596
Аталған
баяндамада
функционалдық
сауаттылық,
Қазақстан
Республикасының еңбегі сіңген ұстазы Қ.О.Бітібаеваның авторлық моделін
пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
әдістері туралы сөз қозғалған. Жаңа технологияны меңгеруде басты құрал
білім болып табылады. Мақсат – оқушылардың алған білімдерін жай ғана
иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге басты назар аударту.
Және функционалдық сауаттылық түрлері көрсетіліп, оны дамыту үшін тиімді
әдіс-тәсілдер қатары көрсетілген.
Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, жаңа технология, Ұлттық
жоспар.
Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес
жылдық ұлттық жоспар ұсынған болатын. Ол жоспардың мақсаты –
Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен
тұтастығын қамтамассыз ету.
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай
қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың
отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу
жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг
жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту.
Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру
Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және
функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 1960
жылдары
ЮНЕСКО
құжаттарында
пайда
болды
және
кейіннен
зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен
алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы
597
адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану
тәсілі ретінде түсіндіріледі.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Сауаттылық – адам бойындағы тұрақты қасиеттердің бірі. Ал
функционалдық сауаттылық адам бойында тек белгілі бір білімді
жинақтағаннан кейін ғана көрініс табады. Функционалды сауатты тұлға болып
қалыптасу үшін тұлға белгілі бір білім қорын жинақтап қана қоймай, оны
әлеуметтік, саяси, қоғамдық, мәдени, экономикалық өмірде кездескен
жағдаятқа сай қолдана білуі керек. Жүйелеп айтқанда, тұлғаның жасына,
мамандығына қарамай, өмір бойы білім ала отырып, бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе жүріп, меңгерген білімді күнделікті
өмірде, тұрмыста қолдана алуы және үнемі дағдыға айналдырып, жетілдіріп
отыруы.
Сонда тұлға нені басшылыққа алуы керек? Ол үшін тұлға функционалдық
сапалар жайында білуі керек:
Достарыңызбен бөлісу: