«Қазақстан-2050» Стратегиясында орта білім беру саласына қойылған міндеттер:
«...орта білім беруде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік
мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек... оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік
ізденіс және ақпаратты терең талдау дағдыларын игеруі оқытудың нәтижесі болуы
тиіс»
91
.
2015 жылғы тамыз конференциясы ҚР БҒМ еліміздің педагогикалық қоғамдастығына
2020 жылға қарай білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары негізінде 12 жылдық
мектеп біліміне көшудің жалпы шеңбері мен кестесін ұсынды. Ауысу кестесі: 2015–2016
оқу жылында еліміздің 30 пилоттық мектебінде бастауыш білім берудің жаңа мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартын эксперименттік апробациялау процесін іске қосуды
92
кейіннен
оны елдің барлық мектептерінде енгізуді көздеді.
2016 жылы мұғалімдерді даярлау үшін біліктілікті арттыру курстары іске қосылды.
Өткен оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша 73% оқушы білім алды (2016-
2017 жж. – 1-ші сыныптар, 2017–2018 жж. – 2, 5, 7-ші сыныптар, 2018–2019 жж. – 3, 6, 8,
10-шы сыныптар). Барлық сыныптардың жаңартылған мазмұнға көшуі 2020–2021 оқу
жылында аяқталады. Жаңа оқу бағдарламалары сыни ойлауды қалыптастыруға, АКТ-ны
пайдалануға, оқушылардың ойлау дербестігі және танымдық белсенділігіне бағытталған.
Оқытудың жаңартылған мазмұны табысты әлеуметтену үшін қажетті функционалдық
сауаттылықтың негізіне алынған қызметтік, құзыреттілік, қалыптастырушы компетенциялар
сияқты тәсілдерге негізделеді. Спиральдылық принципі пәнаралық интеграцияны жүзеге
асыруға мүмкіндік береді, бұл оқушының дүниетанымын қалыптастыратын экономикалық,
саяси және ақпараттық интеграцияға мүмкіндік береді
93
.
Мәлімделген даму векторы және білім беру сапасын жаңаша түсіну (тар пәндік
білім беруден негізгі құзыреттердің кең жиынтығын қалыптастыруға дейін) артық сұрақтар
туғызбайды. Бастысы алғашқы қадам жасалды. Жаңа 2020–2021 оқу жылы мүлдем
жаңа білім беру жағдайларында басталды: еліміздің барлық мектептері мен сыныптары
жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады. Орта білім беру жүйесі оқытудың
жаңартылған мазмұнын енгізу кезеңінен өтті. Осыған байланысты, қазір алдын-ала
91
2014 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауы.
92
Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 327 О внесении изменений и
дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080 «Об утверждении
государственных общеобязательных стандартов образования соответствующих уровней образования».
93
Альмагамбетова Л. С., Кабдирова А. А. Мониторинг трудностей педагогов в понимании содержания, методов и
форм организации учебного процесса в условиях обновления содержания образования Республики Казахстан //
Образовательный процесс. – 2017. – № 2. – С. 12–17; Шаг к конкурентоспособной нации // https://www.kazpravda.kz/
articles/view/shagi-k-konkurentosposobnoi-natsii/?print=yes
43
Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы
2-тарау
қорытындылар жасап, келесі сұрақтарға жауап беруге болады: білім беру парадигмасын
ауыстыру процессі қалай өтті, ауысудың қарқыны мен шарттары қаншалықты кезең-
кезеңмен өтті және ыңғайлы болды? Жаңа оқу бағдарламасына көшу кезінде мұғалімдер
қандай қиындықтарға тап болды? Оқушылар мен олардың ата-аналары орта мектептегі
өзгерістерді қалай қабылдады?
Осы және басқа да сұрақтарға жауап беру үшін, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз
айларында біз ШЖМ өкілдерімен жан-жақты қамтылған сұхбаттар сериясын өткіздік.
Ақпарат берушілердің бізбен бөліскен ойларын келтірейік:
«Ең бастысы, балалардың дамуына, олардың ойлау қабілеттеріне көбірек көңіл
бөлу керек, ал менің таңдауым – оларды дамыту құралы. Сондықтан білім берудің
жаңартылған мазмұнының идеясы баланың дамуы үшін, осы әлемді бағдарлай білуі үшін,
өмірде және жұмыста қажет болатын білімді алуы үшін қажет».
«Мен төртінші жыл білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 2016 жылдан
бері жұмыс істеп келемін. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Балалар топта жұмыс істегенді,
бір-бірімен бөліскенді, кластерлер мен презентациялар жасағанды ұнатады». «Олар
сабақтарда өздерін еркін сезінеді, сөйлеуді, ойлауды, өз бетінше білім алуды үйренеді».
«Балалар өз көзқарастарын, формативті бағалау жүйесінде қорғай алады, өздерін және
басқаларды бағалай алады, өз бағаларын қорғай алады».
Көптеген мұғалімдер мектептегі реформаларды оңды қабылдайды және
оқушылармен жұмыс жасауда нәтижелі өзгерістер туралы айтады. Алайда мұғалімдер үшін
бүкіл оқу жүйесін жаңа жолмен қайта құру үлкен сынақ болды.
«Біздің мектепте жаңартылған білім беруді енгізе бастағанда, менің өзімді қатты
өзгертуіме тура келді. Менің ол кезде 30 жылдық жұмыс өтілім болды. Сондықтан маған
қиын болды, қазір бәріне үйреніп кеттім». «Жаңа нәрсе әрқашан қиын қабылданады... жас
мұғалімдерге, тәжірибесі бар мұғалімдерге қарағанда өзгерістерді қабылдау оңайырақ».
Дегенмен, бұл туралы қарама-қарсы пікірлер бар: «жас мұғалімге екі есе қиын. Себебі
олар ескі бағдарламаны оқып, студенттік өмірден енді ғана ұстаздыққа аяқ басты.
Сонымен қатар, алғашқы 2-3 жылда жас мамандар пәндік құзіреттіліктерді дамытып,
ақпараттық қорын толықтыруы керек, содан кейін ғана әдістемелік бөлімге дендей
алады. Тәжірибелі мұғалімдерге қарағанда жастар инновацияларға жақын. Дегенмен,
тәжірибе үлкен рөл атқарады».
Жас ерекшеліктеріне немесе еңбек өтіліне байланысты пікірлер қаншалықты әр
түрлі болса да, барлық мұғалімдерге білім берудің жаңа тұжырымдамасын қабылдау және
енгізу қиын, өйткені сіз өз сабақтарыңыздың формасы мен мазмұны бойынша көп жұмыс
жасауыңыз керек. 2018 жылы ҚР БҒМ мұғалімдерге жаңартылған мазмұн бағдарламасы
бойынша жұмыс істеу қиын екенін мойындады
94
. Олардың қызметін жеңілдету үшін
мұғалімдерге арнайы жүйелік-әдістемелік кешендер дайындалды. Алайда, аталған
кешендер білім беруді жаңарту бағдарламасында, олар үшін «жол сілтеме» бола алмады.
Мұғалімдер «жаңаруға» наразы, оларға қысқа мерзімде түбегейлі қайта құрудан
өту қиын. «Жағымсыз жақтары – қағазбастылық көп, толассыз басып шығару керек,
көп уақыт дайындалуға кетеді...», «бір жерде бағдарламалар мен оқулықтардың сәйкес
94
Малакшинова А. В МОН признали, что учителям сложно работать по программе обновленного содержания // https://
informburo.kz/novosti/v-mon-priznali-chto-uchitelyam-slozhno-rabotat-po-programme-obnovlyonnogo-soderzhaniya-.html
|