Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет117/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Л.М. Кусманова 

№ 45 бейімделген орта мектебі 

информатика пәні мұғалімі 

 

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ 

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  11  –  бабының  9 

тармағында  оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның  ішінде  кәсіптік  білім  беру 

бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез 

бейімделуіне 

ықпал 


ететін 

кредиттік, 

қашықтан 

оқыту, 


ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  енгізу  және  тиімді  пайдалану  міндеті 

қойылған[1].  

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, 

өздігінен  білім  алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  өз  бетінше  өрлеуіне  қажеттілік 

тудыру.  Бiлiм  беру  саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру  мұғалiмдерден 

өз мінез — құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

«Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 

«Біз   білім  беруді  жаңғыртуды   одан   әрі   жалғастыруға  тиіспіз.  Бүгінде 

мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық 

моделі  енгізілуде.  «Өмір бойы білім  алу»  әрбір қазақстандықтың жеке  кредосына 

айналуы тиіс» делінген [2].  

Ал  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы 

№1118 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың  2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада «Е-

learning»  электронды  оқыту  жүйесі  бойынша  білім  беру  сапасын  және  басқару 

тиімділігін  арттыру  үшін  оқу  процесін  автоматтандыру,  педагогтар  мен 

оқушыларды  ең  жақсы  білім  беру  ресурстарына  және  технологияларына  тең  қол 

жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді [3].  

Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн 

қалыпастыру  қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесiндегi  ең 




331 

 

көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. 



Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты  — оқушыларды 

ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың 

компьютерлік  технологияны  өз  қызметтеріне   еркін,  тиімді  пайдалана  алу 

қабілеттерін қалыптастыру. 

Пән оқытушылары  білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында 

кәсіптік  лицейдің  оқу  —  тәрбие  үрдісін  ақпараттандыру  мен  барлық 

пәндерге  

ақпараттық 

– 

коммуникациялық 



технологияның 

мүмкіндіктерін  пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында 

олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет. 

Басқаша  айтқанда,  бұл  кеңістікке  ең  алғаш  еніп,  оны  жүйелі  және  кәсіби 

бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. 

Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген  педагог  өз  ойын  жүйелі 

түрде   жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық  мәдениеті  дамыған, 

интерактивтік  тақтаны  пайдалана  алатын,  Он-лайн  режимінде  жұмыс  жасау 

әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 

Кәсіптік  білім  беруде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  мен 

оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін  қалыптастыру  атты  баяндамамды 

қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: 

• кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – 

жабдықтармен  жабдықтау,  интерактивті  тақталар  мен  мультимедиялық 

кабинеттермен   және  арнаулы  пәндер  бойынша  электрондық  оқулықтармен 

қамтамасыз ету; 

• кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану 

бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру; 

Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудан  күтілетін  нәтиже  жаңа  заманға 

сай  ақпараттық  мәдениеті  мен  құзіреттілігі  қалыптасқан,  теориялық  білімдерін  іс 

жүзінде  қолдана  алатын,  информатика  пәнін  басқа  пәндермен  байланыстыра 

алатын жеке тұлға қалыптастыру. 

Электрондық  оқулықтың тиімділігі  зор.  Электрондық  оқу  құралы  – бұл оқу 

курсының  ең  маңызды   бөлімдерін,  сонымен  бірге  есептер  жинағы,  анықтамалар, 

энциклопедиялар,  карталар,  атластар,  оқу  эксперименттерін  жүргізу  нұсқаулары, 

практикумға,  курстық  және  дипломдық  жобаларға  нұсқау  және  т.б.  білім  беруді 

басқаратын  мемлекеттік  органдар  тағайындаған  арнайы  статусы  бар  берілген 

түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. 

Оқытушы  үшін   электрондық  оқулық  –  бұл  күнбе  —  күн  дамытылып 

отыратын  ашық  түрдегі  әдістемелік  жүйе,  оны  әрбір  оқытушы  өз  педагогикалық 

тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра  отырып,  әрі  қарай  жетілдіре  алады. 

Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест 

тапсырмаларын орындауға болады. 

Электрондық  оқулықтар  мен  компьютерлік  оқу-әдістемелік  құралдарды  өз 

дәрежесінде  қолдануды  үйренген  оқушылар  зерттеуге  құштар,  өзі  белсенді  жеке 

жұмыс  істей  алады.  Оқытушының  жұмысын  жеңілдетіп,  оқушыны  жалқаулықтан 

құтқарады. 



332 

 

Электрондық оқулықтың бағалық — нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге 



асады.  Тест  сұрақтарына  жауап  бергеннен  кейін  оқушы  диаграмма  түрінде  өзінің 

білім  деңгейін  көре  алады.  Оқытудың  компьютерлік  технологиясының  оқу 

үрдісінде   кеңінен  енуі  оқушылардың  өзіндік  және  шығармашылық  белсенділігін 

дамыта  отырып,  электрондық  оқулық  көмегімен  олардың өзіндік  жұмыс  түрлерін 

орындауға баулиды. 

           Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін: 

- информатика сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру  

және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу; 

- берілген тапсырмалардың тәсілдерін біліп, оны ұғыну; 

- қосымша әдебиеттер оқып, білім деңгейін толықтыру; 

Оқушылардың 

қызығуын 

арттыру 

мақсатында  ойын 

элементерін 

пайдалану.Информатика  пәнін  мектепте  оқытудың  басты  үш  мақсатының  бірі  – 

практикалық  (қолданбалы)  мақсаты.  Бұл  оқушыларды  практикалық  қызметке, 

басқа  пәндерді  оқыту  үрдісінде  практикалық  есептерді  шешуге  және  келешекте 

ақпараттық  қоғамда  өмір  сүруге  дайындау  болып  табылады.  Осы  орайда 

информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану 

ерекшелігі жоғары. 

Дидактикалық  материалдар  информатика  оқулығының  негізінде  алынған 

өзіндік  бақылау  және  қосымша  тапсырмалардың,  пысықтау  сұрақтарының  және 

қызметты  есептердің  жиынтығы  болып  табылады.  Мұндағы  жұмыстар  әр 

сыныптағы  информатиканы  оқытудың  жалпы  тақырыптық  жоспарына  сәйкес 

жазылуы  тиіс.  Оқу  құралы  мұғалімнің  жазба  жұмыстарын  жүргізуде  әдістемелік 

көмек  көрсету  және  оқушылардың  біліміне,  біліктілігіне,  дағдысына  қойылатын 

талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасай алады. 

Өзіндік  жұмыстар  және  қосымша  жұмыстардың  мазмұны  оқулықтың 

теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы 

шарт.  Оқу  құралының  мазмұнына  енген  материалдар  оқушылардың  дайындық 

деңейін  ескере  отырып,  түрлендіріп  беруге  ыңғайланып  жасалады.  Дидактикалық 

материалдарға  өзіндік  жұмыс  тек  оқыту  сипатында  жаңа  өтілген  материалдарды 

пысықтауға  және  бекітуге  арналып  беріледі.  Ол  тапсырмалар  оқушылардың 

біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін 

тексеруге бағытталған. 

Ақпараттық технология  – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты 

жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық 

және 

кибернетикалық 



тәсілдер 

мен 


қазіргі 

техникалық 

құралдар 

жиыны.   Коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  әдістері  мен 

механизмдерін  және  оларды  жазып  жинақтап  жеткізу  құрылғыларын  қамтитын 

жалпы  ұғым. Ақпараттық-коммуникативтік  технология  жағдайындағы  жалпы 

оқыту  үрдісінің  функциялары:  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық  болжамдау 

және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-

коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: 

а) электронды оқулықтар; 

ә) телекоммуникациялық технологиялар; 



333 

 

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; 



в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. 

Ақпараттық-коммуникативтік  технологияны  оқу-тәрбие  үрдісіне  енгізуде 

мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: 

• Өз  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  электронды  кешендер  құру,  әдістемелік 

пәндік Web –сайттар ашу; 

• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; 

• Бағдарламалау 

ортасында 

инновациялық 

әдістерді 

пайдаланып, 

бағдарламалық  сайттар,  құралдар  жасау.  (мультимедиалық  және  гипермәтіндік 

технологиялар). 

• Қашықтықтан  оқыту  (Internet  желісі)  барысында  өздігінен  қосымша  білім 

алуды қамтамасыз ету. 

Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –  бұл  коллективтік,  өзін-өзі 

толықтыратын,  барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне  негізделген,  оқу 

процесіне  оқушының  қатыспай  қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  процесін 

ұйымдастыру. Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен  оқушы  мен  мұғалімнің 

қарым-қатынасы  тікелей  жүзеге  асатын  сұхбаттасып  оқыту  болып  табылады. 

Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара  әрекетке,  қатысушының 

әрқайсысына  қажет  есепті  бірлесіп  шешуге  алып  келетін  -  ұйымдастыру  және 

сұқбаттасып  қарым-қатынас  жасауды  дамытуды  ұсынады. Оқытудың  ақпараттық-

коммуникациялық 

және 

интерактивтік 



технологияларын 

пайдалану 

– 

педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту 



үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, 

электрондық  оқулықтарды,  мультимедиалық  технологияларды,  қашықтан  оқыту 

технологиясын  пайдалану  оқу  орындарында  ақпаратты-коммуникациялық 

технологиялар  кеңістігін  құруға  жағдай  жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық 

технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай 

күнделікті  сабаққа  компьютер,  электрондық  оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану 

жақсы  нәтиже  беруде.  Білім  беру  жүйесі  электрондық  байланыс,  ақпарат  алмасу, 

интернет,  электрондық  пошта,  телеконференция,  On-line  сабақтар  арқылы  іске 

асырылуда.  

Ақпараттық құзіреттілік:  

- сын  тұрғысынан  ұсынылған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім 

қабылдауға; 

- өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін 

танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; 

- ақпаратты  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  қарауға 

сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- 

коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; 

- логикалық  операцияларды  (талдау,  жинақтау,  құрылымдау,  тікелей  және 

жанама  дәлелдеу,  аналогия  бойынша  дәлелдеу,  моделдеу,  ойша  эксперименттеу, 

материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; 

- өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  үшін  ақпаратты 

қолдануға мүмкіндік береді. 




334 

 

Ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық  –  бұл  оқу,  тұрмыс  және  кәсіби 



бағыттағы  міндеттерді  шешуде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның 

мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Коммуникативтік құзіреттілік: 

- нақты  өмір  жағдайында  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ  және  басқа 

тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; 

- коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  сәйкес  келетін  стилдер  мен 

жанрларды таңдауға және қолдануға; 

-

 

әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; 



- нәтижелі  өзара  іс-әрекетті,  түрлі  көзқарас  және  әртүрлі  бағыттағы 

адамдармен  сұхбат  жүргізе  отырып,  шиелініскен  ахуалдарды  шешуді  жүзеге 

асыруға; 

-

 



жалпы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  түрлі  көзқарастағы  адамдар  тобымен 

қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді. 

Информатика  сабағында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 

оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай 

ақпараттық  технологияларды,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет 

ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін 

дамытуға  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен 

ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыру  қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық  бiлiм 

беру  жүйесiндегi  ең  көкейтестi  мәселелердiң  бiрiне  айналып  отыр.  

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 

• оқушының өз бетімен жұмысы; 

• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 

• шығармашылық есептер шығару; 

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 

• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

• экономикалық тиімділігі; 

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 

• қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну  немесе  құлақ  пен  есту 

мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе 

нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 

• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  жеке  тұлғаның  құзыреттілігін 

дамыту құралы: 

Қазіргі  білім  беру  ісінің  басты  шарттарының  бірі  болып  оқушының  өзіне 

керекті  мәліметті  өзі  іздеп  табуына  үйретіп,  олардың  өз  оқу  траекторияларын 

өзінің  таңдай  білуі  есептеледі.  Біздің  ойымызша,  ақпараттық-білім  беру  ортасын 

жобалаудағы  басты  мақсат  оқушының  өздігінен  оқуға  талаптандыру,  яғни 

ізденімпаздыққа  үйрету  болып  саналады.  Ақпараттық  технологияларды 

пайдаланудың артықшылықтары мынадай: 

1.  Олар  оқытудағы  тақырып  шеңберіндегі  немесе  белгілі  бір  уақыт 

аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 

2.  Білімге  бір  –  бірінен  үлкен  ара  қашықтықта  орналасқан  әр  түрлі  оқу 



335 

 

орнында отырып қол жеткізуге болады. 



3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен 

оқу сапасын арттырады. 

4.  Оқушы  өз  бетінше  немесе  өзге  оқушылармен  топтасып  бірге  жұмыс 

істеуге мүмкіндік алады. 

5.  Оқушының  танымдық  іс-әрекеттері  күшейіп,  өзіндік  жұмыстарды  тез 

орындау мүмкіндіктері артады. 

Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды 

даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен 

біліктерді 

тесттік 


бақылауға 

арналған 

программалық 

құрал.  


Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары: 

1. Ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  оқу-тәрбие  процесінің  барлық 

деңгейін жетілдіру: 

- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру, 

- пәнаралық байланысты тереңдету, 

- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту. 

2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау. 

- коммуникативтік қабілеттерді дамыту, 

-

 

күрделі  жағдайда  оңтайлы  шешім  немесе  шешу  нұсқаларын  қабылдау 



дағдыларын қалыптастыру. 

- компьютерлік  графика,  мультимедиа  технологияссын  пайдалану  арқылы 

эстетикалық тәрбие беру, 

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу: 

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау: 

- ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау; 

- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау: 

Оқыту  үрдісінде  компьютерлік  технологияларды  пайдадалану  келесі 

мақсаттарға бағытталады: 

- компьютерлік  технологиялардың  мүмкіндіктерін  іске  асыру  арқылы  оқыту 

үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру: 

-

 



танымдық  әрекеттердің  белсенділігін  арттыратын  ынталарды  қамтамасыз 

ету: 


- қазіргі  заманғы  ақпарат  өңдеу  орталарын  пайдалану  негізінде  пәнаралық 

байланысты тереңдету. 

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары 

мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру 

ұйымдарында  2015  жылы  –  50  %,  2020  жылы  –  90  %  «E-learning»  электрондық 

оқыту  жүйесі  қолданыла  бастады.  Бұл  жобаның  негізігі  мақсаты  «Е-learning»  - 

ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан 

білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты  – 

ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету. 

Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар нені үйренді? 

-оқушы өзінің білімі мен біліктілігін оқу процесінде меңгерненін көрсетеді; 

-оқушының өз бетінше білім алу дағдысын қалыптасады; 




336 

 

-жеке тұлға тұрғысынан қарағанда оқушы өзінің жеке білімін жасауды  



үйренеді; 

-кез-келген  дағды  мен  білік  ол  практикада  немесе  теорияда  болсын 

оқушының меңгернен іс- әрекетінің әдісі болады; 

-оқушы бос уақытын тиімді пайдалана алады; 

Мұғалімнің  және  оқушының  шығармашылық  жұмыстарының  ғылыми 

деңгейін  қалыптастыруда,  жаңа  құндылықтар,  ізденістер  жасау.  Ұстаз  үшін 

нәтижеге  жету  шәкіртінің  білімді  болуы  ғана  емес,  білімді  өздігінен  алуы  және 

алған  білімдерін  қажетіне  қолдану  болып  табылады.  Бүгінгі  бала  –ертеңгі  жаңа 

әлем.  

Оқушының дамына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы, мұғалім, 

ата –ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек. 

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – 

мұғалімдерміз.  Оқушылардың  жаңа  тұрмысқа,  жаңа  оқуға,  жаңа  қатынастарға 

бейімделуі  тиіс.  Осы  үрдіспен  бәсекеге  сай  дамыған  елдердің  қатарына  ену 

ұстаздар қауымана зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

2. “Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз”   Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы, 2011 жыл 

3. Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы 

4.

 



“Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл 

5. Жанар 

Жетесова.  Қ.  Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік 

университеті,  аударма  ісі  кафедрасының  оқытушысы,  «Оқыту  үрдісіндегі 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар 

тиімділігі» 

// 


Білім 

технологиялары, 2010, №4 25-27 бет. 

6. А.Қ.  Рысбаева,  Қазақ  бас  сәулет-құрылыс  академиясының  оқытушысы, 

Алматы.  «Сабақта  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мәселелері»  // 

Ағылшын тілін оқыту әдістемесі. 2011, №6, 19-22 бет. 

7. А.Б. 


Даулетиярова.  №249  мектеп-лицейі,  Қызылорда  облысы. 

«Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  негізінде  ағылшын  тілі 

сабақтарын  жүргізу  жүйесі.»  //  Ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесі. 2011, №1 

34-40 бет.  

8. Аймұханбет,  Б.Бейсеков  атындағы  орта  мектебінің  ағылшын  тілі  пәнінің 

мұғалімі  «Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту.»  //  2011,  №2, 

21-23 бет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет