Орта білім беру жүйесіндегі жаңа реформалар бойынша:
– «мобильді мұғалім», «уақытша отбасы», «ірі мектептердің төмен нәтижелі ауыл
мектептерін қамқорлыққа алуы» сынды жобаларды нормативті-құқықтық негіздемелермен
қамтамасыз ету;
– ШЖМ мобильді мұғалімінің жалақысын арттыру үшін қосымша қаржыландыруды
қарастыру;
– шалғай ауылдар арасындағы қашықтықтар мен елдің қатаң континентальды
климатына байланысты, орын алуы мүмкін форс-мажорлық жағдайлардан ешкім де қауіпсіз
бола алмайды. Мұндай жағдайларда қашықтықтан оқыту нысаны тиімді бола алады, ол үшін
сапалы интернет пен компьютерлік жабдықтар қажет;
– ШЖМ-ды кадрлармен қамтамасыз ету, ауыл мектептерінде білім беру сапасын
арттыру – бұл жан-жақты шешім қабылдауды талап ететін, кешенді проблема. Сондықтан
жекелеп алғанда ШЖМ-ға да, жалпы ауылдар мен ауылдық аумақтарға да назар аудару
қажет. Ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын ашу, ауыл
шаруашылығы мен қайта өңдеу кәсіпорындарын көтеру, яғни өндірісті жолға қою қажет.
|