1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің
ғылыми-теориялық негіздемесі
1.1. Кәсіпорынның қаржы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің түсінігі,
мәні мен маңызы
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын
аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті
құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер
бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды
беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан,
аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты
түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер,
сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті
пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық
операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзаңын жүргізу
бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты
алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын
тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен
қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және
шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік
жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз
бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айырылған. Ұйым қызметі мен оның заңды
орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика
қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті
шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика
салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін
қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың
мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға
және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып
табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субьектілердің;
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды:
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге
есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен
бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы
есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру
үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық
қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа
бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен
дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жүмысшылар, коммерциялық серіктестер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бүл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д.Шеремет
"Кәсіпорынынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және
оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: "Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты
өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын керсетеді".
В.М.Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы
"қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен
көрсетіледі" деп жазады.
М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай — бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т.Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни
төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік;
тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу"
— деп жазады (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001).
С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық
жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе,
кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға
аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның
сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың көзқарасы
бойынша, сенімділік кәсіпорын жүмысының үздіксіздігін және оның төлеу
қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық
емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын,
сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін
және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері
қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М.Родионова мен М.А.Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің
үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және
жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б., 2001).
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы — бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы"[4, 45бет]
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол
ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық
қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық
тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз
ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші
өнімді (жүмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді
және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен,
жүмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде
болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп
айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында
өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де
әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей
дәрежеде табыс қалуы қажет.
"Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру,
тарату және пайдаланумен анықталады" — деп жазады В.Т.Артеменко мен
М.В.Беллендир.
К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиевалардың ойынша бұл
ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек жөне анығырақ түсіндіреді.
Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың
қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі — деп түсіндіреді.
Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста.
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда,
несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда
болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы жөне толық орындау
мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жүмысы нарық жағдайына өтумен
бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі
сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесіндей түрлерге жіктейді:
пайда болу орнына байланысты — ішкі және сыртқы;
нәтижесінің маңыздылығына байланысты — негізгі және негізгі емес;
құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
әрекет ету уақыты бойынша — тұрақты және уақытша.
Ішкі
факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына
байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның түрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім жөне өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі —
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері — кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық
тұрақтылығына
қарыздық
капиталдар
нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен
әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса,
оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты, жоғары болады, алайда, сонымен
бірге қаржылық тәуекелділік те өседі — яғни кәсіпорын өз кредиторларымен
уақытында есептесе ала ма, жоқ па? — деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда
айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік
пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі [6, 78бет].
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер жөне тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу — жақсы
қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер
өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы
болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,
2001).
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен
алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта — облигация құнын толық өтеуді
талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие
алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны
беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық
жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды
ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және
қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі
жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті
қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты
болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, көсіпорынның
өзінің жөне оның серіктестерінің қаржылық жөне басқа қатынастар
тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпорынның
қаржылық
жағдайының
объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл — талдау, ол
кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді
түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық
шешімдерді өңдеумен көсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі
арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді. Қаржы ресурстары жағдайының
нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты
қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі
қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы
- дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорын қызметі тиімділігі және нәтижелілігі - өндірістік процестерден,
жобалардан басқа да операциялардан алынған нәтиженің оған жұмсалған
шығысқа қатынасымен анықталатын салыстырмалы тиімділік.
Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған «пайдалы» немесе
«кірісті» деген ұғымды білдіреді. Бұл – кәсіпорын жұмысы тиімділігінің
көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым
қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.
Рентабельділік көрсеткіштері:
Өнім рентабельділігі - өткізілген барлық өнімдермен және олардың
жекелеген түрлерімен есептеледі.
Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату
шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі:
өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда
қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық
пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза
пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім
рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының
тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.
Екінші жағдайда рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша
анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны
тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.
2. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың (баланстық
пайданың) және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына
қарай қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткіш пен таза пайданы есептеуге
болады.
3. Кәсіпорындағы салымдар рентабельділігі – оның өнімділігінің қатысты
мүлік құны бойынша есептелінеді. Есеп айырысуда баланс және таза пайда
көрсеткіштерін қолданады. Мүліктің құны бухгалтерлік баланс бойынша
анықталады.
Жалпы экономикалық тиімділік деп – экономикалық қызметтің,
экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі. Бұл ресурстардың
белгілі бір құнын өндірістің ең жоғарғы көлеміне (деңгейіне) жетуіне пайдалана
отырып, алынған экономикалық эффекттің (нәтиже) осы нәтижені алуға себепші
болған факторлар мен ресурстарға қатынасымен бейнеленеді.
Экономикалық тиімділік - әдетте іс-әрекеттің ақшалай табысының, оны
орындауға жұмсалған ақша қаражатының айырмасы мен есептелінетін
экономикалық іс-әрекеттің тиімді нәтижесі.
Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы
қаржылық жағдайдың бірден – бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер
өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы
болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін
талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны
қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық,
өндірісітік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін
қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен
тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай – ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағыттауы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыспен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық
қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік – сату көрсеткіштерімен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдері және ақша қаражаттарын алуы
оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына,
өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге
және төлеуге байланысты болады.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсірорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты
аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының
нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емесшығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады.
Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік
құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің
көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның
жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жіктеу және аудиттің әдістемелік
тәсілдері.
Қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы нормативтік
актілерде ұйымдардың табыстары мен шығындары әртүрлі жіктеледі. Алайда,
нормаларды жазу кезінде негізінен басқа да міндеттер қойылатындықтан,
қандай да бір амалмен бұл жіктелімдерді тұжырымдау және жүйелеу оңайға
соқпайды. Сол уақытта нормативтік актілерге әртүрлі түсініктер түрінде
ұсынылған осындай жіктелімдер қаржыгердің, бухгалтердің және аудитордың
жұмысын әжептәуір жеңілдете алады.
Шаруа немесе фермерлік шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл
шаруашылығы өнімдерін шығаратындар үшін арнайы салық режимдерін
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына, сондай-ақ жеңілдетілген
декларацияларға сәйкес қолданатын бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін
анықтау және шағын кәсіпкерліктің қаржы субъектілерімен құру мақсатында
жасалып шығарылған №1 қаржы есептілігінің ұлттық стандарты табыстар мен
шығындардың мынадай жіктелімдерін анықтайды: [14,51б].
1) Тауарды сатқаннан түскен табыс.
Төменде көрсетілген барлық шарттар қанағаттандырылған жағдайда табыс кірді
деп саналады:
- субъект тауардың жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді
және сыйақыларды сатып алушыға берген жағдайда;
- субъект негізінен жеке меншік құқығына ұқсайтын дәрежеде басқаруға
қатыспайтын және сатылған тауарларға бақылау жасамайтын жағдайда;
-табыстың сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда;
- операцияларға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп
болжанған жағдайда;
- операцияларға байланысты келтірілген немесе күтіліп отырған шығындар
сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда.
Субъектінің жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді
және сыйақыларды сатып алушыға қай сәтте берген сәтін анықтау үшін,
операциялардың шарттарын үйрену қажет. Көп жағдайларда, жеке меншік
құқығына байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру жеке меншіктің
заңды құқығын берумен немесе сатып алушыға иелену құқығының ауысуымен
сәйкес келеді. Бұл бөлшектік сатылымдар көп болған жағдайларында болады.
Қалған жағдайларда жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және
сыйақыларды беру жеке меншік құқығына байланысты тәуекелдерді және
сыйақыларды беру жеке меншіктің заңды құқығын берудің немесе сатып
алушыға иелену құқығының ауысу мерзімдерінде жүзеге асады.
Егер субъект жеке меншік құқығына байланысты маңызды тәуекелдерді
сақтаса, табыс алынды деп есептемейді. Жеке меншік құқығына байланысты
маңызды тәуекелдерді және пайдаларды субъектінің сақтауы мүмкін жағдайлар:
-
субъектімен
кепілдемелердің
стандартты
шарттарының
аясында
қанағаттандырарлықсыз пайдалану сапасына жауапкершілік сақталған
жағдайда;
- нақты сатылымнан түскен ақшалай түсімді алу тауарларды сатып алушымен
сатылғанға байланысты;
- түсірілген тауарлар орнатуға жатпаса, ал әлі орындалмаған келісім-шарттың
маңызды бөлігін орнату құраса; және
- сатып алушының сату келісім-шартында анықталған себеп бойынша сатып алу
мәмілесін бұзуға құқығы бар болса және субъект қайтарымның мүмкіндігін
анықтай алмаса.
Егер субъектімен жеке меншік құқығына байланысты маңызы жоқ тәуекел
сақталса, онда операция сатылым болып табылады және субъект табысты
мойындады деп санайды. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманы алуды
қамтамасыз ету үшін, тауарларға жеке меншік заңды құқығын қалдырады.
Осыған ұқсас жолмен сатып алынған затқа сатып алушының көңілі толмай,
ақшаны қайтаруды ұсынса, субъект ақшалай түсімді мойындайды. Осындай
жағдайларда, субъект мүмкін болатын қайтарымдарға бағалық міндеттемелерді
мойындайды.
Қызмет көрсетуден түскен кірістер.
Қызмет көрсетуді ұсынатын операциялардың қорытындыларын сенімді өлшеген
кезде, баланстың күніне операциялардың аяқталу кезеңін көрсету жолымен
табыс танылады. Егер келесі шарттар орындалатын болса, операциялардың
қорытындысы сенімді деп есептеледі:
- табыстың сомасы сенімді түрде танылады;
- операцияға байланысты экономикалық пайдалар субъектіге түседі деп
болжанса;
- баланстың күніндегі жағдай бойынша операциялардың аяқталукезеңі сенімді
түрде танылса;
- операцияларды жүзеге асыруға арналған шығындар және оның аяқталуына
қажетті шығындар сенімді түрде өлшенетін болса.
Операциялардың аяқталу кезеңі орындалған жұмысты сенімді бағалауды
қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы қажет, атап айтқанда:
- орындалған жұмыс туралы есептер;
- қызмет көрсетудің жалпы көлемінен пайыз секілді ұсынылған қызмет
көрсетулер;
- жалпы күтіліп отырған шығындарға келтірілген шығындарға барабар
қатынаста.
Белгілі бір мерзім ішінде істердің анықталмаған санын орындау жолымен
қызмет көрсетулер ұсынылса, қандай да бір әдіс аяқталу кезеңінде жақсырақ
көрінетін куәлік бар болған жағдайларды қоспағанда, уақыттың осындай мерзімі
ішінде тікелей негізде табыс танылады. Нақты іс-әрекет басқа іс-әрекеттерге
қарағанда маңыздырақ болса, онда субъекімен табысты мойындау осы іс-
әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
Жобаланып
отырған
қызмет
көрсетулердің
операцияларының
қорытындысы сенімді бағаланса, субъект мойындалған орны толтырылған
шығындардың сомасының аясында табысты мойындауы қажет.
Жобаланып отырған қызмет көрсетулердің операцияларының қорытын-дысы
сенімді бағаланбаса, мойындалған орны толтырылған шығындардың сомасының
аясында табыс мойындалады.
Қызмет көрсетулерден түскен табыстар, қызмет көрсетулер ұсынылып
отырған мерзімнің ішінде мойындалады.
№2 қаржы есептілігінің ұлттық стандартымен пайыз, роялити және дивидендтер
түріндегі табыстар қарастырылған.
Субъект пайыздар, роялити және дивидендтер әкелетін субъект
активтерінің басқа да жақтарымен қолданудан туындайтын табыстарды мына
жағдайларда мойындау қажет:
- операциялармен байланысты экономикалық пайдаларды субъектінің алу
мүмкіндігі бар болған жағдайда; және
- табыстың сомасы сенімді түрде өлшенген болса.
Субъект келесі негіздерді қолдана отырып, табысты мойындау қажет:
- пайыздардың тиімді мөлшерлемелері әдісін қолдана отырып, пайыздар
мойындалады;
- роялти сәйкес келетін келісім-шарттың мазмұнына сәйкес, есептеу әдісімен
мойындалуы қажет;
- дивидендтер төлемді алуға акционерлердің құқығы анықталған жағдайда
мойындалуы қажет.
Қаржыландырудан түскен табыстар.
Қаржыландырудан түскен табыстарға табыстардың келесі түрлері жатады:
-қаржылық активтер бойынша (ақша қаражаттарын ұсыну және пайдалану үшін
алынғандар, осы банктің шотында жатқан ақша қаражатын банктің қолдануы
үшін пайыздар) табыстарды алуға байланысты, операциялар көрінетін
сыйақыландыру жөніндегі табыстар;
-бағалы қағаздар бойынша дивидендтермен алынған табыстарды алумен
байланысты операциялар көрінетін дивидендтер жөніндегі табыстар;
-қаржылық жалға берілген активтер бойынша табыстарды алуға байланысты
операциялар көрінетін қаржылық жалға беру активтері;
-капиталдың немесе басқаның құнының өсуінен жалға беру төлемдерін немесе
табыстарын алу мақсатында, өкімде жатқан (жалға беру келісім-шарты бойынша
иеленушінің немесе жалға алушының) жылжымайтын дүние-мүліктен (жер,
ғимарат немесе олардың бөліктері) табыстарды алуға байланысты операциялар
көрсетілетін жылжымайтын дүние-мүлік инвестицияларымен жасалған
операциялардан түскен табыстар.
Аудиттің әдістемелік тәсілдері дегеніміз тәжірибені жетілдірудің, сондай-
ақ экономикалық және заң ғылымдарын дамытудың негізінде жасалған арнайы
тәсілдерін айтамыз. Бұл тәсілдер аудиттің мақсатты қызметіне байланысты және
жалпы ғылыми әдістерге байланысты қалыптасқан.
Аудиттің әдістемелік тәсілдерін мынадай топтарға жіктеуге болады:
- есептесу-талдау;
- құжаттық;
- жалпылау.
Есептесу-талдау тәсілдері дегеніміз - экономикалық талдаудың (салыстыру,
топтастыру, бұғау орнату, баланстық қосылымдар және т.б.), аналитикалық
тексерістің, статистикалық және экономика-математикалық әдістердің дәстүрлі
тәсілдерін айтамыз.
Аудиторлық байланыстарды алудың кең таралған әдістері аналитикалық
тексеріс болып табылады. Ол келесі рәсімдерден тұрады:
- әртүрлі қаржылық деректердің немесе қаржылық және қаржылық емес
көрсеткіштердің ара қатынасыныа талдау;
- басқа талдауларға болжау жасай отырып, фактілі деректерді салыстыру;
- өткен мерзімдердің осыған ұқсас деректерімен соңғы есеп беру деректерін,
ұқсас кәсіпорындардың, орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру;
- аяқасты ауытқушылықтарды зерттеу;
-күтпеген жағдайларға талдау жасау;
-басқа тұлғалардан алынған ақпараттарға талдау жасаудың қорытын-дыларын
бағалау.
Клиенттің жазбасы компьютердің файлында жинақталса және аудиторлық
бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету дайындалып жатса, клиент туралы
мәліметтерді жыл сайын жинау кезінде аналитикалық тексерісті жүргізу тиімді
болады.
Құжаттық әдістемелік тәсілдер дегеніміз - ақпараттық қалыпқа келтіру,
нормативтік-құқықтық реттеу, есепке алу құжаттарына тексеріс жүргізу
(зерттеу) болып табылады.
Ақпараттық қалыпқа келтіру – ақпараттарды белгілі бір тасымалдаушыда
анықталған зерттеу объектісі туралы деректердің жиынтығы (алғашқы есепке
алу құжаттары, есептеме тіркелімі және есептілік, т.б.). Аудиттегі ақпараттық
қалыпқа келтірудің мақсаты, объектінің жағдайын, шаруашылық қызметке оның
қатысуын зерттеу үшін, объект туралы нормативтік-құқықтық, жоспарлы,
бухгалтерлік ақпараттарды жүйелеу болып табылады.
Нормативтік-құқықтық реттеу - заңмен, нормативтік құжаттармен,
ережелермен қарастырылған нормаларға және ережелерге қатысты аудиторлық
тексерістер объектілерінің қызметіне зерттеу жүргізу.
Есепке алу құжаттарына тексеріс жүргізу (зерттеу) дегеніміз-
шаруашылық операцияларды жүзеге асырудың растығын орнатудың тәсілдерін
айтады. Олар мыналар болып табылады: құжаттарды тексерудің тәсілдері,
фактілі бақылау жасаудың тәсілдері, бақылау, есептеу, сұрау салу, инспекция
және т.б.
Құжаттарды тексерудің әдістемелік тәсілдерін жіктеу бақылаушы іс-
әрекететтердің дәйектілігіне және олардың логикалық өзара байланысына
негізделеді. Құжаттық бақылаудың негізгі әдістерінің ішінен мыналарды бөліп
көрсетуге болады:
- үстірт;
- арифметикалық;
- заңды;
- логикалық;
- толық, толық емес, сондай-ақ таңдамалы;
- қарсы тексеріс;
- кері санау әдісі;
- шаруашылық операциялардың негізділігін және заңдылығын бағалау;
- есепті қалпына келтіру.
Аудиттің жоғарыда баяндалған әдістері және тәсілдері қаржы есептілігін
бекітуді растау немесе бұрмалауларды табу мақсатында жиналатын аудиторлық
дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етеді.
Қаржы есептілігін бекіту дегеніміз - қаржы есептілігіне қосылатын, тікелей және
басқа жолмен ұсынылатын субъектінің басшылығын бекітуді айтамыз:
1. Бар болуы, саны: актив немесе міндеттеме белгілі бір күнде қызмет етеді;
2. Құқық және міндеттеме: актив немесе міндеттеме белгілі бір күнде субъектіге
тән болады;
3. Құбылыс, пайда болу: есеп беру ішінде субъектіге қатысы бар операция
жүзеге асырылды немесе жағдайлар болды;
4. Толықтығы: көрсетілмеген активтер, міндеттемелер, операциялар немесе
жағдайлар, сондай-ақ ашылмаған баптар жоқ;
5. Бағалау (құнды тарату): актив немесе міндеттеме сәйкес келетін баланстық
құнда көрсетіледі;
6. Өлшеу: операция немесе жағдай сәйкес келетін сомасы бойынша көрсетіледі,
ал табыс сәйкес келетін мерзімге жатады;
7. Ұсыну және ашу: бап қаржы есептілігінің тұжырымдамалық негізгі ұсынымын
қолдана отырып, ашылады, жіктеледі және түсіндіріледі.
«Аудиторлық дәлелдеме» 500 аудиттің халықаралық стандарттарына
сәйкес, аудитор аудиторлық қорытынды негізделетін ақылға сай қорытынды-
ларды қалыптастыру мақсатында, жеткілікті сәйкес келетін аудиторлық
дәлелдемелерді алу қажет.
«Аудиторлық дәлелдеме» дегеніміз - аудиторлық қорытындыға
негізделген қорытындыларды қалыптастыру процесінде аудиторлармен
алынатын ақпаратты айтамыз. Аудиторлық дәлелдеме қаржылық есептіліктің,
сондай-ақ басқа да көздерден ақпараттарды растайтын негіздегі алғашқы
құжаттардан және есептеме жазбалардан алынатын ақпараттардан тұрады.
Аудиторлық дәлелдеме бақылаудың тесттерін және мәні бойынша рәсімдердің
сәйкес келетін кешенін өткізудің қорытындысында алады. Дәлелдемелердің
кейбір жағдайларында мәні бойынша рәсімдердің негізінде толығымен алынуы
мүмкін.
Бақылаудың тесттері дегеніміз - ұйымдардың жарамдылығына және
бухгалтерлік есептің және ішкі бақылаудың жүйелерін жүзеге асырудың
тиімділігіне аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында орындалатын тесттерді
айтады.
Мәні бойынша рәсімдер - қаржылық есептіліктегі маңызы бар
бұрмалауларды анықтау үшін аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында
орындалатын тесттер, қателерді анықтамау жоспарланған тәуекелді төмендету
үшін қолданылады. Олар үш түрге бөлінеді:
1. Операцияларды егежей-тегежейлі тесттері.
2. Сальдо шоттардың тесттері (сальдо балансқа тест жүргізу).
3. Талдау рәсімдері.
Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін, аудитор мәні бойынша келесі
рәсімдердің біреуін немесе көбісін орындайды:
-инспекциялау – жазбаларды, құжаттарды немесе материалдық активтерді
тексеру. Тексеріс, олардың сипатына және көзіне, сондай-ақ оларды өңдеу
процесіндегі ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты сенімділіктің әртүрлі
дәрежесін қамтамасыз етеді [30.48б].
-бақылау - басқа тұлғалармен орындалатын процестерге немесе рәсімдерге
бақылау жасау, мысалы аудитор субъектінің қызметкерлерімен тауарлы-
материалдық қорлар есебін жүргізуге немесе аудиторлық іздерді қалдырмайтын
бақылаушы рәсімдердің орындалуына қадағалау жүргізе алады.
-сұрау салу – субъектінің аясында немесе аясынан тыс хабардар тұлғалардан
ақпарттарды іздеу. Сұрау салулар үшінші тараптарға жіберілген жазбаша сұрау
салулар секілді және субъектінің ішіндегі тұлғаларға бағытталған ресми емес
ауызша сұраулардан тұрады. Сұрау салулар бойынша жауаптар бұрын қолда
болмаған немее аудиторлық дәлелдемелерді растайтын ақпараттарды аудиторға
ұсына алады.
-растау – есептеме жазбалардағы ақпараттарды растау үшін сұрау салу бойынша
жауаптарды ұсыну. Мысалы, аудитор негізінен тікелей дебиторлардан
дебиторлық берешектер туралы растауды сұрайды.
Есептің қорытындысы – алғашқы құжаттардың және есептеме
жазбалардың
немесе
тәуелсіз
есеп
айырысулардың
орындалуының
арифметикалық нақтылығына тексеріс жүргізу.
Талдау рәсімдері – басқа релеванттық ақпарттармен дәйекі немесе
болжанып отырған сомалардан айырмашылығы бар, сондай-ақ ерекше
баптардың барлығына бухгалтерлік жазбаларды мұқият қарастыратын
ауытқуларды және өзара байланыстарды зерттеуден келіп шығатын маңызды
коэффиценттерге және бағыттарға талдау жасау.
Қаржылық ақпараттарды қалыптастыру кезінде ақпараттарды тіркеуді
жинау, өңдеу және жүйелеу сәтінен бастап, қаржылық есептілік түріндегі
жүйеленген ақпараттарды ұсынғанға дейін есепке алудың объектісі ғана емес,
ақпараттарды жинау және өңдеудің барлық рәсімдерін жүзеге асыратын субъекті
де маңызды болып табылады.
Табыстарды есепке алу аудитінің мақсаты:
- алдында тұрған мерзімдерге компаниялардың жеке қаржы есептілігі сияқты
басқа компаниялардың қаржы есептілігімен қатар қойылатын, пайдаланушылар
үшін пайдалы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну;
- компаниялардың қаржы жағдайын дұрыс және толық көрсететін қаржы
есептілігін дайындау және ұсыну.
Ақпараттарды жинау, тіркеу және жүйелеу және қаржы есептілігі
рәсімі қаржы есептілігін дайындауға тартылған тұлғалардың субъектілі
ойларына байланысты болады.
Осыған қоса, қаржы есептілігі кейбір дәрежеде «есепке алу объектісі
туралы субъектілі ұсыныстың» қорытындысы бар болғандықтан, сыртқы
қолданудың әдейі немесе әдейі емес қауіпі туады.
Тексеріс жасауға түсе отырып, аудитор табыстарды және басқаларды
жинау, есепке алу, қалыптастыру және мойындауға қатысты барлық нормативтік
құжаттарды үйренуі қажет [31.74б].
Табыстарды есепке алуды тексеру кезінде аудитордың міндеттеріне
мыналар жатады:
- есеп беру саясатына субъект иесімен қабылданған бухгалтерлік есептің
сәйкестігін тексеру;
- бухгалтерияға алғашқы есепке алу құжаттары өз уақытында түсетіндігін немесе
түспейтіндігін және құжат айналымы қалай ұйымдастырылғанын тексереді;
-Мүліктер және міндеттемелерге түгендеу толық, өз уақытында және дұрыс
жүргізілгенін немесе жүргізілмегенін, есептемеде және есептілікте оның
қорытындылары қалай көрінгенін;
-бас бухгалтердің шаруашылық қызметті жүргізудің заңдылығына, бухгалтерлік
есептілікті ұйымдастыруына және жүргізуіне бақылау жасайтын-дығына немесе
жасамайтындығына тексеріс жасайды;
-табыстарды есепке алу бойынша есептілік тізбелері жүргізілетіндігіне немесе
жүргізілмейтіндігіне және талдау жасаудың есептілігінің деректері
аналитикалық есепке сәйкес келетіндігіне немесе келмейтіндігіне;
-басты кітаппен берілген қаржы есептілігіндегі табыстар туралы ақпарат сәйкес
келетіндігіне немесе келмейтіндігіне.
Табыстар туралы есептілік деректерін тексерудің бағдарламасы келесі
тараулардан тұрады:
-пайдалар мен залалдар және бухгалтерлік есептіліктің тізілімдері туралы есеп
көрсеткіштерінің бірдейлігін тексеру;
- алғашқы есептілік құжаттарын ресімдеуді тексеру;
-өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер) жүзеге асырудан туындаған
қаржы қорытындыларын қалыптастырудың дұрыстығын тексеру;
-басқа да операциялық деректердің есептілікте дұрыс көрсетілулерін тексеру;
-операциялық шығындардың есепке алуда дұрыс көрсетілуін тексеру;
-операциялық
қызметтен түскен қаржылық қорытынды анықтаудың
дұрыстығына тексеру жүргізеді;
-қаржылық табыстарды көрсетудің дұрыстығына тексеріс жүргізеді;
-төтенше табыстарды көрсетудің дұрыстығына тексеріс жүргізеді;
-қызметтің және пайданы қолданудың қаржылық қорытындысын қалып-
тастырудың дұрыстығына және растығына тексеріс [32.81б].
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады.
Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн
салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ
қайтарылған тауарлардың құны, сату шегімдері мен баға шегімдері алынып
тасталынып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы
бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өрдіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп
жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді.Тауарлы-материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде- азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоапарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын
жағдайлар да кездеседі [14,51б].
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құрылады.
Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды
түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының
нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы
қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей
қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие боламуы мүмкін.
Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын
алады.Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің
өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола альайды. Бұл
сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік,
байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады,
яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы
заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдінсіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен
төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен
анықталуына әкелді.Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп
түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке
айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу
бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді
тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті
өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала
төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен
тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп
айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның
кемшіліктері де бар:
-біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
-екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді,
әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер
нарығында монополиялық орын алатын болса;
-үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз
алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен
материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші-жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді
өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құн, сондықтан
оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфлясының әсері
және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің
маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым
қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде
табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы
табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында
өте жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет жасайтын кәсіпорындар
үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін
пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде
қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы
мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн
деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді көлемі шешуші мәнділікке ие
болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға,
жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл
жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ
мерзмді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде
мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржы-лары мен
мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабель-ділігін инфляция
қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражатта-рының
айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындары талап етпейді. Инфляция
айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат
пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі
бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын
ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс
әкеледі. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі
ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі
жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналы-мның дамымауы да
болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.
Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген
сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық пара-
метрлердің және тұтынушылық қасиеттінің жақсаруымен байланысты болса,
онда ол дәлелді болады.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
өнім бірлігінің бағасы;
өткізілген өнім көлемі;
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.Өнімнің өндірістік өзіндік құнының
өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің
нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула
арқылы табылады: [15,48б]\ (1)
- өткізілген өнімнің нақты көлемі;
- өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
- өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыс-тағы баға
өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі: (2)
Мұндағы: және - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен нақты
түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін
алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау
керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан,
жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және
оның құрамындағы құрылымдылық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа
тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін
көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады:
қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша. Өткізілген
өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалуы пайызын есептеу кезінде әр
қалай бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі.
Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін
табыстың өзгеруі өткізуінің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ
құрылымындағы өзгеріске байланысты өткізілген өнімнің рентабельділігіне де
әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан кешіруді,
сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік өзіндік құн
бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері келесі есеп
арқылы анықталады: [16,201б].
(3)
Мұндағы: - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көлемі жоспарының
орындалу деңгейі;
, - өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.
(4)
Мұндағы: ПП – тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін әсері;
Пж – жоспарл ыжалпы табыс.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжиребесінде, өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдылық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) «өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген,
алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың
орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табысты жоспарлы мөлшеріне
салыстыру арқылы;
2) «өткізу көлемінің өзгеруі» факторының әсер ету сомасын «өткізілген
өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша» есептелінген және алынуға
тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы шегеру арқылы.
Тәжиребеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер
ету көлемін есептуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды.
«Өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша» есептелінген,
алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторларлардың жиынтық әсерін
сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін
шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдылық өзгерістерінің
пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар
бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша
жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдацында
алынған табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған
кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы
бағалардың өзгерісі ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорынның өнім
есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар
бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау
мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес,
сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, қажеттілігін
тудырады. Мұндай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық
инспекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономикалық басқару
органдарына болып табылады.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі
өзгерістер жатады:
өткілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткен анықтау үшін, есепті жылы
өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС
және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату
бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен
салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенің
немесе кемегендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі
тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюына
пропорционалды түрде болу тиіс.
3.Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы
шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың
1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы
шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл
айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді
өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі
немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін
көрсетеді.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған
табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен
кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша
анықталады:
ДН=ДЖ-РК (5)
Мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған табыс;
ДЖ – жалпы табыс;
РК – кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік
өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары
қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары.
Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды
жоғарыда атаған көрсеткіштерінен , сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз
байланыстар жүргізу қажет.
Өндірістік өзіңдік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтер
коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдалану-шылар
шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтына
байланысты, жалпы табыс көлемін маржиналды табыс көлемін теңестіруге және
оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесідер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру және оның есеп беру
мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен оладрың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
- баланстық өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау./6, 24бет/
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін
талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады және ол үш сатыны
қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы комерциялық,
өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін
қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде
пайдалануына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдығына, сондай-ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол
жеткізуге бағытталуы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары
арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық
қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен
анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын
алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап
тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және бір қалыпты
өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның
қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде
өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына
ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде
кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша
қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне,
демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты
аз жұмсайды және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының
нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік
қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайына
елеулі көрініс табады./7, 98бет/
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңдегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің қалыптасуы көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1.3. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен аудитін жетілдіру жолдары
Бүгінгі таңда басқарушылық құрлымды ақпараттық және бақлаушы-
талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті
саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр.
Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа
және басқарушылыққа, ал аудитті – сәйкестіке орай, жалпыға, қаржылық есеп
беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа
және т.б. бөлу. Бұл бухгалтерлік есептің, қаржылық-экономикалық талдаудың,
аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған
елдердің алдынғы қаттарлы тәжірибелері мен озық тұжырымдамаларын әлде
қайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Қызметті жақсы
ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай
қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса
қажет. Деректерді уақытылы бағалау саралап баға беруге мүмкіндік береді және
әртүрлі
қатысушылардың,
атап
айтқанда,
инвесторлардың,
қарыз
берушілердің,жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің,
әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қосса ескеру арқылы
тиімділікті арттырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа бөлу
бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық және қазақстандық
стандарттардың талаптарына толық жауап береді. Мұнда қаржылық есептің
деректері қаржылық талдаудын ақпараттық базасы ретінде қызмет етеді, ал
басқарушылық ұызметтің көрсеткіштері басқарушылық талдаудың аясында
қызмет етеді. Қаржылық-экономикалық талдауды ұйымдастырудың мұндай
ұтымдылығын дамыған елдердің тәжірибәсі көрсетіп отыр. Сонымен бірге
сыртқы қаржылық талдау мен ішкі немесе басқарушылық талдаудың арасында
белгілі бір шеңбермен шектелген шекара жоқ, өйткені ішкі талдау сыртқы
талдаудың жалғасы ретінде қарастырылады немесе оған керсінше.
Шаруашық ішіндегі кешендік аудит бастапқы құжаттардың ақпарат
көздері, бухгалтерлік тіркемелермен есеп, техникалық дайындық
мәліметтері,шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің тиімділігін
тексеру, нормалар мен жоспарлар ретінде пайдаланылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижиелеріне қол
жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін
болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер
жүктейді. Нарықтық экономика жағдайыгда кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне де,
сыртқы жағдайларға да,оның ішінде маңыздылары болып табылатын нарық
конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі менмемлекеттің
экономикалық саясатына байланысты.
Кәсіпорынның есеп беру мазмұны ҚЕХС және бухгалтерлік есептің
стандарттарымен белгіленеді.Қазақстан республикасында жылдық қаржылық
есеп беру кәсіпорындарға мына формалар бойынша ұсынылады:
бухгалтерлік баланс;
кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
ақша қозғалысының есептілігі;
меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептілік;
кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат.
Оған шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қорытынды қаржылық
нәтижелеріне есепті кезеңде әсер ететін негізгі факторлардың өзгерісін ашатын
түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.
Қазақстан Республикасы Заңнамасының 5 тарау 20 бабына сәйкес
1- қаңтар 2008 жылдан бастап Қаржылық Есеп Берудің Ұлттық Стандарты
(ҚЕБҰС) енгізілді.Қаржылық Есеп Берудің №2 Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС №2)
- «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31
қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес айқындалатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне,
жария мүдде ұйымына, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы
заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы
компанияларына бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және қаржылық есептілікті
жасайды.
Осы стандарт бойынша:
1) актив – болашақ экономикалық пайда алуды күтіп отырған өткен
оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурс;
2) ақша қаражаты – кассадағы ақша қаражаты мен талап етіп алғанға дейінгі
депозиттер;
3) ақша қаражатының қозғалысы – ақша қаражаты мен ақша қаражаты
баламаларының ағылып келуі және қайтуы;
4) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп – субъектінің ақша қаражаты мен
ақша қаражаты баламаларының ақша қаражатының қозғалысы операциялық,
инвестициялық қызметтер мен қаржыландыру қызметінен бөлек көрінетін
кезеңдегі өзгерісі туралы ақпарат бар қаржылық есеп;
5) негізгі құралдар – тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде
немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе
әкімшілік мақсаттарға арналатын және т.б;
Қаржылық Есеп Берудің №2 Ұлттық Стандартының (ҚЕБҰС №2) өз есептеу
қағидаттары бар. Субъект есептеу қағидатын пайдалана отырып, ақша
қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептерді
жасайды. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін
белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер,
міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (қаржылық есептердің
элементтері) ретінде танылады.
Алғашқы есептік кезеңге жасалатын есеп берудің формасынан басқа
қаржылық есеп берудің барлық көрсеткіштері бойынша олардың өткен
кезеңдегі мәні келтірілуі керек. Егер өткен кезең мәліметтері есепті кезеңнің
ұқсас көрсеткіштерімен сәйкеспейтін болса, онда оларды түзету керек. Әрбір
түзету себебі есептеу және бағалау әдістері түсіндірме хатта көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есеп берудің маңызды элементі – активтер, меншікті капитал
және субъектініңміндеттемелері болып табылады. Есеп беру формаларының
тиісті бөлімдерінде баптар бойынша оларды анық ашып көрсету шаруашылық
көрсетуші субъектілер қызметінің қаржылық кешендік және операциондық
аудиттерінде аса маңызды орын алады.
Активтер - субъектінің құндық бағасы бар мүлкі, мүліктік және мүліктік
емес иеліктері мен құқығы. Міндеттемелер - басқа бір тұлғаның пайдасына
белгілі әрекентті жүзеге асыратын тұлғаның міндеті.
Меншік капитал - міндеттемелерін шегергеннен кейінгі субъектілер активтері.
Активтердің (А), меншікті (акционерлік) капиталдың (МК) және міндеттемелдің
(М) өзара байланысы негізгі бухгалтерлік теңдеумен тұлғаланады:
А =МК+М
Бұл формула бухгалтерлік есептегі қосарлы жазба тұжырымдамасына
негізделеді. Міне нақ осы теңдеуге мыналар сүйенеді: есептік-талдамалы
процедуралар, баланс пассиві мен актив баптарын жіктеу, басқа формадағы
қаржылық есеп берулердің көрсеткіштері және т.б. мәселен, акционерлік
қоғамдарда меншік (өзіндік) капиталдың (ӨК) шамасы жарғылық капиталдың
(ЖК), қосымша төленген капиталдың (ТК), резервтік капиталдың (РК) және
бөлінбеген табыс (БТ) мөлшерлерімен анықталады;
ӨК= ЖК+ТК+РК+БТ.
Бұл жағдайда негізгі бухгалтерлік теңдеуді былай жазуға болады:
А=ЖК+ТК+РК+БТ+М
Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп беруі
пайдаланушыларға ашық жарияланады. Жылдық қаржылық есеп берудің анық
сенімділігін тәуелсіз аудитор растайды.
|