Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет50/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы



Ресурстық орталықтардың қызметі: жұмыс істеу ерекшеліктері мен мәселелері

Тірек  мектеп  –  ресурстық  орталықтардың  нәтижелілігін  жергілікті  және  орталық 

билік  органдары  жиі  сынға  алады.  Осы  идеяны  іске  асырудың  бастапқы  кезеңінде  Дариға 

Назарбаева  ресурстық  орталықтар  жұмысының  экономикалық,  сондай-ақ  моральдық-

этикалық  тұрғыдан  тиімділігіне  күмән  келтірді.  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  Әлеуметтік-

мәдени  даму  комитетінің  төрайымы  ретінде  Д.  Назарбаева  мұндай  жылжымалы  сабақтар 

бюджетке  қосымша  салмақ  түсіретінін,  ал  білім  деңгейін  көтерудің  бұл  ізденісі    нәтижесіз 

қала  беретінін  білдірген.  Балалардың  психоэмоционалдық  жәй-күйіне  қауіп  төнуі  мүмкін. 

Әрі депутаттар қалыптасқан жағдай мен оқушылардың қатынап оқу қиындығынан шығудың 

жолын көре алар емес. Елдің географиялық және климаттық жағдайлары, әсіресе жылдың 

қыс мезгілінде, жағдай қауіпті болуы мүмкін

90

.



Тірек және магниттік мектептер жүйесіне кіретін мектеп директорлары, меңгерушілері 

және мұғалімдері тағы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін, соны қарастырып көрейік. 

Үш негізгі мәселені атауға болады.

1. Қаржыландыру мәселелері. 

Ресурстық орталықтар қызметіндегі басты мәселелердің бірі қаржыландыру мәселесі 

болып  табылады.  Бұл  тақырып  өзекті  мәселе  ретінде,  отандық  білім  беру  жүйесіндегі 

орталықтардың жұмыс істеу проблемасын қозғайды.

Білім  беру  мекемелерін  қаржыландыру  үш  тәсілмен  жүзеге  асырылады:  жергілікті 

және  республикалық  бюджет  есебінен,  сондай-ақ  мектептің  шаруашылық  қызметі  және  

қайырымдылық  есебінен.  Жергілікті  бюджет  көлік  шығындарын  жабуға  және  ШЖМ-ді 

магниттік  мектептерден  ресурс  орталығына  оқушыларды  тасымалдау  үшін  автобустармен 

қамтамасыз етуі тиіс. Алайда, іс жүзінде мұндай қаражат жергілікті бюджетте бола бермейді, 

сондықтан  мұндай  күрделі  жағдайда  жергілікті  кәсіпкерлер,  кейде  шаруа  қожалықтары 

көмектеседі,  ал  тасымалдауды  көбіне  мұғалімдер  мен  ауыл  мектептерінің  директорлары 

жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттен қаражат ШЖМ-де АКТ-ны қамтамасыз етуге және интернет 

байланысының қазіргі заманғы түрлеріне қол жеткізуге, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуге 

және  ШЖМ  педагогтерінің,  оның  ішінде  эдвайзерлер,  тьюторлар  және  т.б.  функцияларын 

жүзеге  асыратын  мұғалімдердің  еңбегіне  ақы  төлеуге  жұмсалуы  тиіс.  Ал  төлем  жүйесіне 

келетін болсақ, осы күнге дейін ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру шеңберінде 

қосымша жұмыс үшін төлем жүргізілген емес. Жергілікті билік органдарының кейбір өкілдері 

эдвайзерлер  мен  тьютерлердің  жұмысын  ынталандыру  үшін  оларға  жергілікті  бюджеттен 

төлем бөледі.

Қаржыландырудың  үшінші  түрі  ШЖМ  дамытуға  бағытталған  білім  беру  жобаларын 

қамтамасыз  етуге,  оларды  және  тірек  мектептерді  техникалық  жабдықтармен 

жарақтандыруға,  ШЖМ  кітапханалары  мен  ресурстық  орталықтарын  әдебиеттермен, 

электрондық құралдармен және т.б. толықтыруға мүмкіндік береді.



2.  ШЖМ  және  ресурстық  акт  орталықтарын  және  кең  жолақты  Интернетке 

қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері. 

Ауыл  мектептері,  ШЖМ  және  ресурстық  орталық  сияқты  білім  беру  ұйымының 

типі,  білім  беру  мекемелерінің  күрделілігін  және  шалғайлығын  еңсере  алады  және  жаңа 

90

  Ерина А. Малокомплектная школа: проблемы и пути решения // Режим доступа: http://apgazeta.kz/2013/10/26/



malokomplektnaya-shkola-problemy-i-puti-resheniya//


41

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау

ақпараттық  технологиялар  мен  кең  жолақты  интернетке  қолжетімділіктің  арқасында 

қажетті  құзыреттерді  қалыптастыра  алады.  Алайда,  карантиндік  шектеулер  мен 

ағымдағы  оқу  жылының  төртінші  тоқсанында  бүкіл  мектеп  жүйесінің  қашықтықтан 

оқыту  технологияларына,  компьютерлік  жабдықтарға,  Интернетке  мәжбүрлі  ауысуы 

уақыт  талаптарына  сәйкес  келмейтіндігін  көрсетті.  Егер  ірі  елді  мекендерде  немесе  аудан 

орталықтарында  орналасқан  ресурстық  орталықтар  ақпараттық-коммуникациялық 

құралдармен  аз  қамтамасыз  етілсе,  шалғайдағы  ШЖМ-де  өркениеттің  мұндай  игіліктері 

мүлде  жоқ.  Сондықтан  сессияаралық  кезеңде  тірек  және  магниттік  мектептер  арасындағы 

байланыс әлсірейді, онлайн-сессиялар мен кездесулер өткізуге мүмкіндік болмайды.



3. Ресурстық орталықтар базасында «жетекші мектептер» құру. 

Қазақстанның  барлық  мектептерінде  НЗМ-нің  озық  тәжірибелері  тарала  бастаған 

кезеңде  «жетекші  мектептер»  құрыла  бастады.  «Жетекші  мектептердің»  құрылу  қарқыны 

әсіресе 2019 жылы өсті. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы мектеп (немесе 

жетекші мектеп) – орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша істі ұйымдастырушы ретінде 

қызмет ететін, ұжымы кәсіби қоғамдастықтарды құру кезінде көшбасшылық функцияларды 

орындайтын өңірдегі мектеп. Жетекші мектептің негізгі функциялары әдістемелік қызметтің 

жұмысын  ұйымдастыру,  жетекші  мектептің  аймақтың  әдістемелік  қызметтерімен, 

Педагогикалық  шеберлік  орталықтарымен,  «Өрлеу»  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру институттарымен ынтымақтастық тетігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен 

қатар,  «жетекші  мектептің»  кәсіби  қоғамдастығы  әдістемелік  тақырып  бойынша  зерттеу 

жұмыстарын,  серіктес  мектептердің  мұғалімдері  үшін  педагогикалық  тәжірибені  тарату 

бойынша кеңестер мен іс-шараларды өткізуі қажет. Мұның бәрі диагностика мен есеп беру 

шараларын тең ұйымдастырумен бірге жүреді. 

Жетекші  мектептер  тірек  мектептер-ресурстық  орталықтар  негізінде  құрылды. 

Тиісінше,  жүктеме  артып,  функциялардың  өзгеруі  орын  алды.  Қызметті  ұйымдастыру 

принципі  бірдей,  «жетекші  мектеп  –  серіктестік  мектептер»  схемасына  сәйкес  «түйін 

тәрізді», бірақ басқа басқару орталығы және жұмыс мазмұны бар. Егер тірек мектептердің 

қызметін  Ы. Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  жанындағы  ШЖМ  дамыту 

орталығы үйлестірсе, ал жетекші мектептердің жұмысын – НЗМ-нің тәжірибені тарату және 

корпоративтік  басқаруды  коммерцияландыру  департаменті  үйлестіреді.  Сонымен  қатар, 

олардың  арасында  жалпы  ынтымақтастық  немесе  функционалдық  міндеттердің  ара-жігі 

жоқ. Осылайша, бұл мектептерде ақы төленбейтін жүктеме бірнеше есе өсті.

Қорытындылай  келе,  отандық  орта  білім  беру  жүйесінде  тірек  мектеп  –  ресурстық 

орталықтар  желісін  құру  және  оның  жұмыс  істеуі  ШЖМ-де  білім  беру  сапасын  арттыру, 

тиісінше  ауылдық  және  қалалық  мектептер  арасындағы  теңсіздікті  қысқарту  бойынша 

ірі  шара  болып  табылатынын  атап  өту  қажет.  Бір-біріне  әдістемелік  қолдау  көрсететін 

кәсіби  педагогикалық  қоғамдастықтарды  құру  бөлігінде  ҚР  БҒДМБ  ережелерін  іске  асыру, 

2011  жылы  Қарағанды  облысындағы  тірек  мектептерінің  жұмыс  істеу  тәжірибесін  негізге 

ала  отырып,  ресурстық  орталықтар  желісін  құрудан  басталды.  Бүгінгі  таңда  мұндай 

орталықтардың тұрақты өсуі байқалады. Дегенмен, ресурстық орталықтар санының сандық 

ұлғаюымен  бірге  сапалы  көрсеткіштерінде  белгілі-бір  қиындықтар  байқалады.  Ресурстық 

орталықтар өздеріне бекітілген магниттік мектептерде ауыл мұғалімдеріне әдістемелік көмек 

көрсетуді  қамтамасыз  ету  бойынша  өздеріне  жүктелген  функционалдық  міндеттерді  толық 

көлемде  орындамайды.  Бұл  аз  қаржыландыру,  магниттік  және  тірек  мектептерде  АКТ-ның 

болмауы  және  кең  жолақты  интернетке  қол  жетімділік,  сондай-ақ  ресурстық  орталықтар 




42



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет