милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал практика жүзінде осы
айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес. Көп жағдайларда
«соңғы миля» желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу тар
жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола
алады, бірақ «кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану
ақысы жоғары болады» деген принцип әмбебапты болып келеді. Барлық
инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар
бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар,
кабельді теледидар желілері және басқалар.
19
Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы
модеммен қосылу, радиоканал арқылы қосылу, кабельді теледидардың
желісімен қосылу және де спутникті канал көмегімен қосылу. Интернетке
қосылудың әртүрлі әдістеріне қарамастан, қолданушы үшін тек қосылу
тұрақтылығы, мәліметтерді жіберу жылдамдығы және жауап беру
уақытында ерекшеліктер бар. Интернеттің барлық ресурстарына кіруге
мүмкіншілік бар. Желіге қосылудың әртүрлі нұсқаларын қарастырайық.
Интернетке кірудің әртүрлі нұсқалары. Коммутаторлық телефон
линиясы арқылы қосылу. Коммутативті телефонды линияның модем арқылы
қосылуы – бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың ТМД-ға таралған
қосылу әдісі.
Желінің коммутациялы каналдарымен. Коммутациялы телефонды
желінің немесе желінің коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін
айтайық. Сіз біреуге қоңырау шалған кезде, сіздің аралығыңызда белгілі бір
физикалық байланыс каналы орналасады, олар коммутатор арқылы
байланысатын жеке учаскелерден тұрады. Абоненттің әрбір учаскесі
бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді. Яғни, әрбір абонент
осы учаскелерді жеке өзі қолданады. Желілердің қалған учаскелері
коммутатор арасында ажыратылған болып келеді, дәлірек айтқанда әртүрлі
уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады. Бірақ, егер қайсыбір
участок бір қолданушымен бос емес болса, онда келесі біреу оны осы
уақытта қолдана алмайды. Коммутативті телефонды линиямен қосылу - бұл
уақытша (сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен
немесе мәліметтерді модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін.
«Модем» сөзі «МОДулятор» және «ДЕМодулятор» деген сөздерден
құралады. Модем телефонды линия арқылы мәліметтерді жіберуде
қолданылады. Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы, цифрлық кодты
әртүрлі екі жиілік дыбыстардың ауысу мен кері қайту – дыбыс тербелісін
цифрлық ақпаратқа ауыстырады. Екі модем қосылғаннан кейін модулятор
тұрақты тербеліс периодының басты сигналымен генерацияланады және
болып жатқанды өзгертіп екінші сигналды қосады. Сонымен, жүріп
жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне байланысты.
Демодулятор сараптама жасайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан
қалай ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады. Басқаша айтқанда,
жіберуші модем болып жатқан жиілікті пайдалы сигналмен моделдейді
және жоғары жиіліктегі сигналды жібереді, ал модем-адресат сигналды
ASCII кодына (American Standard Code for Information Interchange –
ақпараттармен алмасудың стандартты коды – машиналық көріністегі латын
алфавитінің әріптері, сандар мен басқа символдардан тұратын 128 код
символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттік екілік сан. Сегізінші бит
жіберу кодының дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы
формаға демодулдейді.
Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген
және Bell 103 атауын алды. Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиілікті
20
қолданады: сыңарлы жиілік бір модемге және сыңарлы жиілік екінші
модемге. Жіберуші модем 1,07-1,27 кГц арасындағы жиіліктерге ауысу
арқылы, ал жауап беруші модем 2,025-2,225 кГц арасындағы жиілікте
мәліметтерді жібереді.
Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істейді, солай
минутына 30-ға жуық символ жіберуге болады. Мұндай жылдамдық тек
қана мәтіндік хаттамалармен алмасқан кезде қолайлы, себебі бұл
жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда әлдеқайда артық.
Мәліметтерді 300 бит/с жіберетін модемдер 1980 жылға дейін өмір сүрді.
Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере бастағалы ондай жылдамдық аздау
екені айқындалды.
Осы заманғы модемдер – бұл өте күрделі схемалы модуляцияларды
қолданып, мәліметтерді жіберер кезде қаптайтын күрделі құрылғылар
болып келеді. Клиенттік компьютер коммуникациондық портқа ноль мен
бірдің реттелген түрге келтіріп, әртүрлі командалар мен мәліметтерді
жібереді. Модем мәліметтерді қабылдап, оларды командалар және
ақпаратқа ажыратады да, телефон линиясы арқылы жіберіп жүзеге асырады.
Қолданушы модем арқылы телефондық желіге ортақ қолданумен
қосылып, aл ISP, басқа модеммен, цифрлық сигнал арқылы Интернетпен
қосылады.
Бүгінгі күнгі модемдер екі түрлі: ішкі және сыртқы. Ішкі модемдер
кеңелмелі плата арқылы жұмыс істесе, сыртқылары бөлек құрылғы ретінде
автономды блок питаниямен істейді.
Модем
(ағылш.
modem,
modulator-demodulator) —
сандық
сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал
жасайтын электрондық құрылғы.
Деректерді әртүрлі арқаулар арқылы, мысалы телефон сымы арқылы
немесе радиосигналдар түрінде беруге болады. Телефон сымы арқылы
аналогтық сигналдар деп аталатын импульстарды беруге болады.
Аналогтық сигналдар шуыл немесе электрлік-магнитті импульстар
түріндегі кедергілердің әсеріне ұшырауы мүмкін.
Дыбыстық сигналдар дерек берудің едәуір жаңа әдісі болып
табылады, онда дерек беру және қабылдау үшін екілікті пішім қолданылады
(нөлдер мен бірліктер тізбегімен жұмыс істейтін кодтау/кодты ағыту
жүйесі). Дерек беру мен қабылдау үшін компьютерлерде дәл осы пішім
қолданылады. Алайда сандық сигналдарды телефон желісі арқылы беру
мүмкін емес. Сондықтан телефон сымы арқылы дыбыстық сигналдарды
берер алдында оларды аналогтық сигналдарға айналдыру керек. Және
тиісінше деректі қабылдаушы жақ алынған деректі сандық сигналдарға
айналдыруға тиіс. Модем осындай айналдыруды жүзеге асырады – сандық
пішімнен аналогтық пішімге және керісінше.
Басқа компьютерге хабар жіберу кезінде модем шығару құрылғысы
рөлін атқарады. Ал сіздің компьютеріңізге хабар келген кезде, модем енгізу
құрылғысы ретінде жұмыс істейді. Модем сыртқы немесе жүйелік блокқа
21
кірістірілген болуы мүмкін. Сыртқы модемдер – бұл сым арқылы жүйелік
блокқа қосылатын модемдер.
Модемдер сондай-ақ компьютердің жүйелік блогына кіріктірілген
болуы мүмкін. Мұндай модемдер ішкі модемдер деп аталады
Бақылау сұрақтары:
1)
Интернет технологиясында соңғы миля нені білдіреді?
2)
Модем функциясы қандай?
3)
ASCII-кодировкасы?
4)
Модем жылдамдықтары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |