
сӛйлеушінің  психикалық  жай  күйін  білдірсе,  баға  оның  шындықтағы 
жағдайларға қатысты субъективті қатынасын анықтайды.  
Эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  олардың  арасындағы  ӛзара 
байланысқа  қарамастан,  қатысым актісінде сӛйлеу  жағдаятына байланысты 
мағыналық  компоненттері  жағынан  ажыратылады.  Дегенмен,  бұл 
категориялар  бір-бірін  толықтырып  отыратын  құбылыстар  ретінде 
эмоционалды-бағалауыштық,  эмоционалдылық  баға  деген  ұғымдарда  бірге 
қолданылады.  


АБЫЛАЙ ХАН атындағы ҚазХҚжӘТУ ХАБАРШЫСЫ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» сериясы 
198 
Сонымен,  эмоционалдылық  пен  оған  сабақтас  ұғымдарды  зерттеу 
оларды  ажыратудың  қажеттілігін  кӛрсетті,  себебі,  бұл  категориялар  толық 
дербес  бірліктер  және  табиғаты  жағына  әртүрлі  болып  келеді: 
эмоционалдылық 
сӛйлеушінің 
сезім 
мен 
түйсіктерін 
білдірумен, 
экпрессивтілік адресатты сендіруге ниеттенген сӛйлеудің айқындылығымен 
байланысты  болса,  бағалауыштық  құндылықты  мәнге  негізделген  ақиқат 
шындықтың  заты  немесе  адамның  сипатымен  байланысты.  Бұл 
категориялар 
атқаратын 
қызметтеріне 
де 
қарай 
ажыратылады: 
эмоционалдылық  әртүрлі  сезімдер  мен  эмоцияларды  білдіруге  бағытталса, 
экспрессивтілік  сӛйлеу  тілін  үдетуге,  бағалауыштық  объектінің  эталонға 
(үлгі)  сәйкестік  ӛлшемін  айқындайды.  Бағалауыштық  пен  эмоционалдылық 
сӛйлесімге  жаңа  қосымша  мазмұн  үстесе,  экпрессия  сӛйлесімнің  мәнін 
күшейту,  әсірелеу  үшін  ғана  қызмет  етеді.  Сонымен,  эмоционалдылық  пен 
бағалауыштық  бір  жағынан,  ал  экспрессивтілік  екінші  жағынан  ӛлшемнің 
әртүрлі 
жүйесіне, 
сӛз 
саптаудың 
әртүрлі 
бағамына 
жатады. 
Эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  лексика-грамматикалық  категорияға 
жатса,  экспрессивтілік  стилистика  саласына  жатады.  Демек,  аталған 
категориялар  сапалы  белгілілік  пен  сапалы  ӛзгешелікке  ие.  Олар  әртүрлі 
құрымдастыруларда бірге де, жеке де жүзеге асуы мүмкін.  
Тілдегі  эмоционалдылық,  экспрессивтілік,  бағалауыштық  ӛздерінің 
табиғаты  мен  семантикалық  қасиеті,  атқаратын  қызметтеріне  қарай  жеке 
дара  категориялар  ретінде  қарастырылады.  Тілдің  әсер  ету,  ықпал  ету 
қызметімен  байланысты  бұл  ұғымдар  прагматикалық  мағына  білдіретін 
негізгі компоненттер ретінде ӛзара байланысты болады. 
Қазіргі  тіл  ғылымында  эмоционалды  экспрессивті  тілдік  бірліктерді 
зерттеуге  аса  үлкен  қызығушылық  артып  отырған  кезде  эмоционалдылық 
пен  оған  сабақтас  ұғымдар  арасындағы  байланысты  зерттеу  кӛптеген 
ғылыми  ізденістерге  негіз  бола  алады.  Лингвистика  саласында  талай  пікір 
талас  тудырған  бұл  мәселе  әлі  де  болса  ӛз  шешімін  толық  тапқан  жоқ. 
Ғалымдардың  бұл  сұрақ  тӛңірегінде  қай  кезеңде  болсын  сӛз  қозғайтыны 
сӛзсіз.  Себебі  тілдік  бірліктердің  басым  кӛпшілігі,  әсіресе  ауызекі  сӛйлеу 
тілі  эмоционалдық  пен  оған  сабақтас  құбылыстармен  ӛте  тығыз 
байланысты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет