Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет103/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

 Ашық механикалық зақымдану 
 
 
Жара  –  ҧлпалардың  сыртқы  қабатының  (терінің,  шырышты,  кілегей 
қабықшалардың) тҧтастығы механикалық жолдармен зақымдалуы. Жарадан сырып 
кеткенді (эпидермистің ошақтық зақымдануы) және тырнап кеткенді (эпидермистің 
бір бағыттағы зақымдануы) ажырата білу керек. 
 
Жаралар  зақымдану  бағытына  байланысты  кесілген,  шаншылған,  шабылған, 
тістелген,  жҧлынған,  атылған  және  аралас  тҥрдегілер  болып  бӛлінеді.  Бҧлардан 
басқа  тесіп  ӛткен,  кӛзсіз  және  анатомиялық  қуысқа  қадалған  тҥрлері  болулары 
мҥмкін. 
 
Операциялық жараларды қоспағанда, іріңді ошақты тесіп жарумен байланысты 
емес барлық жаралар залалданады. Сонымен қатар оларға бӛгде заттардың да тҥсуі 
мҥмкін. 
 
Жараның шеті, қабырғасы, тҥбі және ішкі қуысы болады. Әдетте жараның шеті 
мен  қабырғасы  айрылып  ажырап  кетеді,  оны  жараның  ҥңіреюі  дейді.  Жараның 
ҥңірею  оның  шеткі  қабатына,  зақымданған  жҧмсақ  ҧлпаның  қозғалысына, 
тереңдігіне,  кӛлеміне  және  тҥріне  байланысты  болады.  Тігінен  зақымданған  етте, 
сіңірде,  кӛлденеңіне  қарағанда  ҥңірею  аздау  болады.  Кесілген,  шабылған  және 
жыртылған  жараларда  ҥңірею  жақсы  байқалады.  Шаншылған  жараларда  ол  әлсіз 
немесе тіптен болмайды. 
 
Қан  ағу  жараға  тән  қҧбылыс.  Қан  ағудың  сыртқа,  ішке  (ҧлпаларға,  қуысқа 
ағады),  сонымен  қатар  артериалдық,  веноздық  және  капиллярлық  тҥрлерін 
ажыратады. 
 
Артериялық  қан  ағу.  Аққан  қан  ашық-қызыл  тҥсті  болады.  Веноздық  қан  ағу 
кезінде, қан ҥздіксіз тоқталмай ағады және қоңыр-қызыл тҥсті болады. Капиллярлық 


108 
 
қан ағу кезінде қан ағып тҧрған тамыры байқалмайды да, қан жараның бетін жауып 
ағады. Бҧл қан ағу әдетте, ӛздігінен тоқтайды. 
 
Жараның  жазылу  процестері  ҥш    сатыда  ӛтеді:  1)  гидратация  (жараның 
ӛздігінен тазаруы) немесе дегенеративті  кезеңінде жара маңындағы ҧлпалар қатты, 
зақымданған ҧлпа бӛлініп тҥседі, жара жалқаяқтанады және бірте-бірте тазарады; 2) 
регенеративті  немесе  дегидратация  (жарадағы  судың  азаюы)  кезеңінде  жарадағы 
қабыну  процесі  бәсеңдейді,  жара  тазарады,  ҧлпалар  тығыздалады  және  жара  орны 
жас  ҧлпалармен  толығады;  3)  жараның  тыртықтанып  бітуі  немесе  терінің  қыртыс 
қабатының тҥзілуі. 
 
Бірінші  кезеңде  жіті  қабыну  дамиды,  қан  айналымының  бҧзылуынан  ацидоз, 
экссудация  (жалқаяқ  ҧлпаға  жиналады)  пайда  болады  және  коллоидтар  ісінеді. 
Екінші  кезеңде  қабыну  біртіндеп  бәсеңдейді,  қан  айналымы  мӛлшеріне  келеді, 
тамыр  қабырғасының  ӛткізгіштігі,  сонымен  қатар  ҧлпаның  ісінуі  (дегидратация) 
азаяды, экссудаттың бӛлінуі тоқтап, зақымданған жердің ҥстіңгі қабаты бірқалыпты 
бітеліп бекітіледі. 
 
Жараның  жазылуы  бірінші  немесе  екінші  тартылу  бойынша  қабыршақтанып 
жҥреді. Ол жануардың жалпы жағдайына, зақымдану тҥріне, залалданған ҧлпаларға, 
сонымен қатар олардың ӛліеттену дәрежесіне және т.б. байланысты. 
 
Бірінші  рет  жыртылып  жазылу  іріңдемей  ӛтеді,  жарақаттың  орнына  әлсіз 
байқалатын  тыртық    пайда  болады.  Осындай  жолмен  асептикалық  операциялық 
және  қаны  ҧқыпты  әдіспен  тоқтатылған,  ӛлі  ҧлпадан  тазарған,  қоздырмайтын 
антисептикалық  дәрілер  қолданылғанда  және  жҥргізілген  тігістен  кейін  тӛтенше  
пайда болған  жаңа жаралар  жазылып шығады.  Одан  жараның  жазылуы  қабырғасы 
мен шетін жақындатқаннан кейін бірінші сағатта басталады. 
 
Алғашқыда  жара  саңылауында  жіңішке  бірінші  болып  фибриндік  жабысу 
тҥзіледі,  оған  ауысып  жҥретін  лейкоциттер,  лимфоциттер,  фибробластер  мен 
макрофагтар кӛптеп сіңеді. Осының нәтижесінде жарада протелиоз және фагоцитоз 
туындайды.  Сонымен  бірге  жараның  қабырғасының  арасында  капиллярлар  тҥзіле 
бастайды.  Оның ҧштары  фибриндік  жабысуға  енеді  және эндотелиялдық ӛсінділер 
арқылы  ӛзара  бекітіледі.  4-5  кҥннен  соң  жараның  қабырғаларын  қосатын 
тамырлардың  жалпылай  тарамысы  пайда  болады.  Содан  кейін  капиллярлардың 
маңайында фибробластарға ӛте бай дәнекерлік ҧлпа тҥзіледі. 7-10 кҥнде ол тӛзімді 
талшықты дәнекер ҧлпаға айналады, осы кезде ғана тігілген тігісті алып тастайды, 
бҧрынғы  жараның  аймағында  қызғылт  тыртық  қалады.  Ары  қарай  ол  бозарады, 
тартылады және байқалмайды немесе жоқ болып кетуі мҥмкін болады. 
 
Екінші тартылу кезінде іріңдеу қатар жҥреді, ол мына жағдайларда: егер жара 
ҥңірейсе,  шеті,  қалтасы  біртегіс  болмаса,  залалданған  болса  және  кӛптеген 
тіршіліксіз ҧлпалар пайда болған кезде болады. Сәтті жазылу кезінде 3-4 кҥн ішінде 
ӛлі  торшалардың  босаған  орындарында  капиллярлар  пайда  бола  бастайды.  Жара 
қабырғасы  ашылып  кеткендіктен  олар  ӛзара  қосылмайды,  ал  майысып  тамыр 
тҥйінін  қҧрайды,  маңайында  шоғырланған  лейкоциттермен,  полибластрмен, 
макрофагтар және фибробластрмен бірге бӛлекше гранулалар тҥзейді. 
 
Грануляциялы  жазылу  кезінде  жараның  тҥбінен  бӛлекше  гранулалар  тҥзіледі.
 
Грануляциялы  жазылу  процесі  жараның  тҥбінен  және  қабырғасы  жағынан 
шетіне дейін жетеді. 


109 
 
 
Тереңдікте  жатқан  гранулалар  ескіріп  қаннан  босайды  және  алғашқыда 
талшықты  дәнекер  ҧлпаға  айналады,  ал  сосын  тыртық  пайда  болады.  Соңғысы 
кӛлемі  жағынан  кішірейіп,  жараның  қабырғасы  мен  шеті  тартылады.  Гранулдеу 
және  жетілу  аяқталғаннан  соң,  гранулдің жоғарғы қабаты сау  тері  жағынан бастап 
жетіледі  (эпителизацияланады).  Жара  3-4  апта  аралығында  толық  жазылады.  Бірақ 
эпителии  қабығында  шаш  тармақтары,  май  және  тері  бездері  тҥзілмейді,  ал  тері 
ҥстінде тыртықтың пайда болуы мҥмкін. 
 
Жараның қабыршақтанып  жазылуы  ірі қараларға және  шошқаларға  тән  болып 
келеді. Бҧл жануарларда жазылу процесі кезінде 2-3 тәулікте жара фибринге толып 
кебеді  және  соңынан  қабыршаққа  айналады.  Оның  қҧрамына  қанның  қалыпты 
элементтері  мен  жансызданған  ҧлпа  кіреді.  Қабыршық  сыртқы  қоздырғыштардан 
қорғайтын  биологиялық  байланыс  қызметін  атқарады.  Алдағы  уақытта  оның 
жазылуы іріңсіз қабыршақтану немесе жартылай және толық іріңдеу тҥрінде ӛтеді. 
Іріңдеген жара (бӛлігі) екінші тартылу бойынша жазылады немесе екінші қабықша 
тҥзілуден бҧрын жҥреді. Жылқыларда ҥстіңгі қабат жаралары қабыршақтанып және 
жырып, тырнап (серозды қабынудың тҥрі) кеткендер ғана жазылуы мҥмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет