Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет83/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.Жалпы жануарлармен жҧмыс жасау ережесі қандай? 
2. Мысықпен қалай жҧмыс жасайды және оларды қалай бекітеді? 
3. Итпен қалай жҧмыс жасайды және оларды қалай бекітеді? 
4. Бағалы терілі аңдармен қалай жҧмыс жасайды және оларды қалай бекітеді? 
5. Ірі жануарлармен қалай жҧмыс жасайды және оларды қалай бекітеді? 
 
Ӛзіндік жұмыс үшін тапсырма: 
«Ҥй және жабайы жануарлармен жҧмыс жасау ережесімен» таныс. 
Әр тҥрлі ҥй және жабайы жануардың мінез-қҧлқын зертте.  
 
 
Тәжірибелік сабақ №7 
 
Сабақтың тақырыбы: Жануарларды емдеудің әдістемелік негізі,. Емдік заттардың 
тҥрлері 
 
Сабақтың  мақсаты:  Асептика  және  антисептикалық  дәрілер  тҥрлері.  
Антибиотиктер және олардың ерекшеліктері, әсерлерін менгеру және қолдану  
 
   
 
Асептика және антисептика туралы түсінік және қолдану бағыттары 
Патологиялық  қҧбылыстарға  механикалық  әсер  етудің  ерекше  әдістерін  қолданып, 
ауруларды емдеудің жолын хирургиялық әдіс дейді. 
 
Механикалық  әсер  ету  арқылы  ретімен  жҥргізілетін  кешенді  хирур-гиялық 
операция деп атайды. 
 
Хирургия екі тҥсінікпен тығыз байланысты. 
 
1. Антисептика – жараны зарарсыздандырудың тәсілі, оның 4 тҥрін ажыратады: 
 
а) механикалық – алғашқы 1-3 тәулік ішінде жаңа жараны бірінші хирургиялық 
ӛңдеу (кесіп тастау); 


94 
 
 
б)  физикалық  –  жараны  ауамен  кептіру,  резиналық  тҥтікше  немесе  дәкеден 
кішкентай кесінділер – дренаждар (тҥтікшелер) қолдана отырып, дәкемен таңу; 
 
в)  химиялық  –  операция  алаңын,  хирург  қолының  терісін,  тігу  материалын 
химиялық заттармен зарарсыздандыру; 
 
г)  биологиялық  –  антибиотиктер,  вакциналар,  спецификалық қан  сарысуларын 
қолдану. 
 
2.  Асептика  –  жараға  жақындасатын  барлық  заттарды  физикалық  жолдармен 
зарарсыздандыру арқылы жараны асқынудан сақтандыру тәсілі: олар қайнату және 
жоғары қысыммен автоклавта буландыру арқылы жҥргізіледі. 
 
Асептикалық-антисептикалық шараларды қолданудың реті: 
1)  операция  жҥргізілетін  бӛлмені  ауа  және  тамшы  арқылы  берілетін 
инфекциядан сақтандыру; 
2)  хирургтің қолын операцияға дайындау; 
3)  жануарды операцияға және операция алаңын дайындау; 
4)  қҧралдарды стерильдеу; 
5)  таңуға арналған және тігу материалын, қолғапты стерильдеу; 
6)  жараны іріңдеуден сақтандыру (антибиотиктер қолдану). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет