110
немесе 3 % сутегі тотығы ерітіндісімен жуады, қалтасын қиып және ӛлі ҧлпаларды
алып тастайды. Сосын жараны таңады немесе жара процесінің ерекшеліктеріне
байланысты және аурудың тҥріне қарай ашық әдіспен емдейді.
Жараны бірінші сатылы жазылу кезінде әлсін-әлсін жоғарыда кӛрсетілген
ерітінділермен жуады және керекті жағдайда оған 10 % натрий хлорид ерітіндісі
сіңген сорғыш байлайды. Сонымен қатар сепсистен сақтандыру ҥшін бҧлшық етке
антибиотик жібереді. Жараның ҧлпалары жетіле бастаған кезден бастап (екінші
сатысы - дегидратация) жараны экссудаттан антисептикалық ерітінділер қолдана
отырып тазалайды, бҧдан кейін жаңа ҧлпаның пайда болуына әсерін тигізетін,
қҧрамында майы бар (стрептоцид линименті, Вишневский майы) линименттерді
кӛбірек жағады және бҧлар жараны қайта зақымданудан сақтандырады. Жаңадан
жетіліп келе жатқан ҧлпаның ақауын толықтырғаннан соң, кептіретін
антисептикалық ҧнтақ қолданады.
Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:
4.Жарақаттардың пайда болу себептері.
5.Жарақаттардың клиникасы.
6.Жарақаттардың емі.
7.Ашық механикалық зақымдану.
8.Жарақаттық қан ағудың тҥрлері.
9. Жараланған жануарларды емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: