О.Г.Большаков т.б.).
Алтай түркілерінің УІ ғасырдың орта тұсындағы Тынық мұхит — Қара
теңіз аралығына дейін созылған елеулі ықпалы деректерден белгілі. ІХ ғасырға
дейін ұлан-ғайыр жер аумағында қуатты империя құрған батыстүркі мен
шығыстүркі қағанаты ішкі алауыздықтың, сыртқы жаугершіліктің əсері нен
күйреді. Іргесі ыдырап, сөгілді. Ол дəуірден əлем мəдениетінің жалпыға мəлім
ірі феномендері, əйгілі түркі сына жазулары, Орхон — Енисей ескерткіштері,
күні бүгінге дейін əр аймақтан табылып қалып жүрген бал балдар қалды.
Содан кейінгі ІХ—ХІІІ ғасырлар арасы (841—1212 жж.) Қарахандар əулетінің
дəуірлеген дəуірі. Қарахандар əулетінің, ханының, империясының шығуы
жөнінде онға тарта болжам бар. Қазір қарахандар мемлекетінің негізі қарлық-
тар (В.В. Григорьев) деген болжамға ден қоюшылар басым. Қарахандар елі
«Афрасиаб үйі», «Мүлік əл-Хақании» деп те аталған. В.В. Бартольд та негізінен
Қарахандар əулетінің саяси, əлеуметтік, мəдени қаңқасын құраған үш тайпаны
ғана атайды. Олардың қатарында қарлық та бар. Қарлықтар кімдер? Батыс
Алтай аймағын, Қара Ертісті қапталдай мекендеген түркілер. Қарлықтардың
(таулықтардың) алғашқы легі Орта Азияға VІІІ ғасырдың басында-ақ өтіп,
Əмудария жағасына дейін жеткен. Алтайда, Тұғарстанда, Жоңғарияда иелік
ете берген. Ал 681—682 жылдары, Монғолияда екінші түрік қағанаты пайда
болғанда, қарлықтар «Өтүкен қожалықтарына» бағынады. Мұны келтіріп
отырғанымыз «Құтадғу білігте» «Өтүкен», «Өтүкен бегі» деген атаулар
кездеседі... Дастан беттерінде кездесетін шығыл, йағма атауларына да, адам
аттары мен жер-су атауларына да əдеби еңбектегі тарихи шындықтың түйінді
бір деректері деп қарау керек. «Возникновение Караханидского каганата
было естественным следствием развития древнетюркской государственности,
носителями которой стали карлуки. Они унаследовали западно тюркский
каганат и восстановили ту систему, которая сложилась, в основных чертах,
12
еще в VІ в.»
*
Тарихшы М.Ақынжанов: «...қарлықтар Алтай, Тарбағатай тау-
ларынан бастап, Жетісуға дейін, одан əрі Талас, Сырдария өзендеріне дейін
өзіне қаратып, 766 жылдары Қарлы атымен феодалдық мемлекет құрды.
УІІІ ғасырдың аяғында, ІХ ғасырдың басында бұл мемлекет өте күшейіп...
қазақ аталып кеткен барлық ру-ұлыстарды бағындырды»
**
деген жеке өзінің
байламын осыдан қырық жыл бұрын жазады. Кляшторныйдан алған мысалмен
салыстырып көргенде ойландыратын да пікір. Дастан мəтінінде «Йабғу»
деген сөз кездеседі. «Йабғу, — деп жазады «Худуд əл-əлемнің» авторы, —
бұл қарлықтар ханының бұрынғы лауазымы». Əл-Жиһəзи, Гардизи Тахир
Мəрбəзи жəне əл-Мəсудидің дəлелдері бойынша, ұйғырлар ықпалы əлсіреген
кезде түркі тайпаларына жоғарғы билік қарлықтың Йабғасына көшті.
Қарахандар елінің ең жоғарғы, мəртебелі қаған (шығылдар) орталығы
Баласағұнда орналасады да, кіші қаған (йағмалар) орталығы əуелі Таразда
болып, кейін Қашқарға (Ордакент) ойысады. Осы кезеңдерде, кейін ХІІ ғасыр-
дағы жаугершілік уақыттарда да Баласағұн тарихи оқиғалардың нақ ортасында
тұрды. Ескі екі керуен жолының біреуі Самарқанд — Ташкент — Тараз —
Баласағұн арқылы Қытайға ұштасып жатты. Шу өзенін бойлап Іле Алатауының
бауырына қарай тартқан жол Шелекті басып Шығыс Түркістанға, бір тармағы
Іледен асып, Қойлық, Қопал, Алакөл арқылы Монғолияға бастайтын жаңа
керуен жолы да батыс пен шығысты жалғастыратын күретамырлардың бірі-
нен саналған. Осының өзі-ақ Баласағұн шаһарының дамуына қызу ықпал
жасаған. Кейін, ХІІІ ғасырда, Сарайшық қаласынан табылған қыш құмырада
«Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз, Кісі көркі — жүз, Жүздің көркі — көз»
деген «Құтты біліктің» бір бəйіті жазылғаны тегін болмас..
«Құтты білік» көшірмелерінің өзі бір шеті Мысырдан, бір шеті Венадан
шығуы тағы да кездейсоқтық деп ойламаймыз. Бұл мəдени даму тынысының
қарымдылығының, қызу қарым-қатынас пен өркениетті үрдістің белгісі.
Баласағұн қаласының орны жөніндегі болжамдар да біршама. Мысалы,
В.В.Бартольд күйреген Ақ Бешім мен Боран бекеті ме деп шамалайды. Қазақ
ғалымдары (проф. Ғ. Шəлекенов) қазіргі Ақтөбедегі экспедициялық іздестіру,
зерттеу жұмыстарына сүйеніп, оны Баласағұн деп дəлелдейді. Қалайда,
Жетісу жеріндегі қазақ даласындағы іргелі астана.
Баласағұн қаласы — тарихта əлденеше күйреп, əлденеше қалпына келтіріл-
ген көне шаһар. Бірақ біздің негізгі əңгімеміз негізінен түркі жұртының
тұңғыш классикалық дастаны хақында болғанымен, шығармаға қатысты
деректердің қай-қайсысы да назардан тыс қалмауға тиіс. Сондықтан да, толық
болмаса да, сол дəуір, қала жайлы бірді-екілі тұжырымды мағлұматтарды
білдіре отырғанды жөн санадық.
Дастанның басты мақсаты — бақытты қоғам, құтты ел түзу ғой. Сондықтан
да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейін баянды
баяндайды. Ғұлама ақын бірде өмір, тұрмыс заңдылығынан туған, бірде
қиялын оятқан утопиялық тебіреністерге батады, терең мағыналы пəлсəпалық
пайымдаулар түйеді. Баласағұн — ірі саяси, мəдени кіндік шаһар. Орта ғасыр-
лардағы тарихи керуен жолдарының оған соқпай өткені жоқ. «Құтты білікте»
елші, жиһанкездердің, саудагерлердің, қолөнершілердің мінез-құлқы, олармен
* С.Г. Кляшторный. Эпоха «Кутадгу билиг». Советская тюркология. №4, 1970.
** М. Ақынжанов. Қазақтың тегі туралы. А.: Қазмембас, 1957. 29-бет.
13
қарым-қатынас жасау реттері жеке-жеке арнайы тарауларға негіз болғандығы
тегін емес. Осындай сараң деректердің өзі-ақ сол кездегі қоғамдық-əлеуметтік
жағдайдан хабардар етеді. Қала сəулеті, сауда-саттықтың өркендеуі, отырықшы-
лықтың қалыптасуы, өнер, ғылым — осының бəрі де «Құтты білік» секілді
дастанның дүниеге келу заңдылығын, тарихи алғышарттарын танытады.
Дастанның өз кіріспесінен де кітаптың сол кезде-ақ дүниеге кеңінен мəлім
болғанын білеміз. «Машрық уəлаятында, күллі Түркістан елдерінде Бұғрахан
тілінде, түркі сөзімен бұл кітаптан жақсырақ кітапты əр кезде ешкім жазған жоқ»
*
.
Машын, Шын, Шығыс елдерінде «Шахтардың əдеп-қағидалары», «Мемлекеттің
дəстүрі», «Өмір зейнеті» десе, ирандықтар «Шахнама түркі», бағзы біреулер
«Падишаларға насихат», турандықтар «Құтадғу біліг» десіп ат қойыпты
**
.
Бізге «Құтты біліктің» үш қолжазбасы жеткен. Əрқайсысының тағдыры,
бүгінге жету жолы бір-бір аңыз, өзінше бір тарих. Вена нұсқасы Венада сақ-
таулы тұр. Кейде көшіріп алынған жеріне қарай Ғират нұсқасы деп те аталады.
Академик А.Н.Кононов көшірушінің есімі Хасан Қара Сейіл Шамс (?) болу
керек, ... 1439 жылы 17 маусымда көшіріп біткен деген пікір білдіреді
***
. Араб
əрпімен жазылған нұсқадан ұйғыр əрпімен көшірілген. Бұл қолжазба белгісіз
себептермен Ғираттан Тоқат қаласына (Түркия) жетеді, одан 1474 жылы
Стамбұлдан шығады. «Хыжра бойынша 879 жылы, жылан жылы Тоқаттан
Стамбұлға Фенəризада Қади əлі Əбдіразақ Шейх-заде Бақсы үшін жаздырып
алады»
****
. Бұдан кейін қолдан-қолға көшіп жүргенге ұқсайды. 13—14-бетінде:
«Біз Налбанда Хамзадан сатып алдық. Хайреддин молланың жұма мешітінің
жанында; делдал Хожа Қажы куəгер» (190) деген жазуы бар. 1796 жылы елшілік
қызметте жүріп Австрия ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пургшталь (1774—1856)
букинистен сатып алып, Венадағы Король кітапханасына тапсырады. Вена
нұсқасын тұңғыш рет венгер ғалымы Г.Вамбери 1870 жылы Инсбург қаласында
бастырып шығарды. Сəл кейінірек, 1890 жылы, орыс ғалымы В.В. Радлов
жариялатты.
Екіншісі — араб əрпімен жазылған Каир нұсқасы; 1896 жылы Каирде
кітапхана директоры, неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Каир нұсқасының
көшірмесін 1898 жылы В.В. Радлов Петербург ғылым академиясының Азия
музейіне алдырған. Мұны да бастырып шығарған. Көшірме қазір Ресей
ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград (Санкт-Петербург)
бөлімшесінің қолжазбалар қорында сақтаулы.
Үшіншісі — ең толығы, жақсы сақталғаны Наманған (Ферғана) нұсқасы.
Араб əрпімен жазылған. 1913 жылы Наманған қаласынан, Өзбек КСР-і,
Мұхамедхожа ишан Лəлəріш дегеннің жеке кітапханасынан А.З. Валидов
тапқан. Кейінірек, 1925 жылы, өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып алып,
Ташкентте қысқа сипаттама жазады.
Қазір Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану инсти-
тутында сақтаулы.
Үш нұсқаны салыстырып қарағанда, Каир, Наманған нұсқалары өзара
* Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. — Ауд. Асқар Егеубай. А., 1986.
** Сонда.
*** Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского «Благодатное знание», в книге
Ю.Баласагунский «Благодатное знание». М., 1983.
**** Р.Р.Арат. Кутадгу билиг. І. Метин. Истамбул, 1947.
14
жақын, үндес келіп отырады да, Вена-Ғират нұсқасы көп жағдайда бұлардан
алшақтап кетеді.
«Құтадғу білігтің» үзінділерінің неміс тіліндегі алғашқы аудармасы мен
толық басылымын Г. Вамбери жасаған. Одан кейін В.В.Радлов өзінің мəтіні
мен өзінің неміс тіліндегі аудармасын жариялатты. Үш қолжазбаның басын
қосып, транскрипцияланған құрама мəтінін, аудармасын, индекстік сөздігін
жасаған түрік ғалымы Р.Р.Араттың сіңірген академиялық еңбегі аса зор.
А.А.Валитова диссертация, мақалалар жазып, сыни мəтінін құрастырды.
Кезінде француз ғалымы А.П.Жауберт, дат ғалымы В.Томсон, неміс дəрігері
Отто Альбертс, Н.И.Ильминский, Ф.В.Мюллер, А.Лекок, тағы басқалар əр
түрлі дəрежеде назар аударып, пікір білдірген.
Егер тарихи дəйектілікке жүгінсек, ғылым алдындағы əділдік үшін
алғашқы зерттеуші ретінде, шартты түрде болса да, француз ғалымы
А.П.Жауберт (1779—1847 жж.) есімін атауға тиіспіз. Мəтіннің мазмұнын
түсіндіріп, оқуда жіберіп алған елеулі ауытқуларына қарамастан, оның
«Құтадғу білігке» арналған хабарламасы алғашқы ғылыми көзқарас болды əрі
поэмаға бірқатар ғалымдардың назарын аударды.
Флюгель, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский соның мақаласына сүйенді.
Содан кейін барып Г.Вамбери, В.В.Радлов...
Өзбек тіліндегі жолма-жол аудармасы мен өзбек əліппесінің ыңғайына
қарай транскрипцияланған мəтіні Ташкентте 1972 жылы (Қ.Кəрімов) жарық
көрді. Орыс тілінде таңдаулы тараулары тым еркін, көркемделіп аударылып
«Наука быть счастливым» деген атпен 1977 жылы (Н.Гребнев, «Худ. лит.»
Достарыңызбен бөлісу: |