Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет44/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Тақырыбы: «Тапқыр достар» 

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, пәндік 

білімдерін еске түсіру. Топтық жұмысқа бағыттау. 



Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, математика, өмірлік дағды. 

Көрнекілік: Ребус, геометриялық фигуралар, сызба, карточка. 

І. Қызығушылықты ояту 

Ұлдар тобы:  «Тапқыр», қыздар тобы:  «Алғыр» жарысқа түседі. 

1. Психологиялық жағдай. Ойын «иә, жоқ» 

2. Ребус. Топтың атын шешу. 

ІІ. Мағынаны тану 



1.Таныстыру 

«Тапқыр» тобы                         «Алғыр» тобы 

Біз тәртіпті баламыз                 Қыздар тобын құрамыз 

Суретті жақсы саламыз           Білім шыңына шығамыз 

Айтқандарын бұлжытпай        Өнерде де қалыспай 

Ұстаз тілін аламыз                   Әркез әнге саламыз 

Спортты біз сүйеміз                 Мектепке бірге келеміз 

Бірге ойнап күлеміз                  Би де билеп береміз 

Жарыста да, сайыс та               Мерекеде ұлдармен 

Әркез алда жүреміз                  Жарысқанда жеңеміз 



2. Әріппен жауап (қай әріпті суырса, сол әріппен жауап береді) 

1. Атың кім?                                     1. Фамилияң кім? 

2. Қайда барасың?                           2. Қайда тұрасың? 

3. Кім боласың?                               3. Кім боласың? 

4 Қалтаңда не бар?                          4. Қолыңда не бар? 

5. Мектепке не үшін келесің?        5. Сабақты не үшін  оқисың? 

6. Қандай тамақты  ұнатасың?       6. Қандай жемісті ұнатасың? 

7. Көңіл-күйің қалай?                      7. Қалай сезініп тұрсың? 

8. Нені армандайсың?                     8. Нені армандайсың? 

9. Досың кім?                                   9. Ұзтазың кім? 

10. Мақал                                          10. Мақал 

3 Сөзден сөз құрау «Математика» (қай топ көп сөз құрайды) 

4. 8-ұяшық: «сұрақ-жауап» 

5. Тыныштық сәті 

ІІІ. Ой толғаныс 

1. Жеке жұмыс: 1топ-5 жолды өлең, 2-топ РАФТ 




126 

 

2. Көрермендерге сұрақ 



3. Топтық жұмыс: геометриялық фигуралар арқылы бейнелер құрастыру 

Қазылар алқасының шешімі 

Сауал тастау. Жеңген топ жеңілген топқа сауал тастайды. 

Қыздар тобының құттықтауы: 

Қазақстан елінің 

Әскер күнін тойлаймыз 

Мерекемен құттықтап 

Ұлдарды біз сыйлаймыз 



Қорытынды 

Қазіргі  қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  -  әлеуметтік,  экономикалық 

өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен  қатар 

оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 

«Сыни  тұрғысынан  ойлау»  бағдарламасының  қазіргі  таңда  алған  білімді, 

білгенін  өмірде  пайдалана  алатын  шәкірт  тәрбиелеуде  алатын  орны  ерекше. 

Оның  бұрынғы  дәстүрлі  оқу  технологиясынан  айрықша  ерекшеліктері  бар. 

Олар мынадай: 

1) Оқушының интеллектуальды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы 

2) Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма – сай болуы 

3)  Мұғалім  мен  шәкірттің  өзара  қарым-қатынасында  жауапкершілік  пен 

сенімділіктің болуы. 

Сыни  тұрғысынан  ойлау  сабақтары  және  кез-келген  осы  бағдарлама 

негізінде  жасалатын  іс-шаралар  оқушылардың  өз  бетінше  тұжырым  жасау, 

қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шеше 

білу,  ойын  қорғай  білу  қабілетін  дамытады.  Сондықтан  мұғалім  әрі  үйретуші, 

әрі ұйымдастырушы, әрі зерттеуші болып табылады. 

Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю 

керек?»  еңбегінде нағыз мұғалім «бұғау салмайды, еркіндік береді; басымдық 

көрсетпейді,  мақтап-мадақтайды;  намысына  тимейді,  қалыптастырады; 

бұйырмайды,  үйретеді;  талап  етпейді,  сұрайды,  балалардың  қиналған 

сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі...» деп айтқан болатын. Олай болса, 

балаларды  өмірді  тыңдау  мен  қарауға  ғана  емес,  естуге,  көруге,  сезінуге 

үйретуіміз  керек.  Ал  әр  баланың  өзінің  тұлғалық  «Менін»  қалыптастыруда 

«Өзін-өзі  тану»  бағдарламасының  алатын  орны  ерекше.  Менің  ойымша 

осындай игі шаралар болашақ Қазақстанның үлкен жемісі болмақ. 

«Ізденген жетер мұратқа» демекші, мұғалім – келешек ұрпақ тағдырының 

жолбасшысы.  Жаңа  технологияны  пайдалану  –  заман  талабы.  Сондықтан 

қоршаған ортаға өзіндік пікірі бар саналы шешім қабылдай алатын жеке тұлға 

даярлауда іздене берейік, әріптестер! 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет