ИЗВЕСТИЯ КазУМОиМЯ имени АБЫЛАЙ ХАНА серия «ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ»
195
құбылыстар деп те салыстыру мүмкін емес. Бұл категориялар ӛзіндік
ерекшелігі бар дербес құбылыстар» деген қортындысы аталған мәселеге
қатысты бірқатар сауалдарға жауап береді [3].
Эмоционалдылық пен экпрессивтілік ұғымдарын ажырату қазақстандық
линвист ғалымдардың ізденістерінде де орын алады. Мәселен, Ш.И.Нұрғожина:
«Экпрессивтілік эмоционалдылықпен салыстырғанда тек сӛздерде ғана емес,
сӛз тіркестері, тұтас бір сӛйлем мен одан да ірі тілдік кесектерде берілуі
мүмкін. Сондай-ақ экспрессивтілік дауыс ырғағы арқылы да айқындалады.
Мұның бәрі экспрессивтілік категориясының эмоционалдылыққа қарағанда
ауқымды ұғым екенін байқатады» деп ой түйеді [4].
Қатысым актісінде бұл категориялар бірге де, жеке де қолданылады.
Белгілі бір сӛйлеу жағдаятына байланысты экспрессивтер эмоционалды да,
эмоционалды емес те болуы мүмкін. Сондай-ақ, эмотивтер де экспрессивті әрі
экспрессивті емес болуы ықтимал. Эмоционалдылық пен экспрессивтілік
ақиқат шындық денгейінде ӛзара ауыстырылатын категориялар емес, бір-бірін
толықтыратын құбылыстар болып табылады. Бұл компоненттер заттық-
логикалық мазмұны, функционалдық қызметі мен ӛздеріне тән семантикалық
қасиеттеріне қарай ажыратылады. Эмоционалдылық - адамның сезімін білдірсе,
экспрессивтілік - тілдік элементтер мен құбылыстардың сапалы-сандық
сипатын кӛрсетеді.
Эмоционалдылық тілдік белгінің семантикасында бекіген, бейнеленген
сӛйлеушінің эмоционалды субъективті бағасы формасында кӛрініс тапқан
сӛйлеушінің сезімдері мен қатынасын білдіреді. Эмоционалдылық екі:
физиологиялық және қатысымдық түрде беріледі. Ӛз кезегінде қатысымдық
эмоция екі түрлі тәсіл арқылы: тілдік емес, яғни, паралингвистикалық құралдар
және тілдік - лингвистикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Эмоция
субъектінің қоршаған орта мен шындық дүниеден әсерлену үрдісін білдіреді.
Ал, экспрессивтілік мағынаның коннотативті шыңы ретінде тілдік белгінің
әсерлілігінің түрлі реңктерін білдіреді. Экспрессивті құралдар эмоциялармен
қатар, ой, тұжырымды да әсерлі әрі бейнелі түрде жеткізу үшін қызмет етеді.
Эмоционалдылық бағалауыштықпен ӛлшенсе, ӛйткені эмоцияға «
жақсы» /
Достарыңызбен бөлісу: