18
бөлiмдерге (сегменттерге) бөлiнуi мүмкiн. Егер бiр-бiрiмен қатынасатын
компьютерлердiң сұраулары мен жауаптары осы топтың компьютерлерiне
арналса, онда олар бiр бөлiмге жинақталады.
Жүйенi сегменттерге бөлу үшiн мосттар мен коммутаторлар
қолданылады. Олар сегменттiң iшiндегi локалды трафиктi сыртқа ешқандай
кадрларды бермей экрандайды, тек қана басқа сегменттерде орналасқан
компьютерлерге арналған кадрлардан басқа. Сонда жүйе бiрнеше
жүйелерге бөлiнедi. Ол бiр топтың iшiндегi трафиктің жиiлiгiн және
топтардың арасындағы алмасудың активтiгiн ескере отырып байланыс
бөлiмдерiнiң өткiзу мүмкiндiгiн рационалды түрде таңдау мүмкiндiгiн
тудырады.
Бiр жағынан жүйенiң мосттардың арасында орналасқан логикалық
сегменттерi бiр-бiрiнен дұрыс оқшауланбаған, өйткенi олар кеңдiк
толқындарынан қорғалмаған. Егер қандай да бiр станция кеңдiк
толқындары арқылы мәлiметтердi жiберсе, онда ол мәлiметтер жүйенiң
станцияларының барлық логикалық сегменттерiне берiледi. Мосттардың
көмегiмен салынған кеңдiк толқындарынан қорғану үшiн: администратор
тек бiр түйiнге генерирлеуге рұқсат етiлген кеңдiк толқындарының пакетін
шектейдi.
Екiншi жағынан коммутаторда жасалған локалды жүйелердiң
виртуалды сегменттердiң механизмдерiн пайдалану трафиктың толық
локалдауына әкелiп соғады. Ондай сегменттер бiр-бiрiнен толық
оқшауланған. Сонда мосттар мен коммутаторлардың көмегiмен салынған
жүйелердегi әртүрлi виртуалды сегменттерге жататын компьютерлер
бiркелкi жүйенi құрамайды.
Мосттармен коммутаторлардың келтiрiлген кемшiлiктерi олардың
каналдық деңгейлердiң протоколдарымен жұмыс iстеуiне байланысты. Ол
протоколдарда үлкен жүйенi құрылымдау кезiнде пайдалануға болатын
жүйенiң бөлiгi немесе сегменттi анықталмайды. Жүйелiк технологияларды
жобалаушылар каналдық деңгейлердi жетiлдiрудiң орнына ол есептi
жүйелiк деңгейлерге жүктедi.
Қолданушылардың көп бөлігінде жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру
мүмкіндіктері провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу
нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы
Достарыңызбен бөлісу: