100
қышқылының 1 бӛлігін фенолдың 3 бӛлігіне қосады, осы қосындының 5-10 %
ерітінділері топалаң және басқа да спора тҥзетін ауруларда қолданылады. Фенол
препараттарының барлығында жағымсыз иіс болады.
Хлор препараттары (гипохлорлы қаныққан хлорлы әк, хлорлы Б), қҧрамындағы
белсенді хлор, қышқылды ортада сумен араласады да, белсенді оттегіні бӛле
отырып, хлорлы сутекті қышқыл тҥзеді. Бӛлінген зат бактерицидтік қҧрамды. Спора
тҥзетін ауруларда қолданған тиімділік кӛрсетеді. Сырланған заттарды, теріден,
матадан, металлдан жасалған заттарды кҥйдіріп ойып жібереді.
Хлорлы сутекті (тҧзды) қышқыл, кҥкірт және сірке қышқылдары кӛбінесе
дезинфекция ҥшін басқа заттармен қосынды тҥрінде қолданылады. 1-2 % тҧзды
қышқылы 10 %-хлорид натрий ерітіндісімен пикеля қҧрамына кіреді, олармен
топалаңмен ауырған жануарлар терісін ӛңдейді. Қосынды-лардың бактерицидтік
әсері сутегі иондарымен байланысты болады. Қышқылдар торшалардан суды бӛліп
алады, сілтіні байтараптайды, ақ затты ҧйытады.
Сілтілер (натрий гидрототығы (кҥйдіргіш натрий), калий гидрототығы
(кҥйдіргіш калий), кальций гидрототығы (сӛндірілген әк), карбонатты натрий, калий
карбонаты, натрий гидрокарбонаты, натрий тетрабораты (бура), магний окисі
(кҥйдірілген магнезия) дезинфекциялау және емдеу ҥшін кеңінен қолданылады.
Сілтілердің гидроксильді тобы майларды сабындандырып, қабатын ойып жеу
арқылы микробтарға әсер етеді.
Оттегі бӛлетін заттар (сутегі асқын тотығы, калий перманганаты) белсенді
атомарлық оттегісімен микробтарға әсер етіп, бактерицидті, бактериостатикалық,
ашуға қарсы, шіруге қарсы әсер кӛрсетеді. Оларды жараларды, ойық жараларды,
кҥйікті емдеуге қолданады. Фосфор, морфиимен улану кезінде уды қайтару ҥшін
ішеді; сыртқа – жылан, улы жәндіктер шаққан жағдайда жағады.
Тотықтырғыштар. Тәжірибе жҥзінде хлор (хлорлы су), йод (спирт
ерітіндісіндегі) препараттары қолданылады. Йод препарттары қабыну қҧбылысының
тартылуын тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: