«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ТІЛ ӨНЕРІНІҢ ҚАСИЕТ-СИПАТЫ МЕН ПАЙДА-ЗИЯНЫ



Pdf көрінісі
бет19/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   247
7. ТІЛ ӨНЕРІНІҢ ҚАСИЕТ-СИПАТЫ МЕН ПАЙДА-ЗИЯНЫ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Ақыл, білім тілмəші — тіл, тіл — кепіл, 



 

Жадыратар ерді шырын тілді біл!

 

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,



 

Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.

 

Тіл — арыстан, есік баққан ашулы, 



 

Үй иесі, сақтан, жұтар басыңды!

165.   Не дейді, ұққын, тілден жафа шеккен ер, 

 

Сөз бұл есте тұтып, істе ескерер:



 

«Тілімнен көп  жафа шектім, есебім: 

 

Бас кесілмес үшін тілді кесемін!




 77

 

Сөзіңді бақ, басың  кесіп алмасын, 



 

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

 

(Жұрттың тілі удай, сөйлеп  шет қылар, 



 

Кісі құлқы сұм, етіңді жеп тынар.)

 

Білім берді, білікті өткір тіл берді, 



 

Тіл  иесі, басыңды бақ, біл де енді!

 

Тілесең сен есендікте жүруді, 



 

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

170.   Біліп айтқан сөз — білікті саналар, 

 

Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.



 

(Біліп айтқан сөз — даналық деседі, 

 

Біліксіз сөз қайран басты кеседі!)



 

Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім, 

 

Жəне сөйлеп жəне ештеңе өнбеді!



 

Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін, 

 

Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.



 

(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды, 

 

Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)



 

Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар, 

 

Көп сөз басты  иіп  жерге, жеп тынар.



 

Көп сөйлесең, «Езбесің» деп, жек көрер, 

 

Сөйлемесең, «Мылқау екен», деп сөгер!



175    Бұлай болса, тек шеберлік — керегің, 

 

Тілді, ширақ болсаң, өсер беделің!



 

Тіліңді бақ, басың аман болады,

 

Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.



 

(Тілді күтіп, бақсаң — аман басың да, 

 

Сөзді қысқа қылсаң  — ұзын жасың  да!)



 

Зияны көп, пайдасы мол — ақталар, 

 

Сондықтан тіл мақталар да датталар!



 

Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын, 

 

Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын!




 78

 

(Тауып сөйле, сөзің оңды, жөн болсын, 



 

Сөзің басыр адамдарға көз болсын!)

 

Біліксіздер өзі нағыз басырдың, 



 

Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!

 

(Біліксіздер — надан, көзін байлаған, 



 

Білімдіден өнеге ал, ей, надан!)

180    Туған өлер, көрсең қалар белгісіз, 

 

Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз!



 

Қос нəрсені шалмас қарттық құрығы: 

 

Бірі — ізгі сөз, бірі — ізгі құлығы!



 

Туған адам өліп, сөзі қалды, көр, 

 

Өзі кетіп, ізгі аты қалды, көр!



 

Тіршілікте келсе өзіңнің өлмегің —

 

Сөз, құлқыңды оңда, жақсарт, ей, бегім!?



 

Тілді сөктім һəм мадақтап демедім, 

 

Мұным — сөздің сырын ұқсын дегенім.



185    Күллі сөзді жисаң да, ақылды асырмас, 

 

Керек сөзді сөйлер кісі, жасырмас!



 

Сөзді ұлыма арнадым мен, ер-батыр, 

 

Ұлым, тыңда, менде алтын — кен жатыр.



 

Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым, 

 

Өсиетімді қабыл алғын, құлыным!



 

Күміс, алтын қалса менен сендерге, 

 

Оларды сен бұл сөзіме теңгерме!



 

Күмісті іске тұтсаң — бітіп қалады, 

 

Сөзімді іске тұтсаң — күміс табады.



 

(Күмісті іске тұтсаң — құрып, азады, 

 

Сөзімді алсаң, саған күміс қазады!)



190    Қалар мұра — сөз, кісіден кісіге, 

 

Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе,



 

(Кісілерге мирас ата сөзі ғой, 

 

Ата сөзі, ұқсаң — құттың көзі ғой!)




 79

* * *


 

Білікті бек түйме бүгін қасыңды, 

 

Именіп кеп айтсам құзыр, расымды!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет