«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет96/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   247
Өгдүлміштің Елікке жауабы

1930  Айтты Өгдүлміш: — Құтты Бек,

 

 Қиын сауал қойып, қатты тұтты кеп!



 

 Бектік ісін бектің бəрі біледі,

 

 Заң, саясат, салтты солар түзеді.



 

 Бектік үшін туған олар анадан,

 

 Істі үйреніп, игілігін қалаған...



 

 Бектік іске Алла кімді қалады —

 

 Ісіне сай ақыл, көңіл алады.




 204

 

Кімді бек қып жаратпақ хақ, сенеді,



 

 Соған ақыл, жүрек, қанат береді.

1935  Бектің ісі тек бектердің еншісі —

 

 Бектер ісін ұғар бекке тең кісі.



 

 Білер жетік бұл істі Елік  өзі  де:

 

 Атасы бек еді, енді — өзі бек!



Еліктің Өгдүлмішке жауабы

 

 Сөйледі Елік: — Ұқтым. Шын сөз айтқаның,



 

 Сөзің жұпар. Тура сөйлеп,  қайтпадың.

 

 Іс істеуші тек ісімен жүреді,



 

 Ал сапасын көрушілер біледі.

 

Мен — істеуші, сен — көруші, қарасаң,



 

 Көрушіден істеуші алар бағасын!

1940  Алла саған ақыл, білім, ес берді,

 

 Ақыл, білім жеткізерін ескерді.



 

 Қаршадайдан маған келіп жалдандың,

 

 Заңды танып, əділетті аңғардың!



 

 Барлық істі өзің біліп, ұғындың,

 

 Бауырмалсың  сөзің, құлқың жұғымды.



 

 (Мейірбансың маған  сөз  бен ісіңмен,

 

 Ниетімді кісілікпен түсінген.)



 

 Мейірбанға айтар кісі жан сырын,

 

 Бауырмал жан жанын берер, бар шыным.



 

Мейіріңе  кəміл сеніп, сырластым,

 

 Мейіріммен сөйле, үнсіз тұрмассың!



1945  Тыңда, айтыпты бауырмал жан ашығын,

 

 Бауырмалдық  кісіліктің басы, біл:



 

 «Бауырмалды ақылды   көп мақтаған,

 

 Мейірлі ерді ел де сүйіп жақтаған.



 

 Білім-ойдан ұққан менің тəлімім:

 

 Бауырмал жан тапсаң — білгін қадірін!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет