127
Шет тілін оқып үйрену заман талабы. Оқу үрдісін жеделдетумен
байланысты шет тілдерін оқытуда әр түрлі жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді
жете қолдану қажеттілігі туып отыр.
Сабақ барысында әрбір әннің мәтіні түріне
көңіл бөлінеді. Ол да тәжірибелік міндетті шешумен бірге оқушыларды
эстетикалық жағынан тәрбиелеуге, ағылшын тілі сабағының қызықтылығы мен
әсерлілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Ән, өлең оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес алынып, сол сабақты қаншалықты есте сақтағандарын
тексеруге болады. Ән, өлең арқылы жаңа сабақ, қайталау, білімдерін тиянақтау,
яғни сабақтың кез келген сәтінде қолдануға болады. Оқушы сабақта ән, өлең
айтып қана қоймайды алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете
біледі.
Еліміздің басшысы әр Қазақстан азаматы үш тілді, яғни қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, үш тұғырлы тіл: қазақ
тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі -
халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. «Мен бүгінгі ұрпақтың
үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл - мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал
орыс тілін білу - ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың
тілі болғандықтан біз соны үйренуге тиіспіз», - деді Н.А.Назарбаев [20].
Мектептерде ағылшын тілін оқыту үдерісін жүйелі түрде қалыптастыру -
бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осыған орай, зерттеу жұмысымда
зерттелетін пән ретінде біз шетел тілін, оның ішінде, ағылшын тілін
қарастырдық.
Сонымен қатар, бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселелерін алға
қойып және қазір орта мектептерде білім алып жатқан оқушылардың
барлығына тілдесу мүмкіндігі беріліп отырғанын ескере отырып, мен осы
зерттеу жұмысымда педагогикалық көкейкесті мәселелерінің бірі – бастауыш
сыныптарда ағылшын тілі сабағында ән, өлең арқылы оқушылардың есте сақтау
қабілеттерін дамытуды қарастырдым; олардың оқып-үйреніп жатқан тілін
жақсы меңгергендігі, сол тілде өз ойын сыртқа шығарып, өзгелермен бөлісе
алатын қабілеттілігі сөйлеу дағдысынан анық көрініс табады деген ойдамын.
Қай тілді меңгерсек те, оны әдемі, таза, шебер сөйлеп, тыңдаушыға
ойымызды әсерлі жеткізе білуіміз қажет. Осы тұста, зерттеуімде қарастырылған
ән, өлең тіліміздің көркемдігін, нышанын беретін шұрайы. Ағылшын тілін
үйрету барысында ән, өлең арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін
дамыту аса маңызды. Оның басты себебі - сабақта әндерді, өлеңдерді қолдану
тек оқу үдерісін түрлендіріп қана қоймайды, сонымен бірге ағылшын тілінің
оқу және оқыту барысын тартымды етеді, әрі жандандыра түседі. Сонымен
қатар, ағылшын тілі сабағында тілді ән, өлең арқылы үйрету - тек білім беріп
қана қоймайды, сонымен бірге, оқушылардың бойында қалыптасып жатқан
мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына да өзіндік үлесін қосады. Осы
себептен, мен оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін нысан
ретінде ағылшын тілін ән, өлең арқылы оқытуды алдым.
128
Ән, өлең арқыл оқытуды қарастырмас бұрын, мамандар арасында
пікірталас туғызған есте сақтау қабілет жөнінде айтылған тұжырымдарға назар
аудардым. Мысалы есте сақтау қабілетіне өзіндік үлес қосқан Аристотель, И.П.
Павлов, Абай Құнанбаев сынды ғалымдар тиесілі ғылыми негіздемелер
ұсынады.
Ес – адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін
ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке
жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі [18].
Достарыңызбен бөлісу: