«Цифрлық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасының
жобасын әзірлеу үшін алғышарттар жасады, оның басты мақсаты цифрлық экожүйені
прогрессивті дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын және Қазақстан экономикасының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңге
бөлінген.
Бірінші кезеңде (2020 жылға дейін) талшықты-оптикалық байланыс желілері 1 700
перспективалы ауылдық елді мекенде жүргізілуі тиіс еді, яғни 2 млн-нан астам халық жоғары
сапалы интернетке қол жеткізе алуы тиіс. Нәтижесінде интернетке секундына 20 Мегабитке
дейін қол жеткізу жылдамдығын қамтамасыз ету, 2 000-ға жуық мектепті қосу жоспарланған
болатын. 2020 жылдан бастап 2023–2025 жылға дейін 4 000 ауыл немесе 1,5 млн адам
қамтылмақшы
103
.
Бұл жобаны мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ (828 ауыл)
және «SilkNetCom» ЖШС мен «Транстелеком» АҚ (372 ауыл) құрамындағы Консорциум
іске асырады. Талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 20 мың км-ден
асады
104
.
Осы жобамен қамтылатын ауылдық елді мекендердің тізімі төмендегі критерийлерге
сүйене отырып қалыптастырылды: ауылдық елді мекендердің аудан орталықтары мен
қалалардан шалғайлығы, мемлекеттік, білім беру және медициналық ұйымдардың болуы,
сондай-ақ тұрғылықты халықтың саны.
Алайда, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ШЖМ-ның тек 40%-ын ғана қамтиды.
Осы жылдары «орта білім беруді жаңғырту» жобасы іске асырылатын болады. Оны
жүзеге асыру үшін Үкімет халықаралық банктен 67 миллион доллар алды. 2023 жылға дейін
бұл қаражаттың 58%-ы 5400 ауылдық және осал мектептерді мультимедиялық жабдықпен
103
Как сёла Казахстана будут подключать к высокоскоростному интернету, рассказал Абаев // https://informburo.kz/novosti/
kak-syola-kazahstana-budut-podklyuchat-k-vysokoskorostnomu-internetu-rasskazal-abaev.html
104
Широкополосный доступ к интернету в сёлах Казахстана // https://dknews.kz/telekommunikacii/sirokopolosnyi-dostup-k-
internetu-v-selah-kazahstana.html
|