Ә – мәтіні Табиғат-тал бесігің Кім болса да өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі, оның табиғат
таңғажайыптары, ерекше таулары мен орман-тоғайларымен мақтанатыны рас. Ол
– жазылмаған заңдылық. Өйткені жер бетіндегі ең сұлу, ең әдемі жер – кез келген
адам үшін туған жері. Сол туған жерінің табиғат байлығы. Табиғаттың сыйға
тартқан байлығын, тау-тасын, өзен-көлін ата-бабаларымыз қорғаштап, күтіп-
баптап жүріп бізге жеткізді. Біз өз кезегінде ұрпағымызға бүлінбеген қалпында
аманаттауымыз керек. Табиғатты аялайық, оны қорғайық деп дабыраны көп
жасағанымызбен, шынайы іске келгенде тоқырайтын да сәттер болатындығы
бүгінгі күннің шындығы.