Ә – мәтіні (мақаладан үзінді) Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене
танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тыныс-
тіршілігін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен-орнын, пайдасы мен
зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен үндес» екендігін аңғарып,
олардың аталығын, аналығын және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына
ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған немесе
«кесірі тиеді», «киесі ұрады» деп есептеген. Мысалы, жыланды «қыбыр»,
«ұзынқұрт» деп, ал қасқырды «ит-құс», «бөрі», «ұлыма» деп атаған.
Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар балалаған кезде,
құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды
ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен
қамқорлық пен табиғатқа деген жанашырлықты көрсетеді.
(Рысбай Сәтімбекұлы) Тапсырма Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғат – адамзатқа
аманат» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы
қажет. [20]