1.2 Орта білім сапасының проблемалары
Бүгінгі заманғы әрбір мемлекет білім беру саясатын, елдің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етуге бағытталған басты стратегия ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан
алғанда білім беру сапасы «мақсатқа сай сапа» ретінде басқа қырынан танылады,
өйткені білім берудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу қоғамдағы әлеуметтік-мәдени
өзгерістердің индикаторы-сапалық көрсеткіші болып табылады. Мысалы, ҚР Білім беруді
және ғылымды дамытудың 2016–2020 және 2020–2025 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламаларының мақсаттарын салыстыра отырып, белгілі-бір трансформацияны байқауға
болады:
«Білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты
өсуі үшін адами капиталды дамыту»
9
және
«Ел тұрғындарын қоғамда сұранысты дағдылар мен рухани-адамгершілік
құндылықтарды меңгерген жеке тұлғаны дамытуға бағытталған біліммен қамтамасыз
ету»
10
.
Егер салыстыру үшін әлдеқайда ұзағырақ уақыт кезеңін қарастыратын болсақ, онда
білім сапасын пайымдау акценттерінің қалай ауысатынын анықтауға болады. Бұрын білім
берудегі төменгі тиімділік, оқушылардың жоғарғы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізе
алмауы өз қабілеттерінің немесе мотивацияларының болмауы себептерімен түсіндірілді.
Бүгінде педагогикалық оңтайлылық, ынталандыру алдыңғы орынға шығады, әр оқушының
білім алудағы жеке векторын анықтауы үшін қолайлы жағдайлар жасалады
11
.
9
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
10
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
11
Пискунова Е. В. Подготовка учителя к обеспечению современного качества образования для всех: опыт России: Рекомен-
дации по результатам научных исследований / Под ред. акад. Г. А. Бордовского. — СПб.: Изд-во РГПУ им. А. И. Герцена,
2007. – Б. 12–13.
11
Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы
1-тарау
Бүгінгі таңда әрбір ұлттық білім беру жүйесі, білім сапасы дефинициясына әртүрлі
түсініктеме беруде. Дегенмен, білім беру сапасы саласындағы халықаралық зерттеулердің
нәтижелеріне, атап алғанда «Баршаға бірдей білім»
12
зерттеу бағдарламасына сүйене
отырып, ЮНЕСКО білім беру сапасын сипаттауға және жетілдіруге болатын негізгі белгілерді
нақтылайды:
Достарыңызбен бөлісу: |