Қорытынды
«Expert Prom LTD» мемлекеттік кәсіпорны еңбекақы төлеу бойынша
бухгалтерлік есебі мен ішкі аудитінің теориялық және тәжірибелік
аспектісілеріне, талдауына қорытынды жасай отырып, осы жұмыста
қарастырлыған келесідей мақсат – міндеттерін атап өтейік:
− басшылардың, мамандардың және қызметкерлердің негізгі жалақылары
лауазымдық жалақылар жүйелерін әзірлеумен пайдалануына негізделгендігін;
− міндетті құқықтар мен жауапкершілік шеңберінде қарастырылған
жұмысшының қызметтік деңгейіне байланысты әр лауазымды басшылардың,
мамандар мен қызметкерлердің біліктілік анықтамалығы негізінде сипаттама
жасалынуы.
«Expert Prom LTD» мемлекеттік кәсіпорны еңбекке ақы төлеу жүйесінің
негізгі кемшілігі – кәсіпорын басшылығы тарапынан бухгалтерия жұмысына
немқұрайлы қарау болып табылады. Мұндай жүйеде басшы бухгалтерия
ақпараттарын тұтынушы болмайды. Кәсіпорын басшысы негізгі құралдарды
бақылауда көп күшін салмайды, бірақ нормативтік талаптарды ол толығымен
сақтайды.
Кәсіпорында еңбекке ақы төлеудің бухгалтерлік есебі тәжірибеде бірнеше
кемшіліктермен қақтығысады: Қазақстан Республикасында қолданылатын
еңбекақы туралы заңнаманың жетілмегеніне, сонымен қатар оның қазіргі есептеу
техникасының көмегі кезіндегі есеп шарттарына бейімделмеуіне байланысты.
Осылайша, «Expert Prom LTD» мемлекеттік кәсіпорны бухгалтерлік есебін
жақсартудың маңызды жолының бірі еңбекке ақы төлеу есебіне қосымша
бақылау жүргізу деп саналады. Кәсіпорын басшылығы жағынан қосымша
бақылау жүргізу маңызды деп санаймын. Бұл дегеніміз басшымен бухгалтерлік
құжаттарды қарау, олардың сол салада қолданатын нормативті актілерін тексеру.
Мұндай шара кәсіпорында еңбек тәртібін жоғарылатады және еңбекке ақы
төлеуге қаражаттарды ұтымды жұмсауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығы жағынан бухгалтерлік есеп
көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс уақытын тиімді пайдаланудың талдауын жүргізу
керек. Соған сәйкес басшы кәсіпорын жұмысы туралы толық мәлімет алып
отырады.
Жұмыс уақытын пайдалану және оның төлемі туралы сенімді ақпаратты алу
нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде өте маңызды болып табылады.
Бухгалтерлер қызметін көп нәрсе қиындатады: жаңа жүйеге ауысу
қиындығы және нарықтық қатынастар дамуының шарттарында жұмыс жасау,
бұндай шарттарда жұмыс жасау тәжірибесінің болмауы және т.б.
Қоғамның негізгі қолданылатын жалақы нысандары мынадай негізгі
талаптарға сай болуы керек: еңбек шығындарының негізделген нормаларын
пайдалану (жұмысшылардың еңбек міндеттемелері); тиісті біліктілік жұмыс
күшін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тарифтік ставкалар қолдану; жұмыс
нәтижелерінде жоғары материалдық мүдделерді жасау.
Көрсетілген мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін кәсіпорында бухгалтерлік
есептің мән-жайы және мұрағаттық материалдары бойынша бірыңғай
материалдарының базасы болуы қажет. Деректер базаларының құрамы түрлі
болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде нақты есептік қызметке жүйенің бейімделу
негізі парамертлерін беретін қабылданған шоттар жоспарына сәйкес болуы
керек. Сонымен қатар, кәсіпорын жалақысын есепке алу процесінде Қазақстан
Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңына, аудит туралы
нормативтік құжаттарына сәйкес жоғары сатыдағы жауапкершілікпен аудиттік
тексеру жүргізіледі:
− тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы, Қазақстан
Республикасының заңын бұзушылық туралы мәліметтерді, шаруашылық
субъектісінің кәсіпкершілігіне қауіп төнген жағдай болса аудитор тапсырушыға
жедел түрде хабарлауға міндетті;
− тапсырушылардан, үшінші жақтан тексеру барысында жасалған есептеу,
анықтама жасауға арналған тағы басқа құжаттардың мұқият сақталуын
қамтамасыз ету;
− тексеру барысында анықталған шаруашылық субъектілерінің
кәсіпкершілігі туралы мәліметтердің коммерциялық құпиялылығын сақтау,
үшінші жаққа мәлімет тек қана тапсырушының рұқсаты бойынша және
Қазақстан Республикасының заңды талабына сәйкес жағдайда ғана беріледі.
Бухгалтерлік есеп, аудит және экономикалық талдау бизнестің жағдайы
туралы ақпаратты өңдеу мен дұрыстығын тексерудің жалпы қабылданған
жинақтау жүйелері ретінде атқарады. Қазақстан Республикасында кезеңдік
реформалау нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік
есебін, қаржылық бақылауы мен іс-қызмет аудитің ұйымдастыру бойынша
халықаралық талаптарға сай құқықтық-нормативтік база жасалады.
Бизнестің тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде
әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес,
сондай-ақ белгілі бір экономика секторының әр түрлі салларындағы дағдарыс
жиілігінде, нарық коньюктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап
білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік
жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді.
«Expert Prom LTD» мемлекеттік басшылығына төмендегідей ұсыныстар
берілген:
− еңбекақы есептеудің нақты дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін
еңбекақы есептеудің барлық формаларын қолдану;
− қаржылық есептілік дұрыстығына көз жеткізу мақсатында ішкі
аудиторлық тексеру жүргізуді;
− қазақстан нарықтық экономика жағдайында көп қолданылатын екінші
кассаның қолданылмауын қадағалау;
− «1С:Бухгалтерия 7.7» бағдарламасынан «1С:Бухгалтерия 8.0»
бағдарламасына көшуін;
− уақытты
үнемді
пайдалану
үшін
«Клиент-қазынашылық»
бағдарламасын қолдануын.
Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, еңбекақы төлеу
бойынша есеп айырысу аудиті жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы
төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің, еңбек Кодексінің сақталуын бақылау,
жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақылардан ұсталымдарды ұстау мен
жұмысшылардың еңбекақыларын төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің
дұрыстығын тексеру болып табылады.
|