Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Сұрады Елік Одғұрмыштың қандайын,
Айтқын, -— деді, сонсоң, — істің мəн-жайын.
Не сөз болды? Ісің қалай, көне ме?
Тілегіңе не деді? Өзі келе ме?
* * *
Өгдүлміш ең əуелі хатты берді,
Елік алып, ашты да, оқып көрді.
3845 Қызарды өңі, өзгерді, жүз ойланды,
Күлімсіреп сонсоң біраз толғанды.
* * *
Деді: — Інің ірі сөздер теріпті,
Торқа берсем, тікен түйіп беріпті.
Мін жоқ сөзде. Шын сөз мірдей кескілер,
Тура сөз — шын, шындық ащы естілер.
Тілмен не айтты, нендей ойға кенелдің?
Түгел жеткіз не естідің, не көрдің?!
339
Достарыңызбен бөлісу: |