Заң, саясат, салтты солар түзеді.
Істі үйреніп, игілігін қалаған...
Ісіне сай ақыл, көңіл алады.
204
Кімді бек қып жаратпақ хақ, сенеді,
Соған ақыл, жүрек, қанат береді.
1935 Бектің ісі тек бектердің еншісі —
Бектер ісін ұғар бекке тең кісі.
Білер жетік бұл істі Елік өзі де:
Атасы бек еді, енді — өзі бек!
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Сөйледі Елік: — Ұқтым. Шын сөз айтқаның,
Сөзің жұпар. Тура сөйлеп, қайтпадың.
Іс істеуші тек ісімен жүреді,
Ал сапасын көрушілер біледі.
Мен — істеуші, сен — көруші, қарасаң,
Көрушіден істеуші алар бағасын!
1940 Алла саған ақыл, білім, ес берді,
Ақыл, білім жеткізерін ескерді.
Қаршадайдан маған келіп жалдандың,
Заңды танып, əділетті аңғардың!
Барлық істі өзің біліп, ұғындың,
Бауырмалсың сөзің, құлқың жұғымды.
(Мейірбансың маған сөз бен ісіңмен,
Ниетімді кісілікпен түсінген.)
Мейірбанға айтар кісі жан сырын,
Бауырмал жан жанын берер, бар шыным.
Мейіріңе кəміл сеніп, сырластым,
Мейіріммен сөйле, үнсіз тұрмассың!
1945 Тыңда, айтыпты бауырмал жан ашығын,
Бауырмалдық кісіліктің басы, біл:
«Бауырмалды ақылды көп мақтаған,
Мейірлі ерді ел де сүйіп жақтаған.
Білім-ойдан ұққан менің тəлімім:
Бауырмал жан тапсаң — білгін қадірін!»
Достарыңызбен бөлісу: