Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»


Антисептикалық дәрілер түрлері



Pdf көрінісі
бет84/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   171
Байланысты:
umkd 2218 veterinariyadag adistemelik 2021-2022 (1) (1)

 
Антисептикалық дәрілер түрлері 
 
Ветеринариялық  практика  жҥзінде,  дәрілік  заттар  химиялық  табиғатына, 
әсерлігіне  және  практикалық  қолдануына  байланысты  мына  топтарға  бӛлінеді: 
дезинфекциялық  және  паразиттерге  қарсы,  тітіркендіргіш,  жҧмсарт-қыш,  ас 
қорытуды жақсартатын, іш жҥргізгіш, қақырық тҥсіретін, жҥрекке арналған, жалпы 
сергітетін, ҧйқы келтіретін, есеңгіреткіш, жансыздандыратын және т.б. 
 
Микробтарға 
және 
паразиттерге 
қарсы 
дәрі-дәрмектер.Ауру 
қоздырушыларының  табиғатына  байланысты,  микробқа  және  паразитке  қарсы 
дәрілік  заттар  болып  бӛлінеді.  Паразиттерге  қарсы    қолданатын  препараттарды 
антигельминттер  (гельминттерге  қарсы),  аккарацидтер  (кенелерді  жояды), 
инсектицидтер (жәндіктерді жояды), химиотерапиялық (қарапайымдыларды жояды) 
деп бӛледі. 
 
Микробтарға  қарсы  қолданатын  дәрілік  заттар  бактериолитикалық  (ӛлтіреді 
немесе микробтарды ерітеді), бактериостатикалық (әлсіретеді немесе микробтардың 
ӛсуін тежейді) болып бӛлінеді. 
 
Организмнің  ішінде  микроорганизмдерді  сол  орнында  жоюға  арналған  дәрі-
дәрмектерді химиотерапиялық деп атайды, олардың белсенділігі жоғары, улы әсері 
тӛмен болып келеді.  
 
Мҥшенің  сыртқы  бетіндегі  микроорганизмдерді  жергілікті  орнында  жоюға 
арналған  дәрі-дәрмектерді  антисептикалық  деп  атайды.  Олар  малдың  организміне 
тҥскенде улы, бірақ жергілікті қолданған кезде әлсіз қоздырғыштық әсер кӛрсетеді. 
 
Сыртқы  ортадағы  микроорганизмдерді  жоюға  арналған  дәрі-дәрмектерді 
дезинфекциялық  деп  атайды.  Бҧл  дәрі-дәрмектер  мал  шаруашылық  қораларын, 
топырақты, су кӛздерін, нәжістерді, қҧрал-саймандарды, малды кҥтуге пайдаланған 
қҧралдарды зарарсыздандыруға пайдаланылады.  
 
Микробтарға  қарсы  қолданылатын  заттардың  әсер  ету  механизмі,  олардың 
химиялық табиғатына байланысты болады. 


95 
 
 
Формальдегид  тобының  препараттары  (формальдегид,  формалин,  лизоформ 
және  т.б.)  ылғалды ортада  және 10
0
С  жоғарғы  қызуда  микробтарға  қарсы  жоғарғы 
әсерлілік  кӛрсетеді.  Әсер  ету  механізмі  -  ақзаттық  қосындылардан  оттегіні 
ажыратып  алады  және  ақзатты  ҧйытады.  Микроорганизмдердің  вегетативті  және 
споралы  тҥрлеріне,  саңырауқҧлақтар  мен  вирустарға  қарсы  қолданған  тиімділік 
кӛрсетеді. Олардың сулы ерітінділермен және аэрозольдермен қораларды, киімдерді 
параформалинді камераларда дезинфекциялайды. 
 
Фенол тобының препараттары (фенол немесе карбол қышқылы, крезол, лизол, 
креолин,  қарамай)  майда  жақсы  ериді,  хитинді  қабат  және  микробтардың  майлы 
липидті  қабықшасы  арқылы  тез  ӛтеді,  сіңу,  бӛлу  процестерін  бҧзады,  белоктарды 
ҧйытады, фермент жҥйесін тежейді.  Микробтарға қарсы  әсерін  кӛтеру  ҥшін  кҥкірт 
қышқылымен  қосынды  тҥрінде  дайындайды:  қышқыл-карбол  қосындысы  -  кҥкірт 
қышқылының  1  бӛлігін  фенолдың  3  бӛлігіне  қосады,  осы  қосындының  5-10  % 
ерітінділері  топалаң  және    басқа  да  спора  тҥзетін  ауруларда  қолданылады.  Фенол 
препараттарының барлығында жағымсыз иіс болады.  
 
Хлор препараттары (гипохлорлы қаныққан хлорлы әк, хлорлы Б), қҧрамындағы 
белсенді  хлор,  қышқылды  ортада  сумен  араласады  да,  белсенді  оттегіні  бӛле 
отырып, хлорлы сутекті қышқыл тҥзеді. Бӛлінген зат бактерицидтік қҧрамды. Спора 
тҥзетін  ауруларда  қолданған  тиімділік  кӛрсетеді.  Сырланған  заттарды,  теріден, 
матадан, металлдан жасалған заттарды кҥйдіріп ойып жібереді. 
 
Хлорлы  сутекті  (тҧзды)  қышқыл,  кҥкірт  және  сірке    қышқылдары  кӛбінесе 
дезинфекция  ҥшін  басқа  заттармен  қосынды  тҥрінде  қолданылады.  1-2  %  тҧзды 
қышқылы  10  %-хлорид  натрий  ерітіндісімен  пикеля  қҧрамына  кіреді,  олармен 
топалаңмен  ауырған  жануарлар  терісін  ӛңдейді.  Қосынды-лардың  бактерицидтік 
әсері сутегі иондарымен байланысты болады. Қышқылдар  торшалардан суды бӛліп 
алады, сілтіні байтараптайды, ақ затты ҧйытады. 
 
Сілтілер  (натрий  гидрототығы  (кҥйдіргіш  натрий),  калий  гидрототығы 
(кҥйдіргіш калий), кальций гидрототығы (сӛндірілген әк), карбонатты натрий, калий 
карбонаты,  натрий  гидрокарбонаты,  натрий  тетрабораты  (бура),  магний  окисі 
(кҥйдірілген  магнезия)  дезинфекциялау  және  емдеу  ҥшін  кеңінен  қолданылады. 
Сілтілердің  гидроксильді  тобы  майларды  сабындандырып,  қабатын  ойып  жеу 
арқылы микробтарға әсер етеді. 
 
Оттегі  бӛлетін  заттар  (сутегі  асқын  тотығы,  калий  перманганаты)  белсенді 
атомарлық  оттегісімен  микробтарға  әсер  етіп,  бактерицидті,  бактериостатикалық, 
ашуға  қарсы,  шіруге  қарсы    әсер  кӛрсетеді.  Оларды  жараларды,  ойық  жараларды, 
кҥйікті  емдеуге  қолданады.  Фосфор,  морфиимен  улану  кезінде  уды  қайтару  ҥшін 
ішеді; сыртқа – жылан, улы жәндіктер шаққан жағдайда жағады. 
 
Тотықтырғыштар.  Тәжірибе  жҥзінде  хлор  (хлорлы  су),  йод  (спирт 
ерітіндісіндегі) препараттары қолданылады. Йод препарттары қабыну қҧбылысының 
тартылуын тездетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет