Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін
қамтамасыз ету үшін елімізде көптеген ақпараттық ресурстар пайда болды.
2011 жылдан бастап E-learning электрондық білім беру бағдарламасын құру бойынша
жұмыс басталды. Бағдарлама күрделі инфрақұрылымға ие болды, осы ауқымды жобаның
құрамдас бөліктері білім беру ұйымын басқару (Электрондық құжат айналымы), оқытуды
басқару (электрондық журнал), электрондық кітапхана, тестілеу жүйесі, ұлттық білім берудің
деректер базасы, вебинарлар, сыныпты басқару жүйесі, оқу материалдарын әзірлеу,
әкімшілендіру жүйесі және т.б. болды. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін 1159 білім беру
объектілерінде, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында E-learning
енгізу жүзеге асырылды. 2020 жылға дейін орта білім беру ұйымдарының 90%-ында
электрондық оқытуды пайдалану жоспарланды
101
.
Алайда, қазіргі уақытта білім беру мекемелері тарапынан бағдарламаға деген
қызығушылықтың азаюын, ал компоненттердің басқа электрондық ресурстар арасында
қайта бөлінуі сынды кері көріністі байқауға болады. 2017 жылы Бағдарламаны іске асыру
көптеген талаптарды бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды. Мемлекеттік аудит жалпы
сомасы 43 млрд теңгеден асатын қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Айта кету керек,
егер ауыл мектептерінде сапалы интернетке қолжетімділік болмаса, онда E-learning
пайдалану мүмкін болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |