Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы
Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Батырым,
Не істеген жөн. Қажет кеңес-ақылың?
Сенсің жалғыз қандас, бауыр, жақыным,
Өтеуін бер туысқандық хақының.
Бұл істе мен еттім сені кеңесшім,
Біліміңмен бұл кеңеске теңескін.
3485 Қадашымсың*, бол тілесең — адашым,
Адаш — қадаш тұтас, бөлмес арасын.
(Қандасымсың, бол тілесең — жолдасым,
Айырма жоқ қандас — жолдас болғасын.)
Өзің бүгін шын жанашыр, сенерім,
Не қылайын, айтқын, ерік беремін.
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы
Былай деді Өгдүлміш жауап беріп:
Ай, құтты ер, сұрама мұны сеніп.
Хабаршы қып жіберген Елік мені,
Кеңесші етіп, білмексің енді нені?
«Баралық» — тек сөзім сол, қайталарым,
Барма деп өзім қалай айта аламын.
(Баралықтан басқаны айта алмаймын,
«Барма!» — деп те сөзімнен қайта алмаймын.)
3490 Пайдасы көп өзіңмен бірге жүрсем,
Қандай ақыл беремін, біле білсең...
(Бірге болсаң, пайдаң көп теңдес келмес,
Өз пайдасын көздеген кеңес бермес.)
Не депті аңда, білімдісі шегілдің*,
Біліксіз, ұқ, бойды беріп, иілгін:
«Кеңеспе, өз пайдасын көздегенмен,
Себі тимес, ей , құтты ер, сөйлегенмен.
315
Кеңессең, сондай жанмен ақылдасқын,
Өз пайдасын ойламай жақындассын.
Пайда ойлаған пайдасы үшін жанығар,
Жарамдыны жарамсыз дер, тарылар.
(Өз пайдасын ойлап іші күйеді,
Кері сөйлеп, бір зияны тиеді.)
3495 Қай істе де кісі керек кеңесер,
Көңіл сүйген ісіңе не теңесер!?
Өзіңе өзің бауырмалсың өзгеден,
Сөзіңді тый, жанға сенбе көлденең!»
Сен өзің біл, бір шешімге келерде,
Бұл істе ақыл сұрамағын менен де?!
Сені алғалы келдім алыс жолды асып,
Кеңесім сол — тұр, аттандық қолдасып!
Кісілерден бұйыратын ізгілік,
Мына жерден табылмайды, жүр біліп!
3500 Ұлыс, шаһар жақсылығын, аңғарсаң,
Айттым түгел, енді таңдап-алғарсың.
Білерсің сен, шын сөзді айттым ылайым,
Тілеуіңді тілеп, куə құдайым.
(Біледі ием, тілеп саған жақсылық,
Білерсің сен, айттым сөздің нақ шынын!)
Не істеді, кісілерден жерисің,
Кісі ісін істе, аралас — ерисің...
(Не істеді, кісілерден қашасың,
Кісілермен қатыс — өрге басасың.)
Мұсылмандық жаса, жоққа қарасып,
Жұмақ төрін, Алла берсе, аласың.
Тіл, көңілді түзе, қыңыр түспегін,
Қайда жүрсең, құтты қылық істегін.
3505 Кісімен бол, кісілерден безбегін.
Кінəңді біл, кісі айыбын термегін.
316
(Кісікиік болып, жұртты бөлмегін,
Өзіңнен көр, кісі айыбын көрмегін!)
Мұны мегзер бəйітті, бек, қарарсың,
Оқып, ұғып ішке түйіп, бағарсың:
«Қайда жүрсең, жақсы бол, төк теріңді,
Ізгілік қу, қума асыл тегіңді!
Кісі ізгісі, көр, өзін де ұмытпас,
Қайда жүрсін, теріс жолға жуытпас.
(Бағар өзін, жақсы кісі жөн білер,
Қайда жүрсін тек қана ізгі жол тілер!)
Қылығы ізгі, көңілі ізгі ер — көгерер,
Қайда істесін, мың шаттыққа бөленер.
3510 Б а рл ы қ же рд е ж а қ с ы — ж а қ с ы б о п қ а л а р
Жақсылыққа жақсылықты көп табар.
Құлқыңды оңда, ессіз болма, торықпа,
Қайда жүрсең сонда жүргін, қорықпа!
Достарыңызбен бөлісу: |